Оқушылардың қазақ тілі пәні бойынша бастауыш сыныпта алған білімдерін сынақ түрінде бекіту

Шығармашылық сынақ жоспары: «Білім – асыл қазына»

4 «А» және 4 «Б» сынып оқушылары арасында өтетін қазақ тілі пәнінен шығармашылық сынақтың жоспары.

Мақсаты

Оқушылардың бастауыш сыныпта қазақ тілі пәні бойынша алған білімдерін сынақ түрінде бекіту.

Міндеттері

  • Шығармашылық тапсырмалар арқылы тілдік дағдыларды жетілдіру.
  • Тілдесім, оқылым, айтылым, сөйлесім, жазылым дағдыларын дамыту.
  • Оқушылардың өздігінен ұйымдастыру, жауапкершілік және топта жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.

Ескерту

Шығармашылық сынақ барысында жүргізушілік пен негізгі ұйымдастыруды оқушылар өздері атқарады. Бұл олардың білімін еркін көрсетуіне және өзін-өзі танытуына мүмкіндік береді.

Қатысушылар және қазылар алқасы

Жүргізушілер

  • 1-жүргізуші: Кайролдина Айзере
  • 2-жүргізуші: Яровая Ксения

Бағалау және қазылар құрамы

Оқушылардың білімін, өнерін және тапқырлығын анықтап, әділ баға беретін қазылар:

  • №38 гимназия директоры: Чернышева Инесса Александровна
  • Қазақ тілі мұғалімі: Аубакирова Нүкетай Пайзулдиновна
  • Мектептің үздік оқушылары (қазылар мүшелері)

Бағалау тәртібі: әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Ашылу бөлімі (жүргізушілер сөзі)

Кайролдина Айзере

Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірлі ата-аналар, қымбатты оқушылар!

Яровая Ксения

Бүгінгі білімді, өнерлі, тапқырлар сайысына қош келдіңіздер! Бұл күн біз үшін ерекше әрі қуанышты. Бүгін өнеріміз бен білімімізді ортаға саламыз: ән де, күй де шырқалады.

Музыкалық кіріспе

«Наурыз айы» әні — Кайролдина Айзере.

Шабыттандыру сәті

Шығармашылық сынақты Ыбырай Алтынсариннің өлең жолдарымен бастау ұсынылады:

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық...

Өнер-білім бәрі де

Оқуменен табылған.

Барша қатысушыға сәттілік тілейміз!

Сынақ тақырыбы

4-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәнінен шығармашылық сынақтың тақырыбы: «Білім – асыл қазына».

Командалық құрылым және ережелер

Топтарға бөліну

4 «А» сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Әр топтың атауы болады. Топ капитандары сандарды таңдау арқылы тапсырмаларға шығу ретін анықтайды:

  • 1-нөмір — бірінші болып шығады.
  • 2-нөмір — екінші болып шығады.

1-топ: ____________________

2-топ: ____________________

1-кезең: Таныстыру

Әр топ өз атауын, ұранын және құрамын таныстырады (таңдалған нөмір реті бойынша).

1-топ: «Біздің топ…», «Біздің ұран…»

2-топ: «Біздің топ…», «Біздің ұран…»

Музыкалық нөмір

Көркем гимнастика нөмірі — Ескожинова Зерені.

Негізгі тапсырмалар

2-тапсырма: «Суреттерді сөйлету» (мәтінмен жұмыс)

Топ капитандары тақтадан түсті таңдайды. Таңдалған түске сәйкес суреттер беріледі. Әр топ сурет бойынша мәтін немесе диалог құрастырып, оқып береді және жұмысты қазылар алқасына тапсырады.

Қызыл: Наурыз мерекесі

Сары: Менің қалам — Өскемен

Көк: Спорт

Уақыт: 5 минут. Бағалау: мәтіннің жазылуы және қорғауы (тыңдалымы).

Музыкалық пауза

Черлидинг көрсетілімі — қалалық, облыстық және республикалық жеңімпаз спортшы оқушылар.

«Денсаулық — зор байлық» — спортпен шұғылдану денсаулыққа пайдалы екенін еске салатын мазмұндық үзіліс.

3-тапсырма: «Мақал — сөздің мәйегі»

Ксения конверттерді ұсынады. Конвертте реттік сандар болады: сол ретпен таңдап аласыздар. Әр конверттің ішінде мақал-мәтел тақырыбы беріледі.

  • Отан
  • Достық
  • Еңбек

Уақыт: 1 минут.

Музыкалық пауза

«Ертегілер елінде» әні — Костина Дарья.

4-тапсырма: Үй тапсырмасы — мәнерлеп оқу сайысы

Тақтадағы суреттердің бірін таңдайсыздар: қылқалам, кітап, табиғат. Таңдауға қарай авторлар/бағыттар ұсынылады.

Табиғат: Абай

Кітап: Ыбырай

Қылқалам: заманауи ақындар

Уақыт: 1 минут (үй тапсырмасы ретінде дайындалады).

Музыкалық нөмір

«Бақытты қарсы алайық» әні — «Қанатты тұлпарлар» тобы.

Капитандар сайысы: «Дода»

Әр топ капитаны 30 секунд ішінде 10 сұраққа жедел жауап береді. Қазылар әр дұрыс жауап үшін 1 ұпайдан береді.

Уақыт: 30 секунд Сұрақ саны: 10 Бағалау: әр дұрыс жауапқа 1 ұпай

Көрініс: «Ертегілер әлемінде»

Жүргізушілердің қысқа диалогы:

Айзере: Ксения, сен ертегіні жақсы көресің бе?

Ксения: Иә, Айзере, мен ертегіні жақсы көремін!

Келесі кезеңде «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі сахналанады. Қойылымға екі топтың да оқушылары қатысады.

Қазыларға ескерту: егер қойылым ұнаса, әр топқа 5 ұпайдан беріледі.

Қорытынды бөлім

Қазылар сөзі және марапаттау

Шығармашылық сынақ аяқталған соң сөз қазылар алқасына беріледі. Сонымен қатар 10-сынып оқушыларына сөз ұсынылады.

4 «А» сынып оқушыларына сертификаттар тапсырылады.

Қорытынды ән

«Атамекен» әні — 4 «А» сыныбының орындауында.

Айзере мен Ксения: Барлығыңызды жеңіспен құттықтаймыз! Қош сау болыңыздар!

Ұйымдастырушылар

Өскемен қаласы әкімдігінің Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназиясы (КММ).

  • Жауапты қазақ тілі пәні мұғалімдері:
  • Айнаш Урынбаевна Козыбаева
  • Жұлдыз Ерлановна Адайбекова