Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада екенін білдіру
Әдебиеттік оқу (4-сынып)
Сабақтың тақырыбы
М. Дулатов — «Шешенің балаларын сүюі»
Мұғалім
Ж. Бахитова
Мақсаты
- Мәтін мазмұнының мағынасын ұғындыру.
- Ананы құрметтеу, сыйлау және ана сүтін ақтай білудің мәнін түсіндіру.
- «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» ұғымын талқылау арқылы тәрбиелік ой қалыптастыру.
Психологиялық дайындық
Қуанамыз арайланған ақ таңға,
Қуанамыз жақсылық болып жатқанға.
Қош келіпсіз 4 «Б» сыныбына,
Сәлем беріп, бас иеміз баршаңызға.
Үй тапсырмасын қорыту (тест)
1) «Қорқарың бар, қораға кірме» деген нақыл сөз кімнің шығармасында кездеседі?
- А) Ш. Уәлиханов — «Абылай хан»
- Ә) М. Әуезов — «Жолда»
- Б) С. Бегалин — «Қырдың жас түлегі»
2) «Өңі сұп-сұр, зор денелі, бурыл сақалды…» деген жолдар қай мәтіннен алынған?
- А) С. Көбеев — «Орындалған арман»
- Ә) М. Әуезов — «Жолда»
- Б) Ы. Алтынсарин — «Дүниеде жамандық неден?»
3) Мәтін бөліктерін тап.
- А) Кіріспе. Негізгі бөлім. Қорытынды бөлім.
- Ә) Басы. Кіріспе. Аяғы.
- Б) Негізгі бөлім. Тақырып. Соңы.
4) «Қаланың қамау көше, тар үйлерін тосырқап, көпке дейін үйрене алмай жүрді» сөйлемі қай мәтіннен алынған?
- А) Ақкөл жақтан стансаға екі пойыз бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы бағытта жолға шықты… (есеп мәтіні)
- Ә) С. Бегалин — «Қырдың жас түлегі»
- Б) М. Әуезов — «Жолда»
5) Соңғы тарау қалай аталады?
- А) «Асыл арналар»
- Ә) «Кәусар бұлақ»
- Б) «Жарық жұлдыздар»
Жауаптары
1 — Б, 2 — Ә, 3 — А, 4 — Ә, 5 — Б
Тапсырмалар
2-тапсырма
Жұптық жұмыс: сатылай кешенді талдау.
3-тапсырма
Шығармашылық тапсырма.
4-тапсырма
Жинақтау: «Ана — өмір шырағы» тақырыбы бойынша ой қорыту.
6-тапсырма
«Ойлан, топтас, талқыла» — шығармашылық шыңы: ізденіс.
Ой дамыту: айқын сұрақтар
- Бұл видеороликтен не көрдіңіздер, қандай ой түйдіңіздер?
- Ана бізге не үшін қымбат?
- Видеороликтің бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыздар?
Жаңа сабақ
Артық болмас білгенің
М. Дулатов — «Шешенің балаларын сүюі»
Оқулықпен жұмыс.
Мәнерлеп оқу.
Рөлге бөліп оқу.
Формативті бағалау
«Басбармақ» әдісі:
- Басбармақ жоғары — мен түсінемін.
- Басбармақ көлденең — мен түсінгендеймін.
- Басбармақ төмен — мен түсінбедім.
«Серпілген сауалдар» (ашық және жабық сұрақтар)
- 1Өлеңнен ананың баласына деген қандай сезімі мен қасиеттері танылады?
- 2Ана бала өмірі үшін қандай маңызға ие?
- 3Өлең тақырыбының маңызы неде?
- 4Еңбегімен не ерлігімен танылған аналардан кімдерді атай аласыздар?
- 5«Ана» сөзінің кілтін табу: А — адамның, Н — нағыз, А — асылы.
- 6Өлең қай үлгіде жазылған?
Сөздікпен жұмыс
- Көз жасын көлдету
- Қатты жылау.
- Кірпік қақпай
- Ұйықтамай.
- Дамылсыз
- Тынымсыз.
Шығармашылық жұмыс
1-топ
«Ана туралы» 5 жолды өлең жазу.
2-топ
Берілген үлгі бойынша өлең құрастыру:
________________ данасың,
________________ панасың.
________________ баласын
________________ анашым.