Шығармашылық саты Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, М. Әуезов атындағы №2 ОЖББМ мұғалімі: Умарова Айдана Асқарқызы
Сыныбы
8
Пәні
Математика
Сабақтың тақырыбы
Фигураның ауданы туралы түсінік. Фигуралардың теңшамалылығы және теңқұрылымдығы.
Мақсаты
- Тік төртбұрыштың ауданы мен периметрін таба білу.
- Ауданды табудың жалпы тәсілімен оқушыларды таныстыру.
Міндеттері
- Әр оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
- Жеке белсенділігін арттыра отырып, шығармашылыққа баулу.
- Алған білімді күнделікті өмірде қолдануға дағдыландыру.
Күтілетін нәтижелер
- Оқушы аудан ұғымын түсіндіріп, негізгі қасиеттерін қолдана алады.
- Тік төртбұрыштың ауданы мен периметрін есептеп, есептер шығара алады.
- Өлшеу және есептеу дағдысын өмірлік жағдайларда қолданады.
Керекті жабдықтар
Оқулық, дәптер, есептер жинағы, слайд материалдары.
Сабақ барысы
Кіріспе
Ұйымдастыру және үй тапсырмасын тексеру
Мұғалім әрекеті
- Оқушылармен амандасады.
- Көңіл күйін және сабаққа дайындығын тексеріп, назарын жаңа тақырыпқа аударады.
- Үй тапсырмасын тексертеді.
Оқушы әрекеті
- Амандасып, оқу құралдарын дайындайды.
- Көрші оқушының дәптерін алып, өзара тексереді.
Тұсаукесер
10 минут · Қызығушылықты ояту
Сұрақтар
- Бүгін сыныпта мақтау, алғыс айту, ризашылық білдіру күні. Қандай алғыс, мақтау, ризашылық сөздерін білесіңдер?
- Өздерің осылардың қайсысын жиірек естисіңдер?
- Кімдерден естисіңдер?
- Екі есе жиірек есту үшін не істеу керек?
Талқылау: «Ойлан – бөліс – жұптас» әдісі.
Мысал жауаптар
Қорытынды ой: алғыс пен мақтауды жиірек есту үшін ұқыпты болып, тіл алғыш болу керек.
Негізгі бөлім
20 минут · Мағынаны тану
Фигуралардың ауданы ұғымын біз күнделікті өмірде жиі қолданамыз: мысалы, сынып бөлмесінің ауданы, саяжайға бөлінген жер телімінің ауданы және т.б.
Жазық фигураның ауданын анықтамас бұрын, оны кесіндінің ұзындығы ұғымымен салыстырайық. Екі кесіндінің ұзындықтары тең болса, кесінділер тең болады; екі бұрыш тең болса, бұрыштар тең болады. Ал аудандарды өлшеу кезінде бұл ұқсастық әрдайым сақтала бермейді: өзара ұқсас емес, әртүрлі фигуралардың аудандары бірдей болуы мүмкін.
Негізгі ұғымдар
- Аудандары тең, бірақ пішіндері әртүрлі фигуралар теңшамалы фигуралар деп аталады.
- Екі фигураны өзара тең бөліктерге бөліп, сол бөліктер арқылы бірін-біріне сәйкестендіруге болса, олар теңқұрамды (теңқұрылымды) фигуралар деп аталады.
Аудан туралы аксиомалар
- Тең фигуралардың аудандары тең.
- Егер фигура қандай да бір сызықпен екі фигураға бөлінсе, берілген фигураның ауданы бөліктер аудандарының қосындысына тең.
- Қабырғасы 1 өлшем бірлігіне тең квадраттың ауданы 1-ге тең.
Аксиомалардан шығатын салдарлар
- Егер бір фигура екінші фигураның бөлігі болса, онда оның ауданы екінші фигураның ауданынан кем болады.
- Теңқұрамды (теңқұрылымды) фигуралардың аудандары тең.
Тік төртбұрыштың ауданы
Қабырғалары a және b болатын тік төртбұрыштың ауданы:
S = a · b
мұндағы S — аудан.
Тапсырмалар жүйесі
1) «Алғырлық кілті»
Оқулықпен жұмыс: №319 (А деңгейі).
2) Кесте толтыру
Берілген өлшемдер бойынша периметр мен ауданды есептеп, кестені толықтыру.
3) «Біліктілік шыңы»
Үш есептен тұратын жаттығулар топтамасы.
4) «Шығармашылық саты»
Парта, сынып бөлмесі, тақта сияқты нысандардың ауданын есептеу.
Сыныптағы жұмыс форматы
- А деңгейі: 1 оқушы тақтада есеп шығарады.
- В деңгейі: 4 оқушы тақтада тапсырма орындайды.
- Қалған оқушылар орындарында өз бетімен жұмыс жасайды.
- Топтық кезеңде әр топтан 3 оқушы өз есептеуін таныстырады.
Қорытынды
10 минут · Бекіту және кері байланыс
Үй тапсырмасы
Өз үйіңнің немесе өз бөлмеңнің ауданын есептеу (өлшемдерін өлшеп, формуланы қолдану).
Рефлексия сұрақтары
- Тік төртбұрыш дегеніміз не? Оның қандай қасиеттері бар?
- Периметрдің формуласы қандай?
- Ауданның формуласы қандай?
Оқушылар жауап береді, мұғалім толықтырады және қорытынды жасайды.