Тәуелсіздік сарайы

Сабақ тақырыбы: «Астана — мақтанышым»

Бұл материал бастауыш сынып оқушыларына еліміздің бас қаласы туралы түсінік беруге, Астана жөніндегі деректер арқылы білімін кеңейтуге және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған. Негізгі идея — елжанды, жауапкершілігі жоғары азамат тәрбиелеу.

Мақсат

Астана туралы мәлімет беру, білімді дамыту, патриоттық сезімді күшейту.

Көрнекілік

Астананың көрікті жерлерінің суреттері, сувенирлер, қанатты сөздер.

Тәрбиелік өзек

Туған жерді қадірлеу, ел болашағына жауапкершілікпен қарау.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

«Балалар, Астана — еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз отанын, туған жерін қадірлей білуі керек. Біз — елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз салған ұлы жолды алдағы уақытта жалғастыруымыз қажет».

Астана туралы не білеміз?

Сабақтың бұл бөлімі оқушылардың алдын ала білімін анықтауға және жаңа мәліметтерді жүйелеуге арналған: Астананы картадан көрсету, дерек жинау, атаудың мағынасын талқылау.

«Астана» атауының шығу төркіні

Қаланың атауы қазақ тілінен алынған және «елдің бас қаласы» деген мағынаны білдіреді. Сонымен бірге «Астана» сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан: онда ол «киелі орын», «босаға» сияқты мағыналарға ие екені айтылады.

Талқылау үшін

Неліктен елорда атауы халыққа түсінікті әрі есте қаларлық болуы маңызды?

Қаланың бұрынғы атаулары

  • 1862 жыл: Ақмола қала мәртебесін алды.
  • 1962 жыл: қалаға Целиноград атауы берілді.
  • 1998 жыл, 6 мамыр: жаңа елорданың атауы «Астана» болып өзгертілді.

Неліктен «Ақмола» атауы өзгертілді?

«Мола» сөзі қазақ ұғымында зират, марқұм адамның мүрдесі деген мағына береді. Сонымен қатар шетелдіктер оны сөзбе-сөз аударып, қаланың болашағына қатысты жағымсыз тұжырымдар жасай бастаған. Сондықтан елордаға елді елең еткізер, әрі мәні айқын атау қажет болды.

Дәйексөз

«Шынын айтқанда, астананың атауын ауыстыру ойымнан шықпай, үнемі іздеумен болдым. Бір жолы түнде, дәлірек айтсам, сағат екіде “Астана” деген атау ойыма сап етіп келіп, көкейіме қона кетті. “Астана” дегеніміз — астана; қазақша әдемі естіледі».

— Астана шежіресінен

Астанаға арналған өлең-жырлар

Оқушылар Астана туралы білетін өлеңдерін, жаттаған жырларын ортаға салып, туған елге деген сүйіспеншілігін сөз өнері арқылы білдіреді.

Алатау бастаңдаған асқаралы,

Қосылды қуанышқа жас бала да.

Алматы — өзінің жан жалғасында,

Арнайды ақ батасын астанаға.

Ата-баба салтымен, Абай, Жамбыл даңқымен.

Құлагердей құлшынып, орнап мәңгі біршілік.

Әруақ қонған жас қала.

Көркейген қала — ортақ мақтаныш

Күннен-күнге көркейіп, сәні мен салтанаты жарасқан Астана барша қазақстандықтардың жүрек лүпілін еселеп, сәулет өнерінің қайталанбас үлгісін паш етуде.

Ғажайып қала: әйгілі нысандар

Бұл бөлімде оқушылар елордадағы белгілі ғимараттарды атап, қалаға келген қонақтарға қалай таныстыратынын әңгімелейді.

«Бәйтерек» монументі

Астананың жүрегі саналатын «Бәйтерек» — елдің тәуелсіздік идеясы мен жаңару рухын бейнелейтін символдық нысан. Оқушылар «Бәйтерек» атауының мәнін ашып, бәйтерек ағашы туралы аңызға назар аударады.

Өлең үзіндісі

Қазағым, қара орманым — байтақ елім,

Жақсыны, жаманды да байқап едің.

Асыраған мерейіңді асқақтатып,

Елбасы — бойлап өскен Бәйтерегің!

«Нұр Астана» мешіті

Есілдің сол жағалауында орналасқан еліміздің бас мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі — 43 метр. Бұдан бөлек 25 кіші күмбезі бар. Биіктігі 63 метр болатын төрт мұнарасы мешіт сәулетіне айрықша айбын береді. Мұнда бір мезгілде 10 000 адам намаз оқи алады.

Бейбітшілік пен келісім сарайы (Пирамида)

Ежелгі Мысыр пирамидалары перғауындардың мүрдесін мәңгі сақтау мақсатында тұрғызылғаны белгілі. Ал қазақ жеріндегі пирамида — бейбітшілік пен келісім идеясына құрылған ерекше нысан. Іргетасы дүниенің төрт бұрышына бірдей қарап, ұшар басы алтын күнге ұмтылған пішіні арқылы ол Қазақстанды елестетеді.

Алыстаған сайын аласарып, жақындаған сайын биіктей түсетіндей әсер беретін бұл ғимараттың тұтас болмысы қазақ халқының биік рухын және достыққа адалдығын танытады.

Тәуелсіздік сарайы

Астанадағы Тәуелсіздік сарайы Елбасының тікелей бастамасымен 2007 жылдың желтоқсанында салына бастады. Құрылыс бір жылдың ішінде толық аяқталды. Бұл ғимарат Астананың он жылдық мерейтойына орай тұрғызылып, Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Есіл өзені: елорда өмірінің арқауы

Оқушылар Астананың көрікті жерлерінің басым бөлігі қай өзеннің жағалауында орналасқанын байқап, Есіл өзені туралы мәліметтерді талқылайды.

Географиялық мәлімет

Есіл — республикамыздың солтүстік өңіріндегі Қарағанды, Ақмола, Торғай, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан аймақтары арқылы өтетін өзен. «Есіл» деп аталатын елді мекен де бар.

Атаудың шығуы туралы пікірлер

Зерттеушілер «Есіл» атауының пайда болуы туралы екі түрлі көзқарас айтады: бір пікір оны «жасыл» түс ұғымымен байланыстырса, екіншісі атауды етістік түбірінен таратады.

Викторина: «Сен білесің бе?»

Білімді бекіту үшін сұрақ-жауап ұйымдастырылады. Төмендегі сұрақтар оқушылардың қызығушылығын оятып, нақты деректерді есте сақтауға көмектеседі.

  1. 1 Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындарының саны қанша адамға жетті?
  2. 2 Астана рәмізі «Бәйтерек» монументінің биіктігі не себептен 97 метр? (1997 жылы астананың Алматыдан көшірілуіне байланысты)
  3. 3 Жаңа көпірдің ұзындығы қанша? (214 метр)
  4. 4 Жаңа көпірге қандай атау берілді? (Сарыарқа)
  5. 5 Астанадағы ең басты қатынас жолы қалай аталады? (Республика даңғылы)
  6. 6 Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат қалай аталады? (Астана-Тауэр)
  7. 7 Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай аталады? (Атамекен)
  8. 8 «Думан» океанариумында теңіз суымен толтырылған қанша үлкен аквариум бар? (13)
  9. 9 1900 жылы Ақмола уезінде қара күшімен аты шыққан тұлға кім? (Қажымұқан Мұңайтпасов)
  10. 10 Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)

Қорытынды

1998 жылдан бері көркейген Астана бүгінгі күні әсем де айбынды қалаға айналды. Әсем ғимараттар мен мәдени нысандар көбейген сайын елордаға жан-жақтан туристер мен қонақтар ағылып келуде. Астананың өркендеуі — Қазақстанның өркендеуі.

Ортақ мекен туралы көрініс

Ортаға шаңырақ көтерген бала шығады. Шаңыраққа байланған түрлі-түсті таспаның ұшынан әр ұлттың киімін киген балалар ұстап, айнала жүреді. Бұл көрініс — бірлік пен достықтың белгісі.

Ортақ мекен — жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы —

Достығымыз жарасқан.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Бақытты елде тұрған соң,

Бақытты өмір сүреміз.

Көрініс барысында «Сарыарқа» күйі орындалады.

Автор туралы мәлімет

Жаңаөзен қаласы, №12 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Джанжигитова Райса.