Дене шынықтыру жетекшісі
Өтетін орны мен ұйымдастыру мәліметтері
Өңірі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
Дене шынықтыру жетекшісі
Исмамбетов Берік
Өтілетін орын
Спорт залы
Тобы
Балауса
Білім саласы
Денсаулық
Бөлімі
Дене тәрбиесі
Мақсаты: «Дені саудың — жаны сау»
- Заттармен орындалатын жалпы дамыту жаттығуларында қозғалыс үйлесімділігін дамыту, төрт тағандап жүру дағдысын қалыптастыру.
- Шымыр, шапшаң, ұқыпты, жинақы, талғампаз, қанағатшыл, таза әрі әдемі болуға тәрбиелеу.
- Салауатты өмір салтын ұстануға баулу, дене мәдениетін қалыптастыру.
- Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, достарына қайырымдылық пен сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу.
Құралдар мен әдіс-тәсілдер
Құралдар
- Доп
- Кедергілер
- Үлкен доп
- Шығыршық
Әдіс-тәсілдер
- Көрсету
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Ойын
- Мадақтау
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар әуен ырғағымен сап түзеп, спорт залына кіреді.
Негізгі бөлім: әңгіме және ынталандыру
Балалар, сендер білесіңдер ме: адамдар қандай да бір қиындыққа тап болғанда бір-бірінен көмек сұрайды. Бірақ әркім бірдей көмектесе алмайды. Себебі біреу жақсы жүгіре алмауы мүмкін, ал біреу биікке секіре алмайды.
Сондықтан мұндай көмекті көбіне спортпен тұрақты шұғылданатын, дене шынықтыруды әдетке айналдырған адамдар көрсете алады. Біздің спортзалға келіп, жаттығуларды мұқият орындаған әр бала — өз жеңісінің чемпионы.
Диалог
Чемпион: Балалар, сендерге спортпен шұғылданған ұнай ма? Денсаулықтарыңның мықты болғанын қалайсыңдар ма?
Балалар: Иә!
Тәрбиеші: Денсаулық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Мақал-мәтелдер
- Әуелгі байлық — денсаулық, екінші байлық — он саулық, үшінші байлық — ақ жаулық.
- Денсаулық — зор байлық.
- Тәні саудың — жаны сау.
- Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
Қимыл-қозғалыс тапсырмалары
Жүріс түрлері
- Бір қатармен бірінің артынан бірі жүру.
- Аяқтың ұшымен жүру (қол белде).
- Өкшемен жүру.
- Қол белде, жартылай отырып жүру.
Ойын элементтері және жүгіру
- «Аю» жүрісі.
- «Тышқан» жүрісі.
- Ирелеңдеп (жыланша) жүгіру.
- Жай жүріс арқылы қалпына келу.
Қайта сапқа тұру
Екі қатарға тұру.
Құралмен жұмыс
Шығыршықты алу.
Тыныс алу
Тыныс алу жаттығуларын орындау.