Ересектердің еңбегі

Білім беру саласы

Әлеуметтік орта

Бөлімі

Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы

Ересектердің еңбегі

Мақсаты

Білімділік

Ересектердің еңбегімен таныстыру, суреттер арқылы олардың атқаратын жұмыстарын әңгімелеу.

Дамытушылық

Ересектердің қызметі, туыстарының немен айналысатыны және үйдегі іс-әрекеті туралы түсінік қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні

Ересектердің еңбегін құрметтеуге, оның нәтижесіне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілік

  • Ересектердің еңбегін бейнелейтін суреттер.
  • Ересектердің әртүрлі қызметтері мен мамандықтарын танытатын материалдар.

Әрекет кезеңдері

Мотивациялық-қозғаушылық

Табиғат 06–04, Ә №1

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ересектердің еңбегі туралы әңгімелесеміз. Мен тәрбиешімін: күні бойы сендерге қараймын, далаға шығарамын, өлең оқып беремін, ертегі айтамын — мұның бәрі менің еңбегім.

Біздің топта тағы кімдер еңбек етеді?

Міне, көрдіңдер ме, біздің топта осындай еңбектерді апайлар атқарады.

Өлең:

Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.

Балалардың іс-әрекеті

Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.

Көмекші апайдың еңбегін атап өтеді: ол бізге тамақ әкеледі, төсектерімізді жинайды, топтың ішін реттейді.

Іздену-барлау

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Ал сендердің үйлеріңде ата-аналарың қандай жұмыстар істейді?

Үлкендердің бәрі де еңбек етеді. Олардың жасаған еңбегін бағалап, құрметтеу қажет.

Үйге барғанда үлкендерге көмектесіп, ата-аналарыңа қолғабыс жасаңдар.

Балалардың іс-әрекеті

Балалар өз отбасында кімнің қандай іс-әрекет жасайтынын айтады:

  • Анам тамақ пісіреді.
  • Апайым үй жинап, гүлдерге су құяды.
  • Әкем жүргізуші болып жұмыс істейді.
  • Әжем тоқыма тоқиды.
  • Ағам дәрігер.

Сергіту сәті

Табиғат 06–04, Ә №2

Өлең-қимыл

Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық,
Белімізді жазайық,
Айналаға қарайық.
Отырайық-тұрайық,
Біз тынығып алайық.

Орындау

Балалар өлеңді айтып, қимылмен көрсетеді.

Рефлексивті қорытындылау

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Енді біз де еңбек етіп көрейік: орнымыздан тұрып, гүлдерге су құйып, түбін қопсытайық және үлкендерге қолғабыс жасайық.

Балалардың жартысы көмекші апайға үстелді жабдықтауға көмектессін.

Рахмет, балалар! Әрдайым үлкендердің еңбегін бағалап жүріңдер.

Балалардың іс-әрекеті

Балалар қуана келіседі.

Гүлдерді суғарады, ойын бұрышын реттейді.

Көмекші апайға үстел жабдықтауға көмектеседі.