Ұйқасын тап
Сайыс тақырыбы: «Бүгінгі білім – ертеңгі болашағым»
Мақсаты: оқушылардың білім-білік дағдыларын байқап, өздерін еркін ұстауға үйрету. Шапшаң ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту және білімге қызығушылығын арттыру.
Түрі: сайыс сабақ.
Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі (кіріспе)
Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Армысыздар, ұстаздар! Бармысыздар, болашақтың бастауы – балғын шақты балалар!
Алдарыңызда 2-сынып оқушыларының «Бүгінгі білім – ертеңгі болашағым» атты интеллектуалдық ойыны.
Ендеше ортаға назар аударайық: білімділер ортаға шығады. Қол соғып қарсы алып, сайыскерлерді шақырайық!
Біліміміздің артқанын, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын дәлелдейік. Баршаңызға сәттілік!
Әділқазы алқасы
Ашық жүзді, әділ қазыларымызды төрге шақырып, сайыс нәтижесін бағалауға ұсынамыз.
Интеллектуалдық ойын 7 бөлімнен тұрады. Әр сұрақтың жауабына ұпай беріледі.
Маңызды ескерту: осы сайыста жеңіске жеткен оқушы «Талап» АҚ ұсынған сыйлыққа ие болады.
Жоспар (7 бөлім)
- 1Бәйге
- 2Пән бойынша сұрақтар
- 3Мың бір мақал
- 4Жүз бір жұмбақ
- 5Ұйқасын тап
- 6Шешендік өнер
- 7Оқушының ойы: «Егер де мен…»
Жеребе суыру
Сайыскерлер дайын болса, кезеңдерді бастаймыз.
І тур. «Бәйге»
Қарап тұрмай бәйгеге ерейік,
Шәкірттерге әділ шешім берейік.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар,
Бәйге, бәйге — бәйгені бір көрейік!
І оқушы
- 1. Жапырақ қай кезде сарғаяды? (күзде)
- 2. Бір сағатта неше минут бар? (60 минут)
- 3. Қазақтың ұлттық саз аспабы? (домбыра)
- 4. Дауысты дыбыстардың түрлері? (жуан, жіңішке)
- 5. Жыл неше мезгілден тұрады? (төрт)
- 6. Жердің пішіні қандай? (домалақ, шар тәрізді)
- 7. ҚР рәміздерін ата. (ту, елтаңба, әнұран)
- 8. Қойдың төлі. (қошақан)
- 9. Әкеңнің шешесі қалай аталады? (әже)
- 10. Қазақ тілі оқулығының авторлары. (Балтабаева, Солтанғазина, Лекерова)
ІІ оқушы
- 1. Ешкінің төлі қалай аталады? (лақ)
- 2. Тудың түсі қандай? (көгілдір)
- 3. Қазақ халқының ұлы ақыны. (Абай)
- 4. Қасиетті тағам. (нан)
- 5. Мүсін неден жасалады? (саз, ағаш, металл, тас)
- 6. Қыстың көркі не? (қар)
- 7. 16 желтоқсан қандай мейрам? (Тәуелсіздік күні)
- 8. «Торғай шырылдайды, қаз…» (қаңқылдайды)
- 9. Жылдан құр қалған жануар. (түйе)
- 10. Ұя салмайтын құс. (көкек)
ІІІ оқушы
- 1. Судың түсі қандай? (түссіз, мөлдір)
- 2. Көру мүшесі. (көз)
- 3. 7 күнді не дейміз? (апта)
- 4. Білім ұясы. (мектеп)
- 5. Көшет қай мезгілде отырғызылады? (көктемде)
- 6. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)
- 7. Математика оқулығының авторлары. (Ақпаева, Лебедева, Буровова)
- 8. Бір жылда неше ай бар? (12)
- 9. Жылқы иесі. (Қамбар ата)
- 10. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)
IV оқушы
- 1. Аспанның түсі қандай? (көк, көгілдір)
- 2. Түн ұйқысын төрт бөлген адам. (ана)
- 3. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)
- 4. Әліпбидің ең соңғы әрпі. (я)
- 5. Екі өркешті жануар. (түйе)
- 6. Адам өміріне не қажет? (ауа, су, жарық)
- 7. Жаяу жүргінші бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреді? (жасыл)
- 8. Жұлдыздар қай кезде пайда болады? (түнде)
- 9. Әнұран авторлары. (Ш. Қалдаяқов, Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов)
- 10. Дыбыстар неше түрге бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)
V оқушы
- 1. Іс-қимылды білдіретін сөзге мысал келтір. (жүрді)
- 2. Жылдың ең соңғы айы. (желтоқсан)
- 3. Балық қайда болады? (суда)
- 4. Ы. Алтынсарин кім? (ұстаз)
- 5. «Ақтөс» ит, ал «Марат» кім? (адам)
- 6. Адамдарға қандай сұрақ қойылады? (кім? кімдер?)
- 7. Елтаңбаның авторлары. (Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов)
- 8. Әкеңнің әкесі саған кім болады? (ата)
- 9. Судың пішіні бола ма? (пішінсіз)
- 10. Иіс сезу мүшесі. (мұрын)
Ескерту: бұл бөлім аяқталған соң келесі кезеңге өтеміз.
ІІ бөлім. Пән бойынша сұрақтар
Математика
Ұшқыр ойға ерік беріп, шеберлік танытайық. Сөз кезегін математикаға берейік.
- 1. 19 − 5 = 14
- 2. 1 дм неше см? (10 см)
- 3. Айырманың мәніне азайтқышты қосқанда не шығады? (азайғыш)
- 4. 9 ондық, 3 бірліктен тұратын сан. (93)
- 5. 1 ғасырда неше жыл бар? (100)
- 6. Шаршы дегеніміз не?
- 7. Альбомда 15 түрлі-түсті фото бар, ал жай фотосурет одан 7-еуі кем. Неше жай фотосурет бар? (8)
- 8. 7 + 9 = 16
- 9. 19 − 7 = 12
- 10. Сенде 15 теңге бар. 8 теңгеге қарындаш сатып алдың. Қанша теңге қалды? (7)
Қазақ тілі
Әр тілде сөйлеу – адамды танытар. Ана тілін білмеу – үлкен кемшілік. Қазақ тілі – мәңгілік құндылық.
- 1. Заттың іс-қимылын білдіретін сөздерге мысал келтір.
- 2. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?
- 3. Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата. (б, в, г, ғ, д, ж, з)
- 4. Мақалдан етістікті тап: «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады».
- 5. Сөйлем неден құралады? (сөзден)
- 6. Сөйлемнен заттың сынын білдіретін сөзді тап: «Терісі жазда сұр түске өзгереді».
- 7. Ауызекі тіл дегеніміз не? (бетпе-бет сөйлесу, өзара қарым-қатынас)
- 8. Белгілі бір мәтіннің мазмұнын жазбаша баяндау. (мазмұндама)
- 9. «Р» дыбысы дауыссыздың қай түріне жатады? (үнді)
- 10. «Күз» сөзінде неше буын бар? (бір)
Дүниетану
- 1. Дүниетану оқулығының авторы. (Аймағамбетова)
- 2. Көкжиек дегеніміз не? (көз жеткен жерге дейінгі кеңістік)
- 3. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (компас)
- 4. Көкжиектің негізгі төрт тұсын ата. (С, О, Б, Ш)
- 5. Бізді қоршап тұрған, бірақ көрінбейтін мөлдір зат. (ауа)
- 6. Судың қасиеттерін ата. (пішінсіз, түссіз, мөлдір, дәмсіз, иіссіз)
- 7. Өмір сүру үшін адамға не қажет?
- 8. Бұлақта, өзенде, көлде, теңізде болатын сұйық зат. (су)
- 9. Ауаны ластайтын заттарды ата.
- 10. От жану үшін не қажет? (ауа)
Әдебиеттік оқу
- 1. «Сұлтан Бейбарыс» әңгімесі не туралы? (тұмар)
- 2. «Айгөлек» журналының авторы. (Қ. Әбділда)
- 3. «Шежірелі жерлер» әңгімесіндегі Қазығұрт дегеніміз не? (тау)
- 4. Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты? (1991 жылғы 2 қазан)
- 5. «Ең бірінші бақытым…» өлеңінің авторы. (М. Мақатаев)
- 6. «Өз үйім – өлең төсегім» тіркесінің мағынасын түсіндір.
- 7. Әлкей Марғұлан кім? (атақты ғалым)
- 8. Әдебиеттік оқу кітабының авторлары. (Иманбекова, Мадиева)
- 9. «Қазақ тілі — мемлекеттік тіл» деп қай құжатта айтылған? (Ата заңда)
- 10. «Талай ақын жыр еткен…» жолдары қай қала туралы? (Астана)
Аралас сұрақтар
- 1. Домбырада неше ішек бар? (екі)
- 2. Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата. (к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ)
- 3. Жаңылтпаш дегеніміз не? (шапшаң айтылатын қысқа өлең)
- 4. 17 − 6 = 11
- 5. 1 ондық 7 бірліктен тұратын сан. (17)
- 6. Тірі табиғатты ата. (адам, жануар, өсімдік)
- 7. Құбылнаманың ең негізгі бөлігі. (қозғалмалы тілше)
- 8. Ауаның қасиеттері. (мөлдір, түссіз, пішінсіз, сығылады, иіссіз)
- 9. Табиғаттағы су неше күйде кездеседі?
- 10. «Омар ойыннан кеш келді» сөйлемінен іс-әрекетті білдіретін сөзді тап.
ІІІ тур. «Жүз бір жұмбақ»
Өлең, мақал, жаңылтпаш, ертегі, жыр —
Мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр.
- 1. Ти десе тимейді, тиме десең тиеді. (ерін)
- 2. Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама. (кітап)
- 3. Аппақ дала, қара дән — дәнін сепкен түсінуге жараған. (әріптер)
- 4. Өзім сөзден тұрамын, аяқталған ойды құрамын. (сөйлем)
- 5. Ауыл сыртында, сайда жатыр үлкен айна. (мұз)
- 6. Қант емес — қатты, мұз емес — тәтті. (сәбіз)
- 7. Күн күледі, жер түлейді. (көктем)
- 8. Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады. (пияз)
- 9. Шөпшілердің шөбін шашты, қалпағымды ала қашты. (жел)
- 10. Жайса көлдей, жиса еңдей. (кітап)
IV тур. «Мақал–мәтел мәйегі»
Кім көп мақал біледі?
Бұл кезеңде оқушылар мақал-мәтелдерді көбірек айтып, мағынасын түсіндіруге тырысады.
V тур. «Ұйқасын тап»
Өлең жолдарын жалғастыр
Жаңбыр жауып жабылды,
Аспан шайдай ашылды.
… … …
Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
… … …
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
… … …
Айдын көлді сағынып,
Қаздар қанат қақты бір.
… … …
Мақтан етем ұстазымның әр ісін,
Білім беріп сусындатқан бәрі үшін.
… … …
VI бөлім. «Егер де мен…»
Ойтолғау тақырыптары
- Егер мен Президент болсам…
- Егер мен досыммен ренжісіп қалсам…
- Егер мен сабаққа дайындықсыз келсем…
- Егер мен ақша тауып алсам…
Мақсат
Оқушы өз ойын анық, мәдениетті түрде жеткізіп, шешім қабылдау және жауапкершілік туралы пікірін білдіреді.
VII бөлім. «Шешендік өнер»
Сөйлеу тақырыптары
- Менің Отаным
- Білім – өмір шырағы
- Менің ұстазым
- Кім болам?
Қорытынды
Бүгінгі сайысымыз аяқталды. Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына беріп, жеңімпазды анықтаймыз.