Ауыл мекемелері

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Пәні
Дүниетану
Сынып
1
Мұғалімі
Нұрмашева Салтанат
Сабақтың тақырыбы
Біздің ауыл. Ауыл мекемелері
Сабақтың түрі
Дәстүрлі емес
Сабақтың типі
Аралас сабақ

Уақыт бөлінісі

  • I 1-кезең: 5 минут
  • II 2-кезең: 25 минут
  • III 3-кезең: 15 минут

Сабақтың мақсаты

  1. 1 Оқушыларды ауыл тұрмысының ерекшеліктерімен таныстырып, ауыл мекемелері туралы түсінік қалыптастыру.
  2. 2 Іскерлік дағдыларын дамыту; жеке және топтық жұмыс кезінде шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке баулу; өз елінің байлығын ұқыпты пайдалануға үйрету.
  3. 3 Үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындату арқылы әр оқушының қабілетіне сай жеке құзыреттілігін дамыту.

Сабақтың мазмұны

Сабақ I–III кезеңдік тапсырмалардан тұрады. Тапсырмалар оқушының жұмыс дәптерінде берілген, ал мұғалімге арналған жауаптар «кілт» бөлімінде көрсетілген.

Әдіс-тәсілдер

  • I кезең: сұрақ–жауап.
  • II кезең: оқулықпен өз бетімен іздену; практика арқылы бекіту.
  • III кезең: үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындату арқылы бағалау.

Көрнекіліктер

I кезең

  • Жұмыс дәптері
  • Тақтадағы ашық журнал
  • Мұғалім мен оқушының жеке журналдары

II кезең

  • Оқулық
  • Слайдтар
  • Интерактивті тақта
  • Жұмыс дәптері

III кезең

  • Жұмыс дәптері
  • Тақтадағы ашық журнал
  • Мұғалім мен оқушылардың жеке журналдары

Сабақтың өту барысы

I кезең

Ұйымдастыру және көпір тапсырмалары

Жаңа тақырыпқа қажетті өткен материалды қайталау тапсырмалары үйде орындалып келеді. Сабақта үй тапсырмасы тексеріліп, ашық журналға белгі қойылады.

Көпір тапсырмасы: сұрақ–жауап

1) Мектеп балаларға не береді?

Жауабы: Білім береді.

2) Мектеп ісін басқаратын кім?

Жауабы: Директор.

3) Оқушыларды кім оқытады?

Жауабы: Мұғалім.

4) Сен партада кіммен отырасың?

Жауабы: ____________

Ән: «Мектебім»

II кезең

Жаңа тақырыпты өз бетіңмен меңгеру

Оқушылар топта жұмыс жасап, жұмыс дәптеріндегі жетелеуші тапсырмаларға оқулықтан жауап табады. Сонымен бірге интерактивті тақтамен және оқушымен жеке жұмыс жүргізіледі.

Теория: Білу

Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?

1) Мынау не?

Жауабы: Ауыл.

2) Сендер қайда тұрасыңдар?

Жауабы: Шалқарда (ауылда).

3) Біздің салып алған жеке неміз бар?

Жауабы: Үйіміз.

4) Үй жанындағы бақшаға не егеміз?

Жауабы: Сәбіз, қарбыз, қызанақ.

5) Ауылда не ұстаймыз?

Жауабы: Мал: қой, сиыр, жылқы.

6) Төмендегі суретте көрсетілген мекеменің атын жаз.

Жауабы: Аурухана, кітапхана, дүкен.

Теория: Түсіну

Неліктен? Себебі? Не үшін? Неге?

Ауылда біз неліктен мал ұстаймыз?

Жауабы: Пайдасы көп.

Теория: Талдау

Салыстыр, ерекшелігін анықта, ең маңыздысын бөліп шығар.

Аурухана

______________

Ортақ қасиеті

______________

Кітапхана

______________

Басты идея: Аурухана мен кітапхана — екеуі де мекеме.

Теория: Жинақтау

Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле.

Суреттердің бас әріптерінен сөз құрастыр. Жасырынған сөзді тап.

Жауабы: Шалқар.

Практика: Қолдану

Өзің білетін жемістердің атын жаз.

Жауабы: Алма, алмұрт, …

Практика: Баға беру

Ауылда адамдар қандай шаруашылықпен айналысады деп ойлайсың?

Жауабы: Менің ойымша, мал шаруашылығы және егін шаруашылығы.

III кезең

Деңгейлік тапсырмалар және бағалау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындап, балл жинайды. Дұрыс орындалған тапсырмалар мұғалім тарапынан тексерілгеннен кейін оқушы тақтадағы ашық журналға белгі қояды. Үш деңгейді толық аяқтаған оқушыларға қосымша (4-деңгей) тапсырма ұсынылады.

1-деңгей

5 балл

1) Сен қайда тұрасың?

Жауабы: Мен Шалқарда тұрамын.

2) Көкөністердің атын жаз.

Жауабы: Қарбыз, қияр, …

3) Мынау не?

Жауабы: Көл.

Мақалды толықтыр:

Жауабы: Ауылым — алтын бесік.

2-деңгей

12 балл

1) Сен қай көшеде тұрасың?

Жауабы: ____________

2) Не себепті ауыл өте бай?

Жауабы: Себебі ауылда мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы бар.

3) Ауырсаң кімге қараласың? Неге?

Жауабы: Дәрігерге, себебі ол науқасты емдейді.

Талдау: Венн диаграммасы

Дәрігер

______________

Ортақ қасиеті

______________

Мұғалім

______________

Басты идея: Екеуі де маман иелері.

Практика: Қолдану

Сұраққа жауап бер: Көлде нелер болады?

Жауабы: Балықтар.

3-деңгей

12 балл

Жинақтау: сөзжұмбақты шеш.

______________

Сен басшы болсаң, ауылға не істер едің?

Жауабы: Ауылды көркейтетін едім.

Ауылдық жерде тұрсаң, қандай шаруашылықпен айналысар едің?

Жауабы: Мал шаруашылығы және егін шаруашылығы.