Желтоқсан тарихымда әйгілі күн

Мерекелік сценарий

«Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің!»

Бұл мәтін — Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерттің жүргізушілер сөзі, құттықтау бөлімі және концерттік нөмірлердің реті. Төменде мәтін редакцияланып, тыныс белгілері түзетіліп, ой ағымы айқындалды.

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Армысыздар, қымбатты ұстаздар мен оқушылар, құрметті қонақтар! Мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

«Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің!» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік күні туралы

1-жүргізуші

Тәуелсіздік күні — қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн.

2-жүргізуші

Тәуелсіздік күні — алтын күн бедерленген көк байрағымыздың әлем биіктерінде желбіреген күні.

1-жүргізуші

Тәуелсіздік күні — тағдыр сыйлаған ұлы бақыт күні.

2-жүргізуші

Тәуелсіздік күні — қазақ халқының сан ғасырлық арманы орындалған күн.

1-жүргізуші

Тәуелсіздік күні — қазақ халқы алғаш рет өз тағдырын өзі айқындауға мүмкіндік алған күн.

2-жүргізуші

Құттықтау сөз кезегі мектеп директорына беріледі.

Құттықтау жырлары

1-жүргізуші

Тауларың бар таңырқатқан шыңымен,
Ұл-қызыңдай даламыз бар ұлы кең.
Алдарыңда басымды ием, өр халқым,
Құттықтаймыз Тәуелсіздік күнімен!

2-жүргізуші

Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болып, келе берер.

Концерттік бағдарлама және жүргізуші мәтіндері

Нөмір: «Желтоқсан»

Тәуелсіздікке бастар жол, ерлік пен рух туралы

Сахналық блок

1-жүргізуші

Бүгін — Республикамыздың той күні,
Жарқын тілек жан көркейтсін бұл күні.
Қазағымның бар қасиеті көрініп,
Күй төгіліп, қызыққа толсын жыр күні.

2-жүргізуші

Республикам — күндей күлген шығыстан,
Асыл елім — жан жүректі ығысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым,
Алтын бесік — Қазақстан, Гүлстан!

Нөмір: «Қасқалдақ»

Тәуелсіздік туралы толғау

1-жүргізуші

Тәуелсіздік — бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік! Түнек терде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

2-жүргізуші

Тәуелсіздік — берекенің бастауы,
Дәулетің мен сәулетіңнің тұнбасы.
Қазақстан, сен бір елсің жаһанға —
Тең таңылған тудай асқақ тұлғасы.

Нөмір: «Өз елім»

1-жүргізуші

Желтоқсан — тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар-ождан сәйгүлігін.
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншісін қайтарған бәйгелі күн.

2-жүргізуші

Желтоқсан — қайсар ерлік, қуатты күн,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған —
Тәңірім берген Желтоқсан — шуақты күн.

Нөмір: Қазақ биі

1-жүргізуші

Тәуелсіз боп артты халық сенімі,
Мұз боп қатқан қайғы-мұңым еріді.
Ақ шыңдары тауларымның биіктеп,
Кең тыныстап ұлы далам кеңіді.

2-жүргізуші

Тәуелсізбіз — дербеспіз, жылдар өтті,
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім.
Бодандықтың ғасыры ұзақ созылып,
Қазір міне, артта қалды келмес күн.

Нөмір: «Жаса, Қазақстан!»

1-жүргізуші

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан — елім менің!

2-жүргізуші

Сен неткен Отан-Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағымның бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан — қазақ елім!

Нөмір: «Елім-ай»

1-жүргізуші

Көгінде қыран құсың қалықтаған,
Ұшудан биігінде жалықпаған.
Қазақстан — сүйікті Отанымсың,
Адымдап алға басып шарықтаған.

2-жүргізуші

Аман бол, жаңа ғасыр — жарқын заман,
Аман ба, жаңаша күн — жарқыраған?
Азат күн — мәңгі дастан, мәңгі паш ет
Қазақтың қасиетті ел екенін.

Нөмір: «Бипыл»

1-жүргізуші

Шұғылалы, ширақ ойлап түрінде,
Биіктерден естіледі үнім де.
Тұңғыш рет Президент сайланып,
Мойындады бүкіл әлем бүгінде.

2-жүргізуші

Қандай дүние жетеді бағаңа?!
Бәрі сенің, жан Отан, қалауыңа!
Өз бейнеңдей әлемге танылды —
Қазақстанның елтаңбасы да, жалауы да!

Нөмір: «Қазақ елі»

1-жүргізуші

Қазақстан, менің асыл аймағым,
Қуантады күнге шуақ жайғаның.
Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,
Құлпыра бер, құлпыра бер жарқырап!

2-жүргізуші

Құт-береке халқыма қайта келдің,
Орындалып арманы байтақ елдің.
Тарихынан халқымның бір үзік сыр —
Айта бергім келеді, айта бергім.

Нөмір: «Елім менің»

1-жүргізуші

Сұлу дала — менің сүйген еркемсің,
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы Қазақстанда туғаным,
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің!

2-жүргізуші

Болдым ғашық туған дала, мен саған,
Алыс жүрсем, арманым сен аңсаған.
Жақын жүрсем — төрімдесің рахаттың,
Өз Отаным — өзім туған босағам.

Нөмір: «Астана»

1-жүргізуші

Намысың найзағайдай жарқылдап бір,
Уа, халқым, дүниеге даңқыңды асыр.
Дәуірдің бастау алған жиырма бірі —
Еліме болсын деймін алтын ғасыр!

2-жүргізуші

Құрметті ұстаздар, қадірлі оқушылар және жиын қонақтары!
Егемендіктің елдігін, тәуелсіздіктің тірегін ту еткен қазағымның таңы мәңгі арайлап ата берсін!
Осы тілекпен «Жайнай бер, Тәуелсіз елім менің!» атты концерттік бағдарламамызды аяқтаймыз.
Сау болыңыздар!