Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Әдіс-тәсілдері
- Түсіндіру, оқулықпен және жұмыс дәптерімен жұмыс
- Көрнекілігі
- Периодтық кесте
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларға метал атомдарының және олардың электрондық құрылысының ерекшеліктерін түсіндіру, осы ерекшеліктермен байланысты ортақ физикалық қасиеттерін жүйелеу.
Дамытушылық
Металдық байланыс ұғымын нақтылау, химиялық байланыстар туралы білімді толықтыру және пысықтап бекіту.
Тәрбиелік
Металдардың қолданылу аясын көрсету арқылы олардың адам өміріндегі және халық шаруашылығының әртүрлі салаларындағы маңызын түсіндіру.
Сабақтың барысы
-
1) Ұйымдастыру
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
- Сабаққа даярлық
-
2) Үй тапсырмасын тексеру
- §55 тақырыбы бойынша түсінігін сұрау
- Есептердің орындалуын тексеру
-
3) Жаңа сабақтың мақсатын қою
Металдардың қасиеттеріне жалпы сипаттама беру және жемірілу құбылысын түсіндіру.
-
4) Жаңа сабақты түсіндіру
Жемірілу дегеніміз не?
Металдар мен құймалар әртүрлі заттармен жанасқанда олармен әрекеттесіп, химиялық қосылыстар түзеді. Әсіресе жаңбыр, топырақ ылғалы және ауа әсерінен қоршаған ортадағы металдар бүлініп, біртіндеп желінеді. Нәтижесінде металл бұйымның қасиеттері өзгеріп, беріктігі төмендейді.
Қоршаған орта факторларының әсерінен металдың желіну құбылысы жемірілу деп аталады.
Барлық металл бірдей жеміріле ме?
Металдардың бәрі бірдей жемірілуге ұшырай бермейді. Кернеу қатарында күмістен кейін орналасқан металдар бекзат металдар деп аталады, олар іс жүзінде бүлінбейді.
Ал кернеу қатарында магнийдің сол жағында орналасқан сілтілік және сілтілік жер металдары керісінше, өте белсенді: олар кәдімгі жағдайдың өзінде қоршаған ортадағы көптеген заттармен оңай әрекеттеседі. Сондықтан мұндай металдар көбіне қондырғылар мен аппараттар жасауға тікелей пайдаланылмайды.
Жемірілуге төзімділік және қорғаныш қабықша
Кернеу қатарының орта шенінде жемірілуге баяу ұшырайтын металдар орналасады. Олардың кейбірі (мысалы, Mg, Zn, Al, Cr, Ni) жемірілуге салыстырмалы түрде төзімді, себебі олардың бетінде оксидтен тұратын өте жұқа қабықша түзіліп, металды қоршаған ортамен жанасудан қорғайды.
Жемірілудің түрлері
- Электрохимиялық жемірілу
- Химиялық жемірілу
Жемірілумен күресу жолдары
- 1 Металдарды қорғаныш беттік қаптамалармен қаптау.
- 2 Жемірілуге төзімді қасиеттері бар құймалар қолдану.
- 3 Электрлік қорғау (катодтық/анодтық қорғау әдістері).
- 4 Орта құрамын өзгерту (ылғалдылықты, тұздарды, қышқылдықты азайту және т.б.).
- 5 Металдарды қазіргі заманғы конструкциялық материалдармен алмастыру.
-
5–6) Түсінігін тексеру және бекіту
№1–7 жаттығуларды орындау.
-
7) Үй тапсырмасы
§5–6 оқу.