Бағдаршам өлеңі
Сабақ туралы мәлімет
- Пәні:
- Қазақ тілі
- Сабақтың тақырыбы:
- Сұраулы сөйлем
- Сабақтың типі:
- Жаңа материалды түсіндіру және игерту
- Сабақтың түрі:
- Аралас сабақ
- Пәнаралық байланыс:
- Математика, әдебиеттік оқу, дүниетану
- Әдіс-тәсілдер:
- «Сен маған, мен саған», «Миға шабуыл», «Сиқырлы шаршы», «Екі жұлдыз, бір тілек»
- Көрнекіліктер:
- Слайд, суреттер, бағдаршам түстері, ребустар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті болып бөлінетінін түсіндіру және сұраулы сөйлем туралы нақты ұғым қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру, жан-жақты ойлауға үйрету.
Тәрбиелік
Топтық жұмыс барысында өзін-өзі басқаруға, жауапкершілік пен ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі
- Топқа бөлу: оқушылар бағдаршам түстері арқылы топтарға бөлінеді.
-
Психологиялық дайындық:
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басымызды иіп бәріміз.Сыныбымыз тап-таза,
Бор да дайын тақтада.
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға. - Сабақ мақсаты: бүгін сөйлем туралы білімімізді жетілдіріп, сұраулы сөйлем жайлы мағлұмат аламыз.
Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы: 67-бет, 179-жаттығу. Әр топтағы оқушылар жазып келген әңгімелерін оқиды.
«Сен маған, мен саған»
Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді. Мақсат — өзара тыңдау мен нақты жауап беруге үйрену.
«Миға шабуыл» және суретпен жұмыс
Әр топ сурет бойынша үш түрлі сөйлем құрастырады: хабарлы, сұраулы, лепті.
Бағдаршам арқылы кері байланыс
Мұғалім сөйлемдерді оқиды, оқушылар түсінгенін бағдаршам түстері арқылы көрсетеді.
| № | Сөйлем | Түрі |
|---|---|---|
| 1 | Қыс келді. | Хабарлы |
| 2 | Қар қалың жауды ма? | Сұраулы |
| 3 | Алақай, әкем шаңғы әкелді! | Лепті |
| 4 | Қар қалың жауды. | Хабарлы |
| 5 | Ауа райы қандай жақсы! | Лепті |
| 6 | Қардан аққала жасай аласың ба? | Сұраулы |
Дәптермен жұмыс
Күннің реті жазылады.
Сұрақтар: – Балалар, қазір қай жыл мезгілі? – Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?
Көркем жазу минуты
Тақырыптық сөздер: қар, аққала, Аяз ата, шырша, шана. Оқушылар сөздерді көркем әрі сауатты жазып шығады.
Сергіту сәті: «Бағдаршам» өлеңі
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін:
Тоқта, сақтан, жол ашық,
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
67-бет, 180-жаттығу ауызша орындалады. Оқушылар сөйлемнің сұраулы екенін анықтап, дәлелдейді (сұрақ жауап алу мақсатында қойылатынын айтады).
Тақтамен жұмыс
67-бет, 181-жаттығу: хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жазады. Үш оқушы тақтаға жазады.
Ереже
Сұраулы сөйлем жасайтын сұраулық шылаулар ма, ме, ба, бе, па, пе бөлек жазылады.
Мысал: Апаң үйге келді ме?
Топтық жұмыс: ребус
Әр топқа ребус беріледі. Орындау уақыты — 3 минут. Тапсырма: ребустағы сөзді тауып, сол тақырыпқа байланысты ауызша әңгіме құрастыру.
1-топ
Кітапхана
2-топ
Қысқа дайындық
3-топ
Достық
Бағалау: топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.
Сабақты бекіту: «Сиқырлы шаршы»
Оқушылар шаршыдағы сандарды таңдап, сұрақтарға жауап береді.
Жоғарғы қатар
- 10: Сөйлем дегеніміз не?
- 20: Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
- 30: Сөйлем нелерден құралады?
Төменгі қатар
- 10: Мәтін дегеніміз не?
- 20: Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
- 30: «Әжем ауылдан келді.» сөйлемін лепті және сұраулы сөйлемге айналдыр.
Қорытындылау
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптарының дәлдігі, топтық жұмыстағы белсенділігі ескеріледі.
Үй тапсырмасы
184-жаттығу: әріптерді сызық бойымен оң жаққа жылжытып жаз. Шыққан сөзді қатыстырып әңгіме құрастыр.
Автор туралы мәлімет
- Білім беру ұйымы
- Қызылорда қаласы, №112 орта мектеп
- Мұғалім
- Бастауыш сынып мұғалімі Досманбетова Салтанат