Антоним сөздер
Сабақтың тақырыбы: Антоним сөздер
Пәндер
Қазақ тілі
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың түрі
Жаңа материалды таныстыру
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ–жауап
- Тест
- Талдау жұмыстары
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Жаңа тақырыпты жүйелі түрде түсіндіру; оқушыға мысалдарды талдату арқылы ережені өзіне қорыттыру; тақырыпты саналы меңгерту.
Дамытушылық
Бұрынғы білімді жаңа біліммен байланыстыра білу қабілетін дамыту; ойлау мен зейінді жетілдіру; білім-білік дағдыларын, талдау машығын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Ұлттық салт-дәстүрді, рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу; тапқырлыққа баулу; адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекіліктер
- Оқулық
- Интерактивті тақта
- Тест сұрақтары
- Фонетикалық талдау сызбасы
- Мақал-мәтелдер, жұмбақтар
- Перфокарта
Сабақтың өтілу алгоритмі
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық — 2 мин
-
2
Үй тапсырмасын сұрау
Қайталау сұрақтары (ой ашу) — 3 мин
Тест сұрақтары — 3 мин
-
3
Сөзжұмбақ
— 6 мин
-
4
Жаңа сабақ
Слайдпен жұмыс — 4 мин
Ойын: «Сыңарын тап» — 5 мин
-
5
Тірек сызбамен жұмыс
— 5 мин
-
6
Оқулықпен жұмыс
96-жаттығу — 5 мин
-
7
Сергіту сәті
— 1 мин
-
8
Кеспе қағазбен жұмыс
— 5 мин
-
9
Сабақты бекіту
— 5 мин
-
10
Үйге тапсырма
97-жаттығу — 1 мин
-
11
Бағалау
Оқушылардың жұмысына қорытынды баға қою
Сабақтың барысы
1-кезең. Ұйымдастыру (психологиялық дайындық)
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Ескерту: бір-бірімізді қол шапалақтап қолдап қоямыз.
2-кезең. Үй тапсырмасын сұрау (қайталау)
Қайталау сұрақтары
- 1.Лексика нені зерттейді?
- 2.Сөздің тура және ауыспалы мағынасына түсінік бер.
- 3.Сөздің көп мағыналылығын қалай түсінесің? Мысалмен дәлелде.
- 4.Омоним деген не? Оны көп мағыналы сөзден айырмашылығын айт.
- 5.Синоним деген не? Мысал келтір.
Тестпен жұмыс
1-қатар
1) Зат есімнен болған синонимдер қатарын тап
- A) пішін, адам, әлпет
- Б) мұғалім, ұстаз, оқытушы
- В) көркем, сұлу
2) Омоним болатын қатарды тап
- A) жерді бас, таудың басы
- Б) адамның тамыры, ағаштың тамыры
- В) алманы жу, алманы же
3) Толық мағыналы сөзді көрсет
- A) дейін
- Б) білім
- В) туралы
2-қатар
1) Зат есімнен болған синонимдер қатарын тап
- A) терек, мектеп, оқушы
- Б) жылдам, тез арада
- В) қойшы, бақташы, шопан
2) Омоним болатын қатарды тап
- A) кең бөлме, кең көйлек
- Б) қара шалбар, маған қара
- В) кітапты қой, дәптерді қой
3) Толық мағыналы сөзді көрсет
- A) жөн
- Б) керек
- В) оқулық
Дұрыс жауабы (өзіңді тексер)
1-қатар
- 1 — Б
- 2 — А
- 3 — Б
2-қатар
- 1 — В
- 2 — Б
- 3 — В
3-кезең. «Мықты болсаң, тауып көр» (сөзжұмбақ)
Сөзжұмбақ шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаймыз.
1. Құпия сөздің синонимі: жұмбақ
2. «Тіс жармады» тіркесінің мағынасы: үндемеді
3. Мақалды жалғастыр: «Татулық — табылмас ...»: байлық
4. Әрі жуан, әрі еріндік, әрі ашық дауысты дыбыс: О
5. Бір-біріне мағынасы жақын сөздерді ... дейді: синоним
6. Дыбысталуы бірдей, мағынасы басқа сөзді ... дейді: омоним
7. «Сұлу» сөзінің синонимі: әдемі
Жаңа тақырып: Антоним
Анықтама
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.
Жасалу жолдары
- Жұрнақ жалғану арқылы: сулы — сусыз
- «Емес» сөзін тіркестіру арқылы: үлкен — үлкен емес, әдемі — әдемі емес
- Болымсыздық арқылы: бар — барма
Ойын: «Сыңарын тап»
Берілген сөздерге антоним сыңарын табыңдар.
- Биік — аласа
- Жақын — алыс
- Ұзын — қысқа
- Тез — баяу
- Алды — арты
- Ақ — қара
- Таза — лас
- Дос — қас
- Ыстық — суық
- Бар — барма
- Жарық — қараңғы
- Іші — сырты
- Жуан — жіңішке
- Үсті — асты
- Құрғақ — ылғалды
- Кең — тар
Тіркесті үлгілер
- Әдемі — әдемі емес
- Сүйкімді — сүйкімсіз
- Сәнді — сәнді емес
- Ащы — тұщы
5-кезең. Тірек сызба бойынша фонетикалық талдау
Талдау жоспары
- 1.Айтылуы, жасалуы, жазылуына қарай: жуан, жіңішке, аралас буынды сөз.
- 2.Буын түрлері: ашық, тұйық, бітеу.
- 3.Тасымал.
- 4.Екпін.
- 5.Буын үндестігі.
Үлгі талдау: «ҚҰРҒАҚ»
1) Жуан буынды сөз.
2) Буынға бөлу: ҚҰР–ҒАҚ (бітеу буын).
3) 1 жолмен тасымалданады: құр-ғақ.
4) Екпін соңғы буынға түседі: -ғақ.
5) Буын үндестігіне бағынады.
Дыбыстық мінездеме
- Қ — қатаң
- Ұ — жуан, еріндік, қысаң
- Р — үнді
- Ғ — ұяң
- А — жуан, езулік, ашық
- Қ — қатаң
6-кезең. Оқулықпен жұмыс
96-жаттығу
Биік, ашық, жаңа, сұлу, жас сөздеріне әртүрлі қолданыста бірнеше антоним сыңар тауып көріңдер.
Үлгі: биік тау — аласа тау.
7-кезең. Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
Тапсырма: мәтіннен антоним сөздерді тап.
8-кезең. «Артық болмас білгенің» (жұптық жұмыс)
Берілген сөздердің антонимін толықтырыңдар.
9-кезең. Сабақты бекіту (перфокартамен жұмыс)
Берілген антоним жұптарын сөз таптарына бөліп орналастырыңдар.
Жұптар
- күлу — жылау
- анау — мынау
- жаз — қыс
- әне — міне
- жоғары — төмен
- күн — түн
- ерте — кеш
- өмір — өлім
- ашық — жабық
- қону — ұшу
- көп — аз
Сөз таптары
Сын есім
Мысал: ашық — жабық
Етістік
Мысал: күлу — жылау
Зат есім
Мысал: өмір — өлім
Есімдік
Мысал: анау — мынау
Үстеу
Мысал: ерте — кеш
Антонимдер
Қарама-қарсы мағыналы жұптар
10–11-кезең. Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
97-жаттығу.
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және жауаптарының дәлдігі бойынша қорытынды баға қойылады.