Желілік адаптер - компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы

Сабақтың тақырыбы

Жергілікті желілер

Мақсаты (білімділік)

Жергілікті желілердің түрлерін ажырата білуге, мүмкіндіктерін түсінуге, салыстыру арқылы артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға үйрету.

Мақсаты (дамытушылық)

Жергілікті желі технологияларының топологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін қолданбалы түрде меңгерту, ой-өрісін дамыту, өзіндік әрекетін және шығармашылығын арттыру.

Мақсаты (тәрбиелік)

Оқушыларды жан-жақты болуға, ізденімпаздыққа, өз бетімен және жұптық жұмыс істеуге, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу; пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі

Топтық жарыс, СТО технологиясының элементтерін қолдану

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Кеспе қағаздар
  • Слайдтар
  • Өзін-өзі бағалау парағы
  • Трек-конспектілер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

5 минут

  • а)Оқушылармен амандасу
  • ә)Оқушыларды түгендеу
  • б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару
  • в)Сабақтың мақсатымен таныстыру

II. Үй тапсырмасын тексеру

Еске түсіру кезеңі: «Топтастыру» стратегиясы.

III. Оқушылардың білімін тексеру

5 минут

  1. Көптеген жергілікті, аймақтық және корпоративтік желілерді біріктіретін ауқымды компьютерлік желі: Интернет.
  2. Үлкен қашықтықта жұмыс істеп, пайдаланушыларды кең қамтитын есептеуіш желілер: телекоммуникациялық желілер.
  3. Бір қала мен аудан немесе бір мемлекет аумағында орналасқан мекемелерді өзара біріктіретін желі: аймақтық желі.
  4. Компьютерді телефон желісі арқылы желіге қосу үшін қажет құрылғы: модем.
  5. Әртүрлі желілерді өзара байланыстыратын құрылғы/түсінік: шлюз.
  6. Интернеттің пайда болған уақыты мен елі: 1969 ж., АҚШ (Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша).
  7. Интернет қызметін ұйымдар мен тұлғаларға ұсынатын компания: провайдер.
  8. Біздің провайдеріміз: Қазақтелеком.

Жаңа сабақ

«Түртіп алу» кезеңі — 15 минут

Жергілікті желі дегеніміз не?

Жергілікті желі (LAN) — бірнеше компьютерді біріктіруге арналған желі. Ол шектеулі аймақта (бір бөлме, бір кабинет, бір мекеме) орналасқан компьютерлерді байланыстырады.

Желі құрудың негізгі себептері

  • Өндірістік процестерді автоматтандыру
  • Құжаттарды жедел өңдеу және бөлісу

Негізгі құрамдас бөліктері

Желіге қосылған әр компьютерде желілік адаптер (арнайы тақша) болуы керек. Компьютерлер әдетте кабельдер арқылы байланысады.

Кабель түрлері

  • Есілген жұп сым (twisted pair)
  • Коаксиалды
  • Оптоталшық (fiber)

Желілік адаптер — компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы. Кең тараған түрлері: Ethernet, Token Ring, ArcNet.

Ақпарат байланыс тораптары арқылы сандық түрде беріледі. Байланыс желісі сымды және сымсыз болып бөлінеді.

Желілік құрылғылар

Желілік құрылғыларға концентратор (hub) және коммутатор (switch) жатады. Олар мәлімет алмасу сапасын жақсартады, сондай-ақ әртүрлі стандарттарды қолданатын желінің бөліктерін біріктіруге көмектеседі.

Екі компьютерді тікелей қосу

Екі компьютерді желіге қосудың қарапайым әрі тиімді тәсілі — тікелей кабельдік жалғау. Бұл жағдайда қосымша желілік құрылғылар қажет емес.

Компьютерлер бір-біріне порттар арқылы қосылады. Тікелей жалғауда бір компьютер жетекші, екіншісі жетектегі болады: жетекші компьютер жетектегі компьютердің бумаларына, дискісіне, принтеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Жергілікті желінің түрлері

  • Клиент–сервер — бір орталықтан басқарылатын желі.
  • Бірдеңгейлі (тең дәрежелі) — барлық компьютерлердің мүмкіндіктері шамалас, ресурстар бір-бірімен тең негізде бөлісіледі.

Клиент–сервер үлгісі

Негізгі ұғымдар

Клиент
Өзіне қызмет көрсетуді сұрайтын объект (компьютер немесе бағдарлама).
Сервер
Басқаларға қызмет көрсететін объект.

Файлдық сервер және ортақ ресурстар

Егер желіде оны басқаруға арнайы бөлінген қуатты компьютер (файлдық сервер) болса, желі клиент–сервер түріне жатады. Сервер ортақ пайдалануға арналған ресурстарды сақтайды және ұсынады.

Ортақ ресурстарға мысалдар

  • Электрондық пошта
  • Факс
  • Модем
  • Принтерлер

Желі топологиясы

Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады.

Шиналық топология

Ең қарапайым топология. Барлық компьютерлер бір кабельге тізбектей жалғанады.

Сақина топологиясы

Компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады.

Жұлдыз топологиясы

Файлдық серверлерге негізделген желіде құрылғылар жұлдыз схемасы бойынша қосылады.

Ақшақар (снежинка) топологиясы

Көп қабатты ғимараттарда әр қабаттағы жеке серверлерді бүкіл мекемеге ортақ сервермен байланыстыратын құрылым. Мекеменің қажеттілігіне қарай топология таңдалып, осындай жағдайда «ақшақар» схемасын қолдану тиімді болуы мүмкін.

Маңызды ескерту

Құрылғылардың құрамы мен бағдарламалық жабдық топологияға байланысты анықталады. Сондықтан желі топологиясы мекеменің талаптарына сай таңдалады.

VI. Сабақты түсінгенін тексеру

5 минут

«Суреттерді табайық» ойыны, «Кубизм» стратегиясы. Шарты: кубикті лақтырып, түскен санға сәйкес тапсырманы таңдау.

VII. Бекіту

5 минут

«Әр сұраққа бір жауап» — информатикалық диктант

Компьютерлік желілер ауқымы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді.

Жауабы: масштабы

Компьютерді телефон желісі арқылы желіге қосу үшін желілік тақша емес, құрылғы қажет.

Жауабы: модем

Желілік құрылғыларға мен жатады.

Жауабы: концентратор, коммутатор

Жергілікті желінің түрі бар: және .

Жауабы: екі, клиент–сервер, бір рангілі

Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі деп аталады.

Жауабы: топология

Ең қарапайым топология — .

Жауабы: шина

VIII. Бағалау және үй тапсырмасы

«Білім шыңы» кезеңі: оқушылардың жұмысын бағалау және үй тапсырмасын беру.