Ауа температурасын өлшейтін құралды ата

Пәні: География (6-сынып)

Сабақ тақырыбы

Атмосфералық қысым

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиялары, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

Оқулық, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаз, кесте, карта

Пәнаралық байланыс

Тарих, математика, қазақ тілі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға атмосфералық қысым туралы мәлімет беру арқылы білімін тереңдету және біліктілігін арттыру.

Дамытушылық

Ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту; өз бетінше ізденіс пен шығармашылық жұмысқа дағдыландыру.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, сауаттылыққа, мәдениеттілікке, табиғатты және Отанды сүюге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Сыныпты үш топқа бөлу: «Ауа», «Күн», «Атмосфера».
  • Психологиялық дайындық.

II. Үй тапсырмасын тексеру

§26 «Ауа температурасы» тақырыбы бойынша сұрақ-жауап:

1) Ауа деген не?

2) Ауа температурасын өлшейтін құрал қалай аталады?

3) Амплитуда деген не?

III. Жаңа сабақ

Негізгі ұғым

Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы атмосфералық қысым немесе ауа қысымы деп аталады.

Биіктік пен адам ағзасы

Ауа қысымы биіктік артқан сайын төмендейді, бұл адам ағзасына айтарлықтай әсер етеді. 3000 м биіктікте биіктік ауруының белгілері байқалуы мүмкін: адам тез шаршайды, басы айналады, жүрегі айниды. 4000 м биіктікте қан тамырлары жарылып, мұрыннан қан кетуі, тіпті есінен тануы ықтимал.

Мұның себебі — атмосфералық қысымның жалпы төмендеуіне байланысты ауа құрамындағы оттегінің де қысымы азаюы.

Өлшеу құралы: барометр

Атмосфералық қысым барометр деп аталатын құралмен өлшенеді (грекше baros — «салмақ», metreo — «өлшеймін»).

Барометр түрлері

  • Сынап барометрі — қысымды тұрақты жағдайда өлшеуге қолайлы, бірақ тасымалдауға ыңғайсыз.
  • Анероид барометр (грекше aneroid — «ылғалсыз») — экспедиция, топсеруен және туристік жорықтарда қолдануға қолайлы.

Топтық талқылау

Әр топ өз түсінгені бойынша жаңа тақырыптың мазмұнын баяндайды. Топтар бір-біріне сұрақ қояды:

  1. 1 Атмосфералық қысым қалай пайда болады?
  2. 2 Қысым деген не?
  3. 3 Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал қалай аталады?
  4. 4 Барометрлік қысым деген не?
  5. 5 Уақыт бойынша атмосфералық қысым неліктен өзгеріп отырады?

IV. Сабақты бекіту (тест)

1) Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы қалай аталады?

  • а) атмосфералық қысым
  • ә) ауа температурасы
  • б) сынап барометрі

2) Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал:

  • а) термометр
  • ә) барометр
  • б) сынап барометрі

3) Барометрдің неше түрі бар?

  • а) 2
  • ә) 3
  • б) 5

4) Бір дене екінші дененің бетіне әсер еткенде пайда болатын күш қалай аталады?

  • а) қысым
  • ә) атмосфералық қысым
  • б) ауа қысымы

5) Э. Торричелли атмосфералық қысымды алғаш өлшеген жылдар:

  • а) 1608–1647
  • ә) 1519–1520
  • б) 1710–1711

6) Атмосфералық қысымды алғаш өлшеген ғалым:

  • а) Х. Колумб
  • ә) Э. Торричелли
  • б) Ф. Магеллан

7) Топсеруенге, туристік жорықтарға шыққанда қай барометр қолайлы?

  • а) анероид барометр
  • ә) сынап барометрі
  • б) барометр

8) Егер жаз айларында атмосфералық қысым жоғарыласа, ауа райы қандай болады?

  • а) жылы
  • ә) суық
  • б) жауын-шашынды

9) Сынап бағанасының 760 мм биіктігіне тең қысым қалай аталады?

  • а) атмосфералық қысым
  • ә) қалыпты атмосфералық қысым
  • б) қысым

10) Атмосфера қандай қабат?

  • а) ауа қабаты
  • ә) су қабаты
  • б) тас қабаты

V. Үй тапсырмасы

§27 «Атмосфералық қысым»

Келесі сабаққа

VI. Рефлексия

Бүгін мен білдім

Атмосфералық қысымның мәнін және оны өлшеу жолдарын.

Маған қиын болды

Қысымның өзгерісін биіктікпен байланыстыру.

Мен келесіде

Сұрақтарға нақты дәлелмен жауап беруге тырысамын.

VII. Бағалау

Оқушылардың жауаптары, топтық жұмысқа қатысуы және тест нәтижелері бойынша бағаланады.