Төртінші сайыс

Сабақтың тақырыбы

Табиғат – тіршілік нәрі

Сабақтың мақсаты

  • Сабақтан тыс уақытта ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушыларды өзіндік ізденуге тәрбиелеу.
  • Қазақ жеріндегі экологиялық апат аймақтары мен табиғат туралы экологиялық білім мен тәрбие беру.
  • Оқушыларды шыдамдылыққа, өзгенің пікірін сыйлауға үйрету.
  • Туған өлкенің табиғатын аялауға баулу.
  • Салауатты өмір салтының негізгі ұғымдарын қалыптастыру.

Сабақтың түрі

«Ғажайып жетілік» сайыс сабағы

Табиғат заңдылықтары

  • Табиғаттағы барлық құбылыс бір-бірімен байланысты.
  • Ешнәрсе біржола жоғалып кетпейді (бәрі өзгеріске ұшырайды).
  • Табиғат – адамға ортақ үй, оны қорғау әркімнің міндеті.

Кіріспе сөз

Мұғалімнің үндеуі

Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіңдер ме, орман-тоғай, өзен-көлдер, таулар, құстар мен аңдар!

Біз күн сайын тек жақындарымызбен ғана емес, бізді қоршаған тірі және өлі табиғатпен де осылай амандаса білсек, жер бетіндегі құстар мен аңдар азайып, жоғалып, Қызыл кітапқа енбес еді.

Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі дүниеге келген соң тыныс алады, қоректенеді, өседі, қартаяды және ұрпақ қалдырып өмірден өтеді.

Сайыс ережесі

  • Сайыс «Экология және табиғатты қорғау» тақырыбында өтеді.
  • 7 қатысушы бақ сынайды; кезең сайын бір қатысушы ойыннан шығып отырады.
  • Әр қатысушы сайысқа арнап 3 сұрақ дайындайды.
  • Соңында бір жеңімпаз анықталып, марапатталады.

Ұйымдастыру:

Әділқазылар алқасын таныстыру, қатысушыларды таныстыру, музыкалық сәлем жолдау.

Сайыс кезеңдері

1-кезең: Ой сергіту

Тапсырма: жақша ішіндегі сөзді табу үшін тізімге сәйкес тағы бір элемент қосыңыз.

1) Экологиялық апат аймақтары

Семей, Азғыр, Тайсойған, Нарын, Балқаш, ... (Каспий)

2) Дәрілік өсімдіктер шоғырланған өңірлер

Іле Алатауы, Жетісу, ... Алатауы, Алтай таулары, ... (Жоңғар; Қаратау жоталары)

3) Қорықтар мен қорғалатын аумақтар

7 ұлттық саябақ, 17 ботаникалық, 40 зоологиялық, 2 ... (ботаникалық-геологиялық қорық)

4) Қорғауға алынған құстар

Ұлар, дуадақ, безгелдек, саңырау құр, бұлдырық, дегелек, қоқиқаз, қарамойнақ, шағала, сарыала қаз, шалшықшы, ... (Аққу)

5) Қорғауға алынған аңдар

Қар барысы, құдыр, қызыл қасқыр, арқар, Үстірт қойы, тау ешкі, қабылан, дала мысығы, сілеусін, қарақұйрық, кәмшат, көксуыр, күзен, сусар, құндыз, қаракөл, сабаншы, ... (Қоңыр аю)

6) Арам шөптер

Сасық меңдуана, құмайық, уқорғасын, қыздырма, у кекіре, дала арамсояуы, жусан жапырақты ойраншөп, ... (Ақмия)

7) Дәрілік өсімдіктер

Алтынтамыр, маралоты, дәрмене жусан, қыша, шайқурай, жалбыз, тартаржапырақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ, тасжарған, Алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр, ... (Бәйшешек)

Оқушының өлеңі

Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған. Бұл далада жылан келіп уланған, Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

2-кезең: Сөздерді оқы (шифрды шешу)

Тапсырма: берілген әріптерден дұрыс сөзді құрастырыңыз.

1) «Экология» терминін алғаш ұсынған ғалым

ЕКГЕЬКЛ

2) 1974 ж. 20 сәуірде қышқыл жаңбыр жауған ел

ЯДШЛОАНТИ

3) «Қышқыл жаңбыр» ұғымын алғаш енгізген ғалым

ТЫШМЕКН

4) Дәрмене жусаннан дәрі жасайтын фармацевтикалық зауыт орналасқан қала

ТЫШМЕКН

5) БҰҰ ұйымдастырған халықаралық кітаптың атауы

ҚЫЛЫЗПІТКА

6) Адам денсаулығына зиян келтіретін химиялық зат

КЕТІМЕ

Оқушының өлеңі

Есіліп самалындай кең даланың, Ешқашан басылмайды елге алаңым! Сөнеді аспандағы жұлдыздар да, Туған ел жүрегіңде мен қаламын! Сарылып, сағынышпен сен қарадың, Аңырап, «Анашым!» деп мен барамын. Ұшақтар күні-түні ұшып жатыр, Жоқ сынды қашықтықтың енді арасы!

3-кезең: Сұрақ–жауап

Тапсырма: сұрақтарға қысқаша әрі нақты жауап беріңіз.

  1. 1.«Экология» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?
  2. 2.Экология ұғымына анықтама беріңіз.
  3. 3.Қышқыл жаңбыр дегеніміз қандай жауын-шашын?
  4. 4.Қазақстанда «Қызыл кітап» алғаш қай жылы жарық көрді?
  5. 5.Қазақстанда атом қаруын сынау Елбасының жарлығымен қай жылы біржола тоқтатылды?
  6. 6.«Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ» нақыл сөзі қай мәтіннен алынған? Авторы кім?

Ескерту: әр қатысушы жауабын жазып, әділқазыларға тапсырады. Уақыт есепке алынады.

Оқушының өлеңі

Бұл тағдыр бабын алсын, бағын алсын, Тілесе тіпті тіл мен жағын алсын. Тек қана туған жерден айырмасын, Тұл қалған тіршілікті жалын алсын. Мәңгілік айырылғандай жыр көзінен, Жаутаңдай жан-жағына нұр көзіңмен. Осынау туған жердің бір кесегін, Келеді ала кеткің бір өзіңмен...

4-кезең: «Мен саған, сен маған»

Бағалау тәртібі

  • Қарсыласына сұрақ қойғаны үшін — 1 балл.
  • Дұрыс жауап үшін — 2 балл.
  • Кім бірінші қол көтерсе, сол жауап береді.

Сұрақтар

  1. 1.Қазақстанның жер көлемі қанша?
  2. 2.Қазақстанның алғашқы астанасы қай қала болған?
  3. 3.Ақ тары өсірілетін облысты атаңыз.
  4. 4.«Қара алтынның» отаны қай өңір?
  5. 5.Қызыл бидай қоймасы қай облыс?
  6. 6.Мақта өсірілетін облыс қай өңір?

5-кезең: «Сандар сөйлейді»

Тапсырма: төмендегі сұрақтарға нақты сандық дерекпен жауап беріңіз.

  1. 1.1 гектар орман бір тәулікте қанша кг көмірқышқыл газын сіңіріп, қанша кг оттек бөледі?
  2. 2.Қазақстанда қанша қорық бар?
  3. 3.Қазақстанда қанша табиғат ескерткіші бар?
  4. 4.Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде нешінші орын алады?

Қорытынды

Марапаттау

Жеңімпазды құттықтау және марапаттау рәсімі өткізіледі.

Үй тапсырмасы

Туған өлке табиғатына байланысты сурет салу.

Бұл сабақтың өзегі — табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру: тыңдау, пікір сыйлау, дәлелмен сөйлеу және туған жерге жанашырлықпен қарау.