Тәрбиеші
Сабақ туралы мәлімет
Тәрбиеші
Марал Мұсахан
Білім беру саласы
Таным
Бөлімі
Құрастыру
Тақырыбы
Кірпі (жаңғақ, шемішке, ермексаз)
Мақсаты
-
Орман аңдары туралы білімдерін бекіту.
-
Түстерді дұрыс әрі нақты қолдануға өз бетінше дағдыландыру.
-
Ермексазды тиімді пайдалануға және кірпіні ұқыпты жасауға үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар
Ермексаз
Кірпінің денесін және ұсақ бөлшектерін жасауға.
Шемішке дәндері
Кірпінің инелерін сәндеуге.
Грек жаңғағы
Негізгі пішін ретінде үлгілеуге.
Үлгі көрнекіліктер
Сурет және дайын үлгі арқылы түсіндіруге.
Мотивациялық-қозғаушы кезең
Педагогтің әрекеті
-
Кірпі туралы жұмбақ жасырады.
-
Кірпі туралы ертегілерді еске түсіруге бағыттайды.
-
Үлгі сурет бойынша талдау жасап, бүгін жасалатын кірпінің ерекшелігін түсіндіреді.
-
Сурет үлгілерін көрсетеді.
Балалардың әрекеті
-
Жұмбақтың шешуін табады.
-
Кірпі туралы ертегілерді естеріне түсіреді.
-
Үлгіге қарап кірпі жасауды үйренеді.