Шоқанға мінездеме бер
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пәні: Ана тілі
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы — «Екі шыбын»
Түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: ой шақыру, сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекіліктер
- Автордың суреті
- Тірек-сызбалар
- Кеспе қағаздар
Сабақтың мақсаты
Білімдік
«Екі шыбын» өлеңінің мазмұнын меңгерту, мән-мағынасын ашу.
Дамытушылық
Өздігінен жұмыс істеу арқылы ой-өрісті дамыту, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Еңбексүйгіштікке баулу, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Назарын сабаққа аудару.
II. Психологиялық сәт
Мынау менің жүрегім,
Елімді мен сүйемін.
Жақсылыққа жақын боп,
Әрдайым күліп жүремін.
III. Үй тапсырмасын тексеру
Мазмұндау
Сапарғали Бегалиннің «Қырдың жас түлегі» әңгімесін мазмұндау.
Жазба тапсырма
Шоқанның суреті және өмірі туралы қысқаша жазу.
Сұрақ-жауап
- 3-сыныпта Шоқан туралы қандай әңгіме оқыдың? («Қырдан келген жас қазақ»)
- Анатолийге мінездеме бер. (Қолынан ештеңе келмейтін, мақтаншақ, жағымпаз.)
- Шоқанға мінездеме бер. (Өз елін, табиғатын сүйеді; мінезімен сыйлы; жақсы мен жаманды айыра біледі.)
IV. Ой шақыру
Ызыңдап ән салады,
Жұп-жұқа қанаты.
Тәттіге тамсанып,
Қоқысқа қонады.
V. Жаңа сабақты меңгерту
Бүгінгі сабағымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Екі шыбын» өлеңімен танысамыз.
Ахмет Байтұрсынұлы туралы
- 1873 жылы дүниеге келіп, 1938 жылы дүниеден өткен.
- Көрнекті ғалым, дарынды ақын, қоғам қайраткері.
- Қостанай облысындағы Сартүбек өңірінде туған.
- Араб әрпі негізінде қазақтың тұңғыш әліппесін жазды.
- «Қазақ» газетін шығаруға атсалысты.
- «Ұлтшыл» деген жаламен тұтқындалып, жазықсыз жалаға ұшырады.
VI. Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Тізбектей оқу.
VII. Дәптермен жұмыс
Шылауында — біреудің ырқында, жетегінде болу.
VIII. Сергіту сәті
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық.
Басты солға бұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
Кестемен жұмыс
| Сұрақ | Сипаттама |
|---|---|
| 1-ші шыбын қандай? | Мақтаншақ |
| 2-ші шыбын қандай? | Кішіпейіл |
IX. Сабақты бекіту
«Шыбын аулау» ойыны
Қайталау және қорытындылау- Өгіз қайдан келе жатты?
- Шыбынға кім кездесті?
- Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары қай кітабына енгізілген?
- Қай мысалды оқыдық?
X. Үй тапсырмасы
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- «Екі шыбын» тақырыбында эссе жазу.
XI. Бағалау
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау және бағалау.