Табиғатты бейнелеудегі перспектива заңдылықтарын тақтаға сызып көрсету

ШҚО, Семей қаласы, №13 ЖОББМ КММ

Бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі: Жармұхамбетова Назира Серікханқызы

Сабақ тақырыбы: Қазақстанның табиғаты

Сабақтың негізгі мақсаты — оқушыларды еліміздің көркем, әсем табиғатымен таныстырып, табиғат көріністерін бейнелей білуге үйрету.

Сабақ мақсаттары

1) Білім берушілік

Перспектива заңдылықтарын түсіндіріп, акварельмен жұмыс жасау техникасын меңгерту.

2) Тәрбиелік

Эстетикалық талғамын дамыту; табиғат көріністерін бейнелеу арқылы бейнелеу өнерін және өз елінің табиғатын сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу.

3) Дамытушылық

Ой-қиялын, сезімін, байқампаздығын, шеберлігін және шығармашылығын дамыту; табиғат құбылыстарын бейнелеуде әртүрлі көріністерді меңгертуге дағдыландыру, есте сақтау қабілетін жетілдіру.

Сабақ түрі және ресурстар

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс

География, жаратылыстану, әдебиет, музыка.

Көрнекіліктер

Педагогикалық суреттер, кітаптағы иллюстрациялар, фотосуреттер, слайдтар.

Құрал-жабдықтар

  • Ақ қағаз (A4, A3)
  • Қарындаш
  • Қылқалам
  • Акварель бояуы
  • Палитра
  • Су құятын ыдыс

I сабақ: сабақ барысы

Сабақ құрылымы уақытты тиімді бөліп, талқылау, көрсету, тәжірибе және ойын элементтері арқылы оқушының қызығушылығын сақтауға бағытталған.

Қысқаша жоспар (уақыт мөлшері)

  1. 1Ұйымдастыру кезеңі — 1–2 мин.
  2. 2Тақырып бойынша сұрақтар — 5–6 мин.
  3. 3Ой қозғау — 5–6 мин.
  4. 4Презентация — 4–5 мин.
  5. 5Сергіту сәті — 1–2 мин.

Жалғасы (уақыт мөлшері)

  1. 6Перспектива заңдылықтарын түсіндіру — 10–15 мин.
  2. 7Тақырып бойынша жұмыс — 6–7 мин.
  3. 8«Ұшты-ұшты» ойыны — 3–4 мин.
  4. 9Үзіліс — 5 мин.

Сабақтың мазмұны (кезең-кезеңімен)

1) Ұйымдастыру кезеңі (1–2 мин.)

Оқушыларды түгендеу, сабаққа бейімдеу, сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.

2) Тақырып бойынша сұрақтар (5–6 мин.)

Қазақстан табиғаты қандай ерекшеліктерімен танымал? Мысалы: таулы, жазық, шөл және шөлейт, құмды, орманды аймақтар.

Бұл ерекшеліктердің қайсысы біздің кең байтақ жерімізде кездеседі? Әлде олардың барлығы да Қазақстан аумағында бар ма?

Шығыс Қазақстан табиғаты басқа өңірлерден несімен ерекшеленеді? Ал Семей өңірінің табиғи келбеті қандай?

3) Ой қозғау (5–6 мин.)

Ақын Мұхтар Шахановтың қазақ жері туралы ой-толғауын немесе аңыз-әңгімесін оқу. «Абай елі» кітабынан иллюстрациялар көрсету.

Талқылау сұрағы: Еліміздің табиғаты әсем қай аймақтарында болып көрдіңдер?

4) Презентация (4–5 мин.)

Қазақстанның табиғи аймақтары мен көркем пейзаждарын слайдтар арқылы көрсету, негізгі белгілеріне назар аударту.

5) Сергіту сәті (1–2 мин.)

Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Биік болып өседі.

Перспектива: негізгі түсініктер

Табиғатты бейнелеуде кеңістікті дәл беру үшін перспектива заңдылықтары қолданылады. Перспектива екіге бөлінеді: сызықтық және ауалық.

Сызықтық перспектива

Белгілі бір бұрышпен көкжиек сызығына қарай бағытталған параллель сызықтар қашықта бір нүктеге келіп тоғысады.

Ауалық перспектива

Көрушіге жақын орналасқан заттардың түстері ашық әрі айқын көрінеді, ал алыстаған сайын түсі солғын тартып, жұмсарады. Мысалы, алыстағы таулар көбіне көгілдір немесе күлгін реңкке енеді.

Көкжиек (горизонт) сызығы

Көкжиек сызығы — көз деңгейінде көрінетін жер шеті. Ол аспанды жерден немесе судан бөліп тұрады.

Нүкте және қашықтық әсері

Кез келген сурет қағаз бетінде нүктеден басталады. Мысалы, өзен алыстаған сайын жіңішкеріп, көзге бір нүктеге барып түйіскендей көрінеді — бұл кеңістікті сезінудің қарапайым әрі маңызды белгісі.

Практикалық бөлім

7) Қысқа мерзімді сурет

Оқушылар перспектива ережелерін сақтай отырып, табиғат көрінісінің шағын этюдын орындайды.

8) «Ұшты-ұшты» ойыны

Назарды шоғырландыруға арналған ойын: мұғалім айтқан сөздің «ұша алатынын» ажырату.

  • Ұшты-ұшты құлын ұшты.
  • Ұшты-ұшты мұрын ұшты.
  • Ұшты-ұшты кептер ұшты.
  • Ұшты-ұшты дәптер ұшты.
  • Ұшты-ұшты қарға ұшты.
  • Ұшты-ұшты арба ұшты.

Ескерту: Ойындағы кейбір тіркестер әдейі қате беріледі — оқушы дұрыс/бұрысын ажыратуы керек.

9) Үзіліс

5 минут.