Махаббат әлемде, сенде
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Қосындыны санға көбейту
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Іздену, сұрақ-жауап
Білімділік
Оқушылардың білімін тереңдету, қайталау, пысықтау және тиянақтау.
Дамытушылық
Ой-өрісін, сана-сезімін және тілін дамыту; есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиелік
Әр істі саналы орындауға, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ ережелері
- 1 Тыныштық сақтау.
- 2 Бір-бірін мұқият тыңдау.
- 3 Өз ойын ашық әрі нақты айту.
- 4 Уақытты тиімді пайдалану.
Сабақ жоспары
I. Бағдарлау–мотивациялық кезең
- Қызығушылығын ояту
- Ойлан, тап
- Математикалық диктант
- Қызықты кестелер
II. Операциялық-орындаушылық кезең
- Ой қозғау
- Оқулықпен жұмыс
- Ойнайық та, ойлайық
- Шығармашылық тапсырма
III. Рефлексиялық-бағалау кезеңі
- Математикалық тест
- Рефлексия
- Үй тапсырмасы
Сабақ барысы
I кезең: Бағдарлау–мотивациялық
1) Қызығушылығын ояту
Математика — қызық пән,
Бәріміз оны білеміз.
Қызықты есеп шығарып,
Тез жауабын береміз.
2) «Ойлан, тап» (ауызша)
Кубизм әдісі бойынша қысқа сұрақтар арқылы тақырыпқа кіріспе жасалады.
3) Математикалық диктант
| Өрнек | Нәтиже |
|---|---|
| (10 + 80) × 5 | 450 |
| (13 + 27) × 4 | 160 |
| (24 + 6) × 2 | 60 |
| (12 + 18) × 3 | 90 |
| (100 + 80) × 5 | 900 |
| (100 + 70) × 4 | 680 |
| (400 + 60) × 2 | 920 |
| (200 + 80) × 3 | 840 |
4) Қызықты кестелер
Топтық және жұптық жұмыс: үлестірме материалдармен тапсырмалар орындау.
II кезең: Операциялық-орындаушылық
5) Ой қозғау (математикалық жұмбақтар)
- 1. Табақта 5 алма, қолымда 3 алма. Барлығын қосқанда неше алма болады?
- 2. 4 бала өлең айтты, 6 бала би биледі. Барлығы неше бала өнер көрсетті?
- 3. 10 асықтың 3-еуін досың сұрап алды. Сонда өз қолыңда нешеуі қалады?
- 4. 2 ешкінің мүйізі бар. Сонда барлығы қанша мүйіз болады?
- 5. Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек болды. 1 үйрек жоғалды, 1 үйрек тығылды. Қалғаны неше үйрек?
6) Оқулықпен жұмыс
№ 1 (а, ә) — 125-бет (жазбаша).
№ 5 — 126-бет.
- 2 сағ 30 мин = 150 мин
- 5 тәулік 12 сағ = 132 сағ
- 186 мин = 3 сағ 6 мин
- 20 м 5 дм = 205 дм
- 15 см = 150 мм
- 248 см = 2 м 48 см
№ 4 — 126-бет.
а) 6-ға да, 8-ге де бөлінетін екі таңбалы сандар
24, 48, 72, 96
ә) Көбейтінділері бірдей болатын сандар
3×4: 4×3=12, 8×3=24, 12×3=36, 20×3=60, 24×3=72, 28×3=84
4×?: 3×4=12, 6×4=24, 9×4=36, 15×4=60, 18×4=72, 21×4=84
Негізгі идея: қосындыны санға көбейту — қосындының әр қосылғышын сол санға көбейтіп, нәтижелерін қосу.
7) «Ойнайық та, ойлайық»
Берілген фигурадан барлығы неше үшбұрыш шығатынын анықта.
8) Шығармашылық тапсырма
4 таяқшаны қозғау арқылы 3 шаршы құрастыр.
III кезең: Рефлексиялық-бағалау
9) Математикалық тест
1. (5 + 2) × 7 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 40 ә) 39 б) 49
2. (40 + 20) × 8 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 840 ә) 480 б) 300
3. 48 : 8 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 3 ә) 7 б) 6
4. 120 – 20 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 100 ә) 80 б) 90
5. 180 × 0 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 180 ә) 0 б) 1
Дұрыс жауаптар
- 1) б) 49
- 2) ә) 480
- 3) б) 6
- 4) а) 100
- 5) ә) 0
Рефлексия
- Ұнады.
- Ұнамады: менің ұсыныстарым.
- Өзіме қойған бағам.
Үй тапсырмасы
№ 6, 7 — 126-бет.
Бейбітшілік әлемде — сенде, менде,
Жарық әлемде — сенде, менде.
Махаббат әлемде — сенде, менде,
Шынайы жүрекпен, 3-сынып оқушылары.