Еңбектің қажеттілігін білуін, бастаған ісін талғаммен аяқтауын қадағалау

Түсінік хат

Бүгінгі ұрпақ өз мінез-құлқын, тілін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер — жас ұрпаққа оң әсер етіп, тәрбиелейтін нәзік әрі құнды дүние. Осы мақсатта 1-сыныпқа арналған мектеп компоненті негізінде «Шебер қолдар» қолөнерге баулу үйірмесі құрылды. Үйірме оқушылардың ықылас-ынтасын дамытып, болашақ маман ретінде өзін-өзі тануына мүмкіндік береді.

Оқу жүктемесі

  • Аптасына: 1,5 сағат
  • Жылына: 47 сағат
  • Сынып: 1-сынып

Үйірменің бағыт-бағдары

Сабақ барысында дарынды оқушылардың қабілетін ашуға, шығармашылығын дамытуға, ізденуге, іс-әрекетін жоспарлауға және жобалау дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасалады. Негізгі мақсат — оқушының бар зейінін шоғырландырып, ынта-жігерін арттыру.

Оқушылар табиғи материалдардан әртүрлі жануарлардың бейнесін жасауға, матамен жұмыс істеуге және қолөнердің басқа да түрлерін тереңірек меңгеруге машықтанады.

Мақсаты

  1. 1 Оқушыларды қолөнерге баулу, өнерге деген қызығушылығын және шығармашылық белсенділігін арттыру.
  2. 2 Жинақтылыққа, төзімділікке, икемділікке, ұқыптылыққа және тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Математика Бейнелеу өнері Дүниетану

Міндеттері

  • Жұмысты ұйымдастырып, қажетті материалдарды тиімді әрі ұқыпты пайдалана білу.
  • Оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
  • Еңбек мәдениеті мен техника қауіпсіздігінің бастапқы элементтерін меңгерту.
  • Еңбекке қызығушылық пен ынтаны нығайтып, ой-өрісті кеңейту.
  • Еңбектің қажеттілігін түсіндіру және бастаған істі талғаммен аяқтауға дағдыландыру.
  • Балаларды жеке басының игілігі үшін ғана емес, ортақ мүдде үшін еңбек етуге үйрету.

Күтілетін нәтижелер

  • Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және ізденімпаздыққа машықтанады.
  • Өз жұмысына және сыныптастарының жұмысына әділ баға беруді үйренеді.
  • Пәнге қызығушылығы артып, шығармашылық қабілеттері дамиды.
  • Оқушылар жұмыстары мектепішілік көрмелерге қатыстыруға ұсынылады.

«Шебер қолдар» үйірмесі: 1-сынып, аптасына 1,5 сағат, жылдық көлемі 47 сағат.