Жаңа сабақ Мағынаны тану Жай сөйлемдер

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп, мұғалім

Жалпы білім беретін Өркен орта мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі: Мағданова Ақсәуле.

Пән, сынып, тақырып

Пән: Қазақ тілі (3-сынып).
Тақырып: Жалаң және жайылма сөйлем.

Сілтеме, сабақ түрі

Сілтеме: оқулық.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.

Мақсат және күтілетін нәтиже

Жалпы мақсат

Сөйлем мүшелерінен жасалған сөйлемдердің жасалуына қарай жалаң және жайылма болып бөлінетінін меңгерту.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар сөйлем мүшелеріне сұрақ қою арқылы сөйлемнің жалаң не жайылма екенін ажыратып, сөйлем мүшелерін дұрыс таба алады.

Оқыту әдістері мен тапсырмалар

Әдіс-тәсілдер

Топтасу Сөзжұмбақ шешу Түсіндіру Әңгімелеу Сұрақ-жауап Ой қозғау Топпен жұмыс БҮҮ стратегиясы Топтастыру Тірек сызба «Араласыңыз, қатып қалыңыз, жұптасыңыз» «Ойлан, бірік, бөліс» «Өз орнын тап!» «Конверт-сұрақ» Сәйкестендіру

Көрнекіліктер

  • Сөзжұмбақ
  • Оқу құралы
  • Тірек сызбалар
  • Слайдтар
  • Флипчарт
  • Маркер, магнит
  • Қарындаштар, стикерлер
  • Бағдаршам
  • Конверттер

Сабақ барысы

Психологиялық ахуал (ұйымдастыру)

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз – еңбектену.
Еңбектену арқылы «5»-ке қол жеткізу.

Қозғалысқа негізделген қысқа сергіту: «Араласыңыз, қатып қалыңыз, жұптасыңыз».

Топқа бөлу (3 топ)

Оқушылар стикерлердегі тапсырмаларға қарай үш топқа бөлінеді.

1-топ (6 оқушы)

Тұрлаулы мүшелердің сұрақтары:
кім? кімі? кімдер? не? нелер? несі? неғылды? қайтті? не істеді?

2-топ (7 оқушы)

Тұрлаусыз мүшелердің сұрақтары:
қандай? қай? қайда? неше? қалай? нешінші?

3-топ (6 оқушы)

Сөйлем мүшелерін атау:
бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, толықтауыш, анықтауыш

Топ атаулары

  • Сөйлем мүшелері
  • Тұрлаулы мүшелер
  • Тұрлаусыз мүшелер

Ой қозғау (өткенді еске түсіру)

Тақтада кесте ұсынылады. Оқушылар жауап берген сайын дұрыс жауаптар ашылып отырады. Толық әрі нақты жауап берген топ смайликпен бағаланады.

Жаңа сабақ: мағынаны тану

Мысал

Қыс түсті. жалаң сөйлем

Мысал

Балалар шаңғы тепті. жайылма сөйлем

Талдау сұрақтары:

  • Бұл сөйлемдер қандай сұрақтарға жауап береді?
  • Тұрлаулы мүшелері бар сөздерді ата.
  • Тұрлаусыз мүшелері бар сөздерді ата, сұрақ қой.

Ереже

Тек тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.

Ереже

Құрамында тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем жайылма сөйлем деп аталады.

Тәжірибелік жұмыс: 97-жаттығу

Оқулықтағы 97-жаттығуда сөздер шашыраңқы беріледі. Оқушылар сол сөздерден сөйлем құрап, жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратып, сөйлемдерді «вагондарға» орналастырады.

«Ойлан, бірік, бөліс» — жауап үлгілері

  1. Күн бұлттанды.
  2. Ұшақ биікке көтерілді.
  3. Мұғалім сыныпқа кірді.
  4. Түн ұзарды.
  5. Динара қуанды.

Келесі қадам: сөйлемдерді түріне қарай вагондарға орналастыру.