Мәндес сөз
Сабақ тақырыбы
Фариза Оңғарсынова. «Жылу» өлеңі
Бұл сабақ жоспары оқушының өлеңді түсініп оқуына, ана мейірімін сезінуге және ізгілік құндылықтарын терең ұғынуына бағытталған.
Сабақ мақсаты
- Өлеңді дұрыс әрі түсініп оқуға үйрету; тақырып пен идеяны ашуға мүмкіндік жасау.
- Оқушылардың танымдық, ізденімпаздық және шығармашылық қабілеттерін дамыту; тіл байлығын жетілдіру.
- Мейірімділікке, жақындарына сүйіспеншілікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын сұрау
- Оқушылар әңгіменің мазмұнын жатқа айтады.
- Үйден жазып келген эсселерін оқиды.
Бекіту
Ананың ақ сүті мен әкенің маңдай терін ақтау — біздің борышымыз, парызымыз. Осыған орай, Елбасы Н. Назарбаевтың жарлығымен 2010 жылдан бастап 6 баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеген аналар «Күміс алқа», ал 7 баланы тәрбиелеген аналар «Алтын алқа» медалімен марапатталып келеді.
III. Жаңа сабақ
1) Ой қозғау
Оқушыларға ішкі жылуды сезіндіретін қысқа медитациялық бағыттағы тапсырма ұсынылады.
Балалар, әрқайсысың өздерің үшін ең әсем, ең сұлу дүниелерді естеріңе түсіріңдер.
Көздеріңді жұмып, жайланып отырыңдар. Естеріңе түскен ең әсем, ең сұлу дүниелер жан дүниелеріңе күн сәулесіндей жып-жылы нұр болып енді деп елестетіңдер.
Сол жып-жылы нұр санамызды нұрландырып, ой-санаң жақсылық пен ізгілікке бағытталсын деп тілейді.
Нұр көзімізге сәулесін түсірді: көзіміз тек жақсы, әсем нәрселерді көрсе екен.
Нұр құлағымызға да сәулесін шашты: құлағымыз шындықты тыңдап, жақсы хабарды көбірек естісе екен.
Жып-жылы сәуле тілімізге қонып, жақсы әрі мейірімді сөз айтуымызды қалайды.
Сәуле екі қолымызға жетті: қолымыз адал, игі іс жасасын дейді.
Нұр екі аяғымызға да түсті: қадамымыз тек жақсы жерлерге басылсын деп тілейді.
Енді сәуле жоғары көтеріліп, мейірімді жүрегімізге келді. Сол жып-жылы нұрды жүрегімізге ұялатып, сақтайық та, әрдайым айналамызға сәулемізді шашып жүрейік.
Талқылау сұрақтары: Жылуды сезіндіңдер ме? Ол жылу қайдан келді?
Бүгінгі сабағымызда Фариза Оңғарсынованың «Жылу» өлеңімен танысамыз.
2) Шығарманы оқу
- Мұғалімнің оқуы
- Оқушылардың дауыстап, тізбек бойынша оқуы
3) Сөздік жұмысы
Түсініксіз сөздер анықталып, мағынасы түсіндіріледі.
Ұсыныс: сөздерді тақтаға жазып, синоним/антоним арқылы және сөйлем ішінде қолдану арқылы бекіту.
4) Шығарманы талдау
Сұрақ
Өлең кім туралы?
Сұрақ
Ақын ананы неге теңеген?
Сұрақ
Ақын ананы не үшін күнге ұқсатады?
Сұрақ
Ана мейірімі туралы не айтар едің?
Сұрақ
Ана сүті туралы ойың қандай?
6) Дәптермен жұмыс
«Ана» сөзіне бес жолды өлең құрастыру:
Зат есім
Ана
Сын есім
Мейірімді
Етістік
Аялайды
Сөйлем
Ана — біздің күніміз.
Мәндес сөз
Шеше
7) Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыспен орындау:
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Әжеме мен құдықтан
Су әкеліп беремін.
Еденді де жуамын,
Шаң-тозаңды қуамын.
Ойын: «Иә» немесе «Жоқ»
Абай атамыз айтқандай: «Баланың жақсысы — қызық, жаманы — күйік». «Мынадай баланы жақсы деуге бола ма?» деген сұраққа оқушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді: «Иә» десе — қол шапалақтайды, «жоқ» десе — аяқтарын топырлатады.
- 1) Қыста құстарға ұя жасаса?
- 2) Резеңке тартып құстарды атса?
- 3) Анасына әрқашан көмектессе?
- 4) Күнде қарт әжесі үшін дүкенге барса?
- 5) Ағаштың бұтақтарын сындырса?
- 6) Сабағын уақытылы оқыса?
- 7) Сабаққа кешігіп келсе?
- 8) Досын ренжітсе?
- 9) Дәптерін таза ұстаса?
IV. Қорытындылау
Дала суық болса да, біз құрастырған «күніміз» жарқырап, мол шуағын төгіп тұр. Табиғат-ана жер бетіне жылуын сыйласа, ана да баласынан өз мейірімін аямайды.
VI. Үйге тапсырма
- Анаң туралы әңгіме жазу
- Өлеңді жаттау
- Автор туралы мәлімет жинау
V. Бағалау
Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқуы, талдау сұрақтарына жауап беруі, дәптермен жұмыстағы белсенділігі және ойынға қатысуы бойынша бағаланады.
Назар аудару
Оқылым дағдысы және түсіну деңгейі
Назар аудару
Тіл мәдениеті, ойды нақты жеткізу