Тіл қадірін білер болсаңдар

Тәрбие жұмысының мақсаты

«Ұлы дала елі — Тәуелсіздіктің 25 негізі» тақырыбындағы тәрбиелік іс-шараның негізгі мақсаты — жас ұрпақты туған елінің болашағына үлес қосуға, елі мен жеріне адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Сонымен бірге оқушылардың ұлттық тілді терең меңгеруіне жағдай жасап, ұлтжандылық сезімді қалыптастыру, ойлау мен танымдық қабілеттерін дамыту, өнерге баулу көзделеді.

Мерекелік көрініс: залдың безендірілуі

Зал іші мерекеге сай безендірілген. «Көк тудың желбірегені» әнінің әуенімен балалар залға көк туларын желбіретіп кіреді. Көрерменге салтанатты көңіл күй мен бірлік рухы бірден сезіледі.

Құттықтау сөз

Эльмира Батырханқызы

Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға, міне, 25 жыл толып отыр. Яғни, Тәуелсіздігіміздің күміс тойын атап өтпекпіз.

Иә, тарих толқынында толқып отырып, толағай теңіздей тасып жеткен мәртебесі биік тәуелсіздікке 25 жыл толды. Мереке құтты болсын!

Өлең және Әнұран

Гүлназ

Қуан, халқым! Қуанатын күн бүгін,

Серпін таста мұңды жүрек түндігін.

Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық,

Тәуелсіздік күнін бүгін халқым бірге тойлайық!

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді, ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі — Әнұраны!

Салтанатты сәт

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Негізгі ой

Әнұран — ел бірлігінің, тәуелсіздік рухының көркем белгісі.

Көрініс: «Алтын адам»

Сахнада «Ертұран» этно-фольклор тобының әуені ойнайды. Қара киім киген бишілер этно биді билейді. Би соңында сол бишілердің ортасынан «Алтын адам» бейнесіндегі оқушы ортадағы биік тұғырға көтеріледі.

Сол сәтте қара киімді бишілер бас иіп, Алтын адамды қоршай отырып, тұғыр алдына тізе бүгеді. Көрініс ел тарихындағы асқақ рух пен сабақтастықты айқындайды.

Көрініс: «Үш би және Абылайды хан көтеру»

Гүлназдың кіріспе сөзі

Еліміз дүр сілкінді, көгерді. Көшелеріміз тұлғаларымызға өгей емес. Ақын ағаларымыз айтқандай, Тәуелсіздік туы аспанымызда желбірегелі сол тумен бірге қазақтың асқақ рухы да биіктей түскендей.

Алматының әр көшесін жаяу араласаң, қазағыңның бүкіл тарихын парақтағандай күй кешесің. Мысалы: Абылай хан көшесі, Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би, Мұқағали Мақатаев, Сәкен Сейфуллин, Абай, Шоқан Уәлиханов, Дінмұхамед Қонаев және тағы басқа.

Әрқайсысы өз дәуірін көз алдыңа әкелмей қоймайды. Сондықтан бүгінгі кеш ел тағдыры таразыға түскен шақта жұртын қорғап, қазақтың қазақ болып қалуына зор үлес қосқан бабаларымызға, соның ішінде Абылай хан тұлғасына арналады.

Сахналық нұсқау

Үш би сахнада отырып, ел ахуалы жайлы кеңес құрады.

Даналық сөз сайысы: «Он түрлі жұмбақ»

Төле би

Уа, халқым, сөз қадірін білетін, сөз танитын жастарға он түрлі жұмбағым бар. Жұмбағым мынау: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.

Дауыстар: «Осындай жұмбақ бола ма екен?»

Қазыбек би

Ұлы аға, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз.

Бір дегенің — бірлігі кеткен ел жаман.

Екі дегенің — егесіп өткен ер жаман.

Үш дегенің — үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.

Төрт дегенің — төсектен безген жас жаман.

Бес дегенің — белсеніп шыққан жау жаман.

Алты дегенің — асқынып кеткен дерт жаман.

Жеті дегенің — жас келіншек жесір қалса, сол жаман.

Тоғыз дегенің — торқалы тойда, топырақты өлімде бас көрсетпесе, сол жаман.

Он дегенің — кәрілікке дауа болмас.

Төле бидің бағасы

Рақмет, дәл тауып шештің. Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің.

Әйтеке бидің үндеуі

Уа, халайық!

Көсіліп шабар жерің бар,

Тау көтерген елің бар,

Атадан қалған сара жолың бар.

Тіл қадірін білер болсаңдар!

Сахналық көрініс

Төрде Төле би, қасында 1–2 ақсақал. Есіктен үсті-басы алба-жұлба, шашы сабалақ, көзі отты, сөзі өткір бір бала кіреді.

Бала

Ассалаумағалейкум, Биеке!

Ол анадай жерге отырады. Астына шапанын биіктете бүктеп қояды. Өзі қыран бүркітке ұқсайды.

Төле би (сынап)

Қай баласың, аты-жөнің кім?

Бар ма еді әке-шешең, аға-інің?

Адам болсаң — хан текті, құста — сұңқар,

Байқасам, соған келісті-ау түрің.

Құс болсаң — ақ сұңқардың балапаны,

Адам болсаң — қазақтың нағыз ханы.

Шырағым, төре ме едің, қара ма едің,

Жөніңді бастан аяқ айтшы қане?