Оқушылардың логикалық ойлау және танымдық қызығушылығын, интуиция, өздігінен жұмыс атқару қабілеттерін дамыту

Сабақ туралы

Бұл сабақта екі өрнектің квадраттарының айырымы тақырыбы қарастырылады. Оқушылар формуланы қолдану арқылы есептер шығарып, оны түрлі тапсырмаларда бекітеді.

Сабақтың тақырыбы

Екі өрнектің квадраттарының айырымы

Сабақтың түрі

Жаңа білімді бекіту сабағы

Сабақтың типі

СТО элементтері, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың әдістері

Практикалық жұмыс, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Екі өрнектің квадраттарының айырымы формуласы арқылы есептер шығаруды меңгерту және қолдану дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық қызығушылығын, интуициясын және өздігінен жұмыс істеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа тәрбиелеу; өз ойын ашық айтуға және тапсырманы мұқият орындауға баулу.

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • Кесте
  • Жетондар
  • Топшамалар
  • Үлестірмелі қағаздар
  • Формула жазылған плакат
  • Слайд

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Оқушылармен амандасу және түгелдеу.
  2. 2 Сыныпты төрт топқа бөлу: Қосу, Азайту, Көбейту, Бөлу.
  3. 3 Психологиялық тренинг: «Шаттық шеңбер» арқылы сабақты бастау.

«Шаттық шеңбер» мәтіні

Балалар, енді қол ұстасып, алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіз айтып, сабағымызды бастайық:

Қуанамын мен де, (өзімді көрсетемін)

Қуанасың сен де, (жанындағы досымды көрсетемін)

Қуанайық, достарым, (бір-біріміздің қолымыздан ұстаймыз)

Арайлап атқан күнге, (қолымызды жоғары көтереміз)

Бағалау

Оқушылар өз жетондары арқылы өзін-өзі бағалайды. Бағалау шкаласы:

5 4 3