Сабақ қорытындысы

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты

  • Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімін толықтыру.
  • Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейінін дамыту.
  • Еңбекті бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылық ояту.

Көрнекілігі

Әртүрлі мамандық иелері бейнеленген суреттер, интерактивті тақта.

Негізгі идея

Болашақта әртүрлі мамандық иесі болу үшін оқушы ақылды, білімді және тәрбиелі болуы керек.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты сабаққа дайындау, көңіл-күй қалыптастыру және назарды шоғырландыру.

Жылы лебіз

Сен қандай ақылдысың! Денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз, күлеміз, айналадағы дүниені танып-білеміз.

Сұрақ 1

Бүгін қай күн?

Сұрақ 2

Бүгін ауа райы қандай?

Сұрақ 3

Жылдың қай мезгілі?

Ұйымдастыру өлеңі

Бір, екі, үш… Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

ІІ. Жаңа сабақ

Еңбектің құндылығы және «мамандық» ұғымын ашу.

Тақырыпқа кіріспе

Әзір ас жоқ дүниеде.

Сабақ өзі оқылмайды,

Көйлек өзі тоқылмайды,

Тұқым өзі себілмейді,

Үй өзі салынбайды,

Кен өзі табылмайды,

Кітап өзі жазылмайды.

Барлық істің батыры — біз: екі қол мен ақылымыз. Осының бәрін кім істейді?

Бағыттаушы сұрақтар

  • Асты кім әзірлейді?
  • Сабақты кім оқытады?
  • Көйлекті кім тігеді?
  • Тұқымды кім себеді?
  • Үйді кім салады?
  • Кенді кім табады?
  • Кітапты кім жазады?

Осы әрекеттердің бәрін бір атаумен қалай атаймыз? Ортақ атауы — мамандық.

Талқылау

Тағы қандай мамандық иелерін білеміз?

ІІІ. Сөздікпен жұмыс

Суреттермен сүйемелдей отырып мамандық атауларын бекіту.

Жүргізуші

Өрт сөндіруші

Тігінші

Әскери қызметкер

Әртіс

Құрылысшы

Аспаз

Дәрігер

Етікші

Шаштараз

Мұғалім

Кітапханашы

IV. «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны

Егер сөйлем дұрыс болса — қол көтереді, бұрыс болса — көтермейді.

  • Қойшы балаларды оқытып жүр.

  • Жүргізуші машина жүргізеді.

  • Аспаз үй салып жүр.

  • Дәрігер адамдарды емдейді.

  • Жазушы хат пен газеттерді тасып жүр.

  • Дәрігер етік тігіп отыр.

  • Мұғалім балаларды емдеп жүр.

  • Ұшқыш әдемі киім тігіп жатыр.

  • Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.

  • Суретші сахнада ән айтып тұр.

V. Мәтінмен жұмыс

Тақырып: Мамандық таңдау.

Мамандық таңдау

Мамандық таңдау — әр адамның маңызды мақсаты. «Армансыз адам — қанатсыз құспен тең», — дейді халық. Әркімнің өз арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады.

Мамандық пен өнерді адам өз қалауымен таңдайды. Мамандықтың түрі көп: әнші халық алдына шығып ән салады, дәрігер — адам өмірінің арашасы, ұстаз шәкірттерді білімге жетелейді, жазушы сөзбен өрнек салады.

Адам жас кезінен терең білім алуға талпынады: көп оқиды, өз бетінше ізденеді, басқа адамдардың өмірімен танысады. Сондықтан бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады.

Сабақты қорытындылау

«Бес саусақ бірдей емес» дегенді қалай түсінесіңдер? Әр адам өзінше қызықты. Барлығымыз бірдей құтқарушы, мұғалім немесе ұшқыш бола алмаймыз. Әр адам өз қалауы бойынша мамандық таңдайды, сондықтан таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ — мамандықтың бәрі жақсы.

Түйін өлең

Талаптанып, қанаттанып,

Өмір сырын ұғамыз.

Білім алып, тұлғаланып,

Азамат боп шығамыз.

Үй тапсырмасы

Мамандықтар туралы ой бөлісу және сабаққа дайындалып келу.

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушылардың белсенділігін бағалау.