Оқыту мақсаттары

Оқыту мақсаттары

2.1.1.5. 50-ге дейін 3, 4, 5-тен топтап тура және кері санау; жұп және тақ сандарды ажырату; заттар тобын 6, 7, 8, 9-дан тең бөліктерге бөлуді көрсету.

Барлық оқушылар

3, 4, 5-тен топтап санауды үйренеді.

Көптеген оқушылар

3, 4, 5-тен топтап тура және кері ретпен санауды, сондай-ақ бірдей қосылғыштардың қосындысын табуды үйренеді.

Кейбір оқушылар

Жылдам есептеу үшін топтап санауды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады

Сөйлеу тілінде заттардың тура және кері орналасу ретін қолданады.

Талқылау

Өмірде топтап санау не үшін қажет? Мысалдар келтіріңдер.

Жазу

Бірдей қосылғыштардың қосындысы түріндегі өрнектерді жазыңдар.