Далада қыс

1-сәбилер тобына арналған оқу қызметі

Білім беру саласы

Таным

Бөлімі

Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы

Қуыршақ Айшаны серуенге киіндіру

Әдіс-тәсілдер

  • Шаттық шеңбері
  • Сұрақ-жауап
  • Көрсету
  • Әңгімелету
  • Түсіндіру
  • Сергіту жаттығуы

Көрнекі құралдар

  • Қуыршақ
  • Қуыршақтың жылы киімдері: құлақшын, тон, бөкебай, етік (пима), биялай
  • Сюжеттік сурет: терезедегі қыс көрінісі
  • «Сиқырлы сандық»

Оқу қызметінің барысы

Бұл сабақта балалар қыс мезгілінің ерекшеліктерін байқап, жылы киінудің маңызын түсінеді және қуыршақ Айшаға серуенге дұрыс киінуге көмектеседі.

1) Амандасу және шаттық шеңбері

Тәрбиеші балаларға ерекше күн екенін айтады: топқа қонақтар келген. Балалар қонақтармен және жаңа күнмен амандасады. Содан соң тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырады.

Қол ұстасып, кәне біз
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру,
Қандай жақсы дос болу!

Қайырлы таң, ержүрек ұлдар!
Қайырлы таң, нәзік қыздар!

Тәрбиеші: «Балалар, мен қолымда не ұстап тұрмын?» — деп сұрайды. Балалар: «Қуаныш гүлін!» — деп жауап береді.

Тәрбиеші қуаныш гүлін күнге сәттілік тілеп, балаларға сыйлау арқылы жақсы көңіл күй қалыптастырады.

2) Қыс мезгілін бақылау

Тәрбиеші балаларды терезе алдына шақырып, сыртқы көрініске назар аудартуды ұсынады: «Қазір қай жыл мезгілі?»

Жыл мезгілі

Қыс

Қыстың белгілері

Қар жауады, күн суытады, су мұзға айналады.

Адамдар қалай киінеді?

Жылы киім киеді.

3) Қонақ: қуыршақ Айша

Осы сәтте әуен ойналып, бөлмеге қуыршақ Айша кіреді. Оның көңіл күйі жоқ. Балалар қуыршақпен амандасады.

Диалог

Айша: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен қуыршақ Айшамын.»

Тәрбиеші: «Айшажан, саған не болды?»

Айша: «Далаға серуендеуге шықтым, бірақ тоңып қалдым.»

Тәрбиеші: «Далада қыс қой. Серуенге шыққанда біз қалай киінеміз?»

Балалар: «Жылы киінеміз!»

Тәрбиеші: «Қуыршақ Айша жылы киінуді білмейтін сияқты. Оған көмектесеміз бе?» Балалар келіседі.

4) «Сиқырлы сандық» және киімдерді таныстыру

Тәрбиеші «сиқырлы сандықты» көрсетіп, ішінен қысқы киімдерді шығарады: құлақшын, биялай, пима (етік), тон, бөкебай.

Құлақшын Тон Пима / етік Биялай Бөкебай

5) Сергіту сәті

Тәрбиеші балаларға өздерінің серуенге қалай киінетінін қимылмен көрсетуді ұсынады.

Серуенге барамыз,
Етік алып киеміз.
Бір етік...
Серуенге барамыз...

Тәрбиеші балаларды мақтап, Айшаға: «Көрдің бе, біз серуенге осылай дайындаламыз», — дейді.

6) Қуыршақты серуенге киіндіру (ретімен)

Айша: «Маған өте ұнады! Мен де солай серуенге киінгім келеді. Көмектесесіңдер ме?» — дейді. Балалар көмектесуге келіседі.

  1. 1-қадам

    Құлақшын кигізу

  2. 2-қадам

    Тон кигізу

  3. 3-қадам

    Аяғына пима немесе етік кигізу

  4. 4-қадам

    Биялай мен бөкебай тағу

Нәтиже

Қуыршақ Айша серуенге толық дайын!

7) Қорытынды, сыйлық және қоштасу

Айша балаларға алғыс айтып, ризашылығын білдіру үшін сөмкесінен сыйлық алып, балаларға таратады. Содан кейін тәрбиеші: «Енді бәріміз қуыршақпен бірге серуенге шығайық. Бірақ алдымен қонақтармен қоштасайық», — дейді.

Көріскенше, күн жақсы,
Сау-саламат болыңдар!

Автор туралы мәлімет

Өңір

Павлодар облысы, Ақсу қаласы

Мекеме және автор

КМҚК «Балапан» бөбектер бақшасының тәрбиешісі — Гульмира Серікқызы Кулдошбекова