Музыкадағы көктем мерекесі Сабақтың мақсаты

Сабақ тақырыбы

Музыкадағы көктем мерекелері

Сабақ мақсаты

Білімділік

Музыка және бейнелеу өнері арқылы оқушылардың рухани мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік

Табиғаттың әсемдігін қорғауға, көктем мерекелерін тануға, аналарды ардақтауға, салт-дәстүрлерді құрметтеуге және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Музыкалық есту, есте сақтау, зейін қабілеттерін дамыту; музыка мәдениетін қалыптастыру; ән айту дағдыларын жетілдіру.

Пәнаралық байланыс

  • Бейнелеу өнері
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Салт-дәстүр

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Гимн орындалады.
  • Сәлемдесу.
  • Тренинг арқылы топтастыру: оқушылар ортаға шеңбер құрып, мұғалім 4–5 оқушыдан көңіл күйін сұрайды. Содан кейін оқушылар Қыс, Көктем, Жаз, Күз топтарына бөлінеді.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік? Қандай ән үйрендік? Кім дайын?

Оқушылар өткен әнді бірге орындап көреді.

III. Жаңа сабақ

Тыңдалым

Үнтаспадан құстардың дауысы, күннің күркіреуі, жаңбырдың жаууы, бұлақтың сылдыры тыңдалады.

Сұрақ-жауап

  • Сұрақ: Бұл құбылыстар жылдың қай мезгілінде болады?
    Жауап: Көктемде.
  • Сұрақ: Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы — «Музыкадағы көктем мерекелері».

Көктемде қандай мерекелер бар? Бұл сабақта наурыз айында тойланып, баршамызды қуанышқа бөлейтін Аналар мерекесі мен Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне тоқталамыз.

Топтық тапсырмалар

Оқушыларға тапсырмалар беріледі (орындау барысында музыка қосылады):

1-топ

Ана туралы мақал-мәтелдер айту.

2-топ

Ана туралы тақпақтар айту.

3-топ

Наурыз мерекесіне арнап сурет салу.

4-топ

Наурыз мерекесі туралы ой-толғау жазу.

Кейін әр топтан 2 оқушыдан сұралып, олар тақтадағы суретті кезең-кезеңімен ашады. Наурыз және Аналар мерекелері туралы қысқаша мәлімет беріліп, ән тыңдатылады.

Еске салу: Жаңа ән үйренбес бұрын дауыс жаттықтыру жасаймыз.

IV. Дауыс жаттықтыру

Гамма

До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до.

До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до.

V. Ән үйрету

Жаңа әнді тыңдау, әуенін қайталау, мәтінін дұрыс айту және топ болып орындау жұмыстары жүргізіледі.

VI. Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалып, оқушылардың зейіні сергітіледі.

VII. Бекіту

Оқушылар ортаға шеңбер құрып, көктем мерекелерінің құрметіне бір-біріне жүрекжарды тілектерін арнайды.

VIII. Үй тапсырмасы

Өтілген әнді жаттау.

IX. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, топтық жұмысқа белсенділігі, ән орындау мәдениеті және жауаптарының толықтығы бойынша бағаланады.