Суреттерге саяхат Әженің атынан балаларға бауырсақтың суретін беру

Білім беру саласы және бөлімдері

Білім беру саласы

Әлеуметтік орта

Бағдарлама тарауы

Көркем әдебиет

Тақырыбы

«Дүкенге нан қайдан келді?»

Мақсаты

Түсіндіру және тіл дамыту

«Дүкенге нан қайдан келді?» әңгімесін оқып, мазмұнын түсіндіру арқылы балалардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін және ойлау қабілетін дамыту.

Білім беру

Нанның қасиеті, наннан жасалатын тағамдар және қамыр дайындау туралы бастапқы мағлұмат беру.

Тәрбиелік бағыт

Еңбекті бағалауға үйрету, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, нанды қастерлеу мәдениетін нығайту.

Құрал-жабдықтар

  • 1

    Тақырыпқа сай суреттер

  • 2

    Тақырыптық слайд

  • 3

    «Бауырсақ» ертегісіне қатысты суреттер

  • 4

    Үстел үсті театрына арналған кейіпкерлер

Қостілді компонент

Нан

хлеб

Ұн

мука

Дүкен

магазин

Дидактикалық ойын: «Ол не?»

Тәрбиешінің әрекеті

  • Балаларға ұнды көрсетіп, ұннан не жасалатынын түсіндіреді.
  • Тақырыпқа сай суреттерді көрсетеді.
  • Балаларға ұнды ұстатып, қауіпсіз түрде бақылап көруге мүмкіндік береді.

Балалардың әрекеті

  • Үстелді айнала отырып, мұқият қарайды.
  • Әңгімені және түсіндіруді зейін қоя тыңдайды.
  • Ұнды қызығушылықпен ұстап көріп, әсерімен бөліседі.

Іздену-ұйымдастыру кезеңі

Слайд арқылы әңгіме құрастыру: нан дүкенге қалай келеді?

Тәрбиеші слайдты пайдалана отырып, нанның дастарқанға дейінгі жолын ретімен әңгімелейді және балаларға түсіндіреді.

  1. 1

    Егін алқабы

    Бидайдың егілуі, өсуі, күтімі туралы қысқаша түсінік.

  2. 2

    Масақ

    Піскен масақтан дән алынатыны айтылып, сурет арқылы бекітіледі.

  3. 3

    Қамыр илеу

    Ұннан қамыр иленіп, әртүрлі нан өнімдері дайындалатыны түсіндіріледі.

  4. 4

    Ұннан жасалатын тағамдар

    Нан, бауырсақ және басқа да өнімдер суреттер арқылы таныстырылады.

Шығармашылық тапсырма: «Бауырсақ» ертегісін өзгертіп көрейік

Балаларға ұсыныс: бақырсақты аман алып қалу үшін ертегінің соңын басқаша құрастырып көрейік.

Қорытынды нұсқа: бауырсақ ақырында әже мен атаға қайтып келеді.

Мақал-мәтелдер және мәнін түсіндіру

Мақал-мәтел

Ас иесімен тәтті, табағымен жақсы.

Мағынасы: асқа құрмет — оны әзірлеген адамға және оны ұсыну мәдениетіне құрметтен басталады.

Нақыл сөздер

  • Нан — тамақтың атасы.

  • Ынтымақ — көптің батасы.

Сөздік жұмысы

Жаңа сөздерді хормен және жеке-жеке қайталау:

Нан

хлеб

Ұн

мука

Дүкен

магазин

Рефлексивті-коррекциялық кезең

Сергіту сәті

Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

Балалар өлең жолдарына сай қимылдарды қайталап көрсетеді.

Ойын: «Суреттерге саяхат»

Әженің атынан балаларға бауырсақтың суреті ұсынылады. Балалар суреттерді қызығушылықпен қарап, ойынға белсенді қатысады.

Болжамды нәтиже

Білуі керек

Әңгімені мұқият тыңдап, мазмұнын түсініп қабылдау.

Қалыптасатын дағды

Нанның қайдан келетінін және қамыр дайындаудың негізгі кезеңдерін білу.

Істей білуі керек

Қорытынды жасау, сұрақтарға толық әрі нақты жауап беру.