Қазақ алфавитінде неше сұрақ
«Білгір» — интеллектуалдық ойын
«Білгір» сайысы оқушылардың білімін саралап, ойлау жылдамдығын, тіл мәдениетін және жауапкершілігін дамытуға бағытталған зияткерлік ойын.
Мақсаты
- Білімділік: жан-жақты ой-өрісі кең, елін сүйетін, халқының қамын ойлайтын азамат тәрбиелеу.
- Дамытушылық: қызығушылықты арттыру, ой-қисынды дамыту.
- Тәрбиелік: адамгершілікке, жауапкершілікке баулу.
Көрнекілігі
- Тақырыптық жазу
- Магнитті тақта
- Кезең атаулары
- Марапаттар мен сыйлықтар
Өткізу форматы
- Кезеңдер бойынша ұпай жинау
- Жылдам әрі нақты жауап беру
- Әділқазылар бағалауы
- Іріктеу арқылы финалға шығу
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1) Оқушыларды ұйымдастыру: қатысушыларды ретке келтіру, Әнұран орындау.
-
2) Кіріспе сөз:
бүгін 3 «А» сыныбының білімді, алғыр оқушылары сайысқа түсіп, сыныптың ең білгір оқушысын анықтайды.
«Жас жүректе жанған шақ,
Талаптың аты арындап,
Әр қияға салған шақ,
Жастықтың оты жалындап…»Бұл жолдар арқылы Абай кейінгі ұрпаққа талап пен жігердің маңызын ұғындырады. «Жақсы болсаң, ел азаматы болсаң» деген үміт бала кезден басталып, өмір бойы жалғасады.
Қатысушылар таныстырылады. Әділқазылар сайыс барысын бақылап, әділ бағасын береді.
Тәрбиелік үндеу
«Қарағым, оқы, босқа жүрме.
Ойынға құр қаларсың, көңіл бөлме.
Жолама шақырса да, қасына ерме.
Кідірме, аялдама — ұмтыл алға!»
I кезең — «Бәйге»
Шарты
Әр оқушыға бірнеше сұрақ қойылады. Ойлануға 30 секунд беріледі. Егер оқушы жауап бере алмаса, сұраққа басқа білетін оқушы жауап бере алады. Басты талап — тез, нақты жауап беру. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Сұрақтар (үлгі)
- Ғарышқа ең алғаш ұшқан адам? (Юрий Гагарин)
- Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
- Қазақстан ғарышкерлерін ата. (Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев)
- Рейхстагқа ту тіккен қазақ. (Р. Қошқарбаев)
- Түйе атасы кім? (Ойсылқара)
- 1 жылда қанша күн бар? (365–366 күн)
Қосымша сұрақтар
- Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
- Біздің мектеп директоры кім?
- Қазақстанмен шекаралас 5 мемлекет. (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)
- Жер бетінің қағаз бетіне кішірейтіліп салынған бейнесі. (географиялық карта)
- Қазақстан туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
- Шоқанның шын аты. (Мұхаммедқанафия)
II кезең — «Тіл өнері»
Шарты
Жұмбақтың шешуін қазақша және орысша айту керек. Бір тілде айтса — 5 ұпай, екі тілде айтса — 10 ұпай.
Жұмбақтар
-
Қоймасын қыс ақтарып, жерді жапты ақ мамық.
Жауабы: қар
-
Қағазсыз-ақ, қаламсыз-ақ, сурет салар адамға ұқсап.
Жауабы: аяз
-
Суда қалқиды, жылыда балқиды.
Жауабы: мұз
-
Қалқиып екі құлағы, елеңдеп қорқып тұрады.
Жауабы: қоян
-
Ауаға шықса ауырады, су ішінде сауығады.
Жауабы: балық
Жұмбақтар
-
Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен.
Жауабы: су
-
Мұрны насос, кран да — таң қаламын бұл аңға.
Жауабы: піл
-
Жеп көріп едім өзім мен — жас шығарды көзімнен.
Жауабы: пияз
-
Қыста киімін тастайды, көктемде киіне бастайды.
Жауабы: ағаш
-
Жолбарыстан аумайды, пеш түбінде аунайды.
Жауабы: мысық
Жұмбақтар
-
Ашылып-жабылады, әр үйден табылады.
Жауабы: есік
-
Бұлаңдаған құйрығы, бір алдарлық қулығы.
Жауабы: түлкі
-
Желден желігеді, судан шегінеді.
Жауабы: от
-
Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау.
Жауабы: жұмыртқа
Әділқазылар ұпайды есептеп, ең аз ұпай жинаған 3 ойыншыны атайды. Оларға сәттілік тілеп, ойыннан шығарып саламыз. Ойында жеңілсеңдер де, өмірде жеңілмеңдер.
III кезең — «Ғажайып төртеу»
Бұл кезеңде 4 негізгі пән бойынша білім тексеріледі: әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, математика. Іріктеуден өткен 4 ойыншымен сайыс жалғасады: әр оқушы әр пәннен 1 сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа 2 ұпай.
Математика
- Көбейтудің қасиеттерін ата. (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімдік)
- Тік төртбұрыштың ауданын және периметрін қалай табамыз?
- Ең үлкен үш таңбалы санға 1-ді қоссақ, неше шығады? (999 + 1 = 1000)
- Әлібек 1 айда 2 ертегі оқыды. Осы қарқынмен 1 жылда неше ертегі оқиды? (24 ертегі)
Қазақ тілі
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді)
- Қарсы мағыналы сөздерді тап: семіз — арық, терең — таяз, қою — сұйық, қысқарды — ұзарды.
- Қандай зат есімді туынды зат есім дейміз? (түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім)
- Жұмбақты шеш: «Өзім сөзден тұрамын, біткен ойды құрамын». (сөйлем)
Дүниетану
- Бұлт түрлерін ата. (будақ, шарбы, қабат)
- Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады? (60–80 рет)
- Неге глобустың көпшілігі көк түспен боялған? (Жер шарының 3/4 бөлігі — су)
- Желдің күші мен бағытын анықтайтын құрал. (флюгер)
Әдебиеттік оқу
- Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қостанай облысында туған, қазақ балаларына арнап мектеп ашқан. Бұл кім? (Ыбырай Алтынсарин)
- «Дарабоз» атанған батыр кім? Батырдың шын аты кім? Неге солай атанды? (Ерасыл — Қабанбай)
- Азаттық жолында Зейін Шашкиннің әңгімесіндегі басты кейіпкер. (Тоқаш Бокин)
- Абайдың 5 асыл ісі мен 5 дұшпанын ата. (5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. 5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.)
IV кезең — «Сөз шебері»
Шарты
Әр ойыншы өз қалауы бойынша 1 өлеңді мәнерлеп, жатқа оқиды. Әділқазы орындау мәдениеті мен нақышына қарай бағалайды.
«Оқу, білім — жанған шырақ, ойласаң,
Үйренерсің іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,
Пайда аларсың, талпынсаң да тоймасаң.»
Әділқазылар ұпайы аз 2 ойыншыны атайды. Олармен қоштасамыз: ешқашан мойымаңдар, қайсар болыңдар. Жеңіс пен жеңіліс — алма-кезек.
V кезең — «Жорға»
Шарты
Соңғы кезеңде әр ойыншыға 15 сұрақ қойылады. Жауап беру уақыты — 1 минут. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Сұрақтар тізімі
- Қыс айларын ата.
- Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
- 250 × 0 нешеге тең?
- Күй атасы кім?
- Суретші ата.
- Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. (у)
- 6 × 9 = ?
- Төрт түлікті ата.
- Қазақстан Республикасында неше облыс бар?
- Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?
- Біздің ауылдың әкімі кім?
- «Менің атым Қожа» шығармасын кім жазды?
- Қазақтың Ұлы Отан соғысындағы қаһарман қыздарын ата.
- Зиянды заттарды ата.
- Қазақстанда көмір өндіретін ең ірі қала қайсы?
Әділқазылар қорытынды ұпайды шығарып, жеңімпазды анықтайды: Бүгінгі жеңімпаз — __________.
«Білікті бірді — білімді мыңды жығады» — деген нақылмен сайысымызды аяқтаймыз.
Қорытындылау
Марапаттау
Жеңімпаздар мен қатысушылар әділқазылар шешімі бойынша марапатталады. Сайыс барлық оқушыға білімін шыңдауға, өзін көрсетуге және ізденіске ынталануға мүмкіндік береді.