Жасасын дейміз енді тағы нені

Уа, достар, бүгін неткен керім еді,
Қыздар да қысырақтай керіледі.
Қара көз төңкерілсе төңірекке
Жалын от жанарынан төгіледі.
Апай төс ақ айдын боп ашылады,
Дірілдеп үркек кеуде басылады.
Жас анар жанар тау боп бұлқынғанда
Жігіттің ойы қырық шашылады.
Бас салып ерніне, тамағына,
Былғанып қалар ма еді далабына...
Жиын - той - шалқып жатқан айдын болса,
Қыз - соның сылаң қаққан шабағы ма?!..
Құриын десең оның бар маңына,
Сен оның татымайсың бармағына.
Шабақ боп ілікпейді саған өзі,
Сағақтан ілігесің қармағына.
Құлпырып жәннәт пейіш төріндегі
Тотыдай мың таранып керілгені,
Кілгіріп кірпіктерін әзер ашып,
Езуін жиыруға ерінгені.
Тәңірден содан басқа бар ма тілек,
Түрсаң ғой жолай алмай жадап-жүдеп.
Көйлегі көбелектей бұлғақ қағып,
Жүзіңді желпіп өтсе самал леп...
Ойпырмай, ойсыратты - ау, пері ме еді,...
Керсылаң кердең қағып, керігеді
Жігіттің жүйкесінен құрт боп жеген
Жасасын қыздың қызыл еріндері.
Ес кетіп, есеңгіреп, тағат тамам,
Алыстан аш бөрідей алақтаған,
Аңқау ой, арлан дәме, асау жүрек
Жасасын жігіттер де жалақтаған.
Жасасын дейміз енді тағы нені;
О, міне, қызыл келді, ағы келді...
Кенжесі дастарханның ерке туған,
Біз оған, олар бізге жағып еді.
Жоласаң, көмейден жыр ағып еді,
Өзі шоқ, өзі және жалын еді.
Серігі бақыттың да, қайғының да
Мөлтеңдеп күрең шарап тағы келді
Табынып, тамсанбаған кез бар ма оған
Көңілдің пайғамбары... Сөз бар ма оған!
Жасасын жалын шарап, арынды арақ,
Еліттіріп, елжіретіп, көзді арбаған.
Құтылып әзер ғана ноқтасынан,
Шампан да шыққан екен топ қасынан.
Құйыңдар, бол, бол, апшып қалмай тұрып,
Ақ көбік езуінің шоқ шашылған.
О достар! Ішейік те, күлелік те,
Өтерін бастан дәурен білелік те.
Бұл күннен айырылып ертеңдер біз,
Бакалдай шампаны жоқ мөлтеңдерміз.



Ұқсас жұмыстар

ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында
Бала тәрбиесіндегі еркектің рөлі
ЕЛТАНЫМ ҚАЗАҚ ТІЛІ
Жұрнақтардың шығу тектері мен даму тарихының сипаттамалары
Бастауыш мектепте сөйлемді ойын әдісімен оқыту жолдары
Тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал
Тіл – достықтың кепілі
Жай сөйлемді оқыту
М. Шаханов поэзиясының әлемі
Көркем әдебиеттің тілі
Халықаралық кедендiк ынтымақтастық және мемлекеттiк экономикалық қауiпсiздiк
ҚР банктеріндегі ипотекалық несиелендіруді ұйымдастыру және дамыту. Ипотекалық несиелер есебі
Тынық мұхиттағы соғыс кезіндегі Оңтүстік Шығыс Азиядағы Жапонияның сыртқы саясаты
НҰРҒИСА ТІЛЕНДІҰЛЫ
Қазмұнайгаз компаниясының тұрақты дамуы, компанияның болашақтағы табыстарының негізі
Литосфера ж/е топырақ жамылғысының техногенді ластануының негіздері.
Рынокқа өту жағдайларына экономиканы түрлендірудің тұжырымдық негіздері
Азаматтардың денсаулығына келтірілген экогендік зиянның ұғымы және оның қалыптасуы механизмі
Ұзақ мерзімді несиелендіру
Қазақстан — әлемдік қоғамдастықтың белсенді мүшесі