Құрылған жарлықтардың белгішелерін ауыстырыңдар
Сынып және тақырып
Сынып
5-сынып
Тақырып
Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды файл, бума және белгіше (таңбаша) нысандарымен таныстыру; оларды құру және атын өзгерту әрекеттерін орындауға үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың компьютермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Информатика пәніне қызығушылықты арттыру және жауапты жұмыс мәдениетін қалыптастыру.
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
- Сабақ түрі
- Практикалық
- Сабақ типі
- Жаңа сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап, жеке жұмыс
- Құрал-жабдықтар
- Компьютер, жеке тапсырмалар
- Оқу материалдары
- Презентация: «Файлдар, бумалар, жарлықтар» (PPTX), карточкалар (DOCX)
Негізгі ұғымдар
Файл дегеніміз не?
Файл — аты бар байттар тізбегі. Файл құжат та, бағдарлама да болуы мүмкін. Windows жүйесінде бағдарламаның басқа атауы ретінде қолданба сөзі де қолданылады.
Әр файлдың аты болады және ол екі бөліктен тұрады: негізгі атау және кеңейтім. Кеңейтім әдетте 3 таңбадан тұрады және файлдың түрін анықтайды. Негізгі атаудың ұзындығы 1–255 таңба аралығында болуы мүмкін.
| Кеңейтім | Мысал қолданба/мақсат |
|---|---|
| *.bmp | Paint графикалық файлы |
| *.doc | Word/WordPad құжаты |
| *.txt | Блокнот (Notepad) мәтіндік құжаты |
| *.wav | Дыбыстық файл (Фонограф) |
| *.avi | Бейне клип |
| *.xls | Excel кестесі |
| *.ppt | PowerPoint тұсаукесері |
Бума (қапшық) дегеніміз не?
Бума — аты бар файлдар тобы. Windows жүйесінде бумалар каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде буманы қағаз құжаттарды салатын қапшықпен салыстыруға болады: оның ішінде «қағаздар» сияқты файлдар сақталады.
Маңызды қағидалар
- Бумада файлдар, таңбашалар және басқа бумалар болуы мүмкін.
- Бума бос болуы да мүмкін.
- Бума ішінде аты бірдей нысандар болмауы керек.
- Буманың мазмұнын көру үшін оны тінтуірмен екі рет шерту жеткілікті.
Бумалардың түрлері
- Жүйелік бумалар (каталогтар).
- Жұмыс бумалары (мысалы, «Менің компьютерім», «Принтерлер» және т.б.).
Бума терезесінің негізгі элементтері: тақырып, мәзір, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құралдар тақтасы, қалып-күй жолағы.
Жаңа бума құру
Терезе ішінде
- Файл → Создать → Папка командасын таңдаңыз.
- Бумалар мен файлдар тізімінің соңында жаңа бума белгішесі пайда болады.
- Жаңа бумаға атауды бірден енгізіп, Enter пернесін басыңыз.
Егер атау енгізілмесе, жүйе әдепкі атау бере алады (мысалы, «Жаңа бума»).
Жұмыс үстелінде
- Жұмыс үстелінде буманы орналастыратын жерде тінтуірдің оң жақ батырмасын басыңыз.
- Контекстік мәзірден Создать → Папка таңдаңыз.
- Бума белгішесі пайда болады: атауын енгізіп, Enter басыңыз.
Таңбаша (жарлық) дегеніміз не?
Таңбаша — нақты бір файлды, буманы немесе бағдарламаны көрсететін арнайы белгіше. Таңбашаның бума белгішесінен негізгі айырмашылығы: белгішенің сол жақ төменгі бұрышында кішкентай иілген бағдарша болады.
Таңбашаны жойған кезде, ол көрсетіп тұрған файл/бағдарлама жойылмайды.
Таңбашаның негізгі міндеті — объектіге әр жерден оның көшірмесін жасамай-ақ жылдам қол жеткізуді қамтамасыз ету.
1-тәсіл
- Таңбаша жасалатын объект орналасқан буманы ашыңыз.
- Қажетті объектіде тінтуірдің оң жақ батырмасын шертіңіз.
- Мәзірден Создать ярлык командасын таңдаңыз.
2-тәсіл
- Таңдалған белгішеде тінтуірдің оң жақ батырмасын шертіңіз.
- Мәзірден Создать ярлык командасын таңдаңыз.
- Windows таңбашаны объект орналасқан буманың ішінде жасайды.
- Жасалған таңбашаны қажетті орынға жылжытыңыз.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Оқушыларды түгендеу.
2) Өткен тақырыптарды қайталау
1-тоқсан тақырыптарын қайталау. Карточкалармен жұмыс: «карточкалар.docx».
3) Жаңа тақырыпты түсіндіру
Презентация: «Файлдар, бумалар, жарлықтар.pptx». Сабақта файл, бума, таңбаша ұғымдары; оларды құру және атын өзгерту әрекеттері қарастырылады.
5) Сабақты бекіту: практикалық тапсырмалар
A деңгейі
- Кез келген файл үшін жарлық (таңбаша) құрыңыз.
- Жұмыс үстеліндегі жарлықтарды ретке келтіріңіз.
- Құрылған жарлықтардың аттарын өзгертіңіз.
- Құрылған жарлықтардың белгішелерін ауыстырыңыз.
- Құрылған бір жарлықты Қоржынға апарыңыз.
- Жарлықтарды жойыңыз.
B деңгейі
- Бірінің ішіне бірі салынған 3 бума құрыңыз.
- Бумалардың бірінде мәтіндік құжат жасаңыз.
- Жұмыс үстелінде өз бумаңызға жарлық (таңбаша) құрыңыз.
- Құрылған бумалардың ішіне басқа файлдарды орналастырыңыз.
- Жасаған бумалардың барлығын жойыңыз.
- Бір бума жасап, оны өз фамилияңызбен атаңыз.
C деңгейі
- Жұмыс үстеліндегі өз бумаңыздың көшірмесін жасаңыз.
- Көшірменің белгішесін ауыстырыңыз.
- Буманы жасырын етіңіз.
- Буманы Қоржынға апарыңыз.
- Қоржыннан қайта қалпына келтіріңіз.
6) Бағалау
Практикалық тапсырмаларды орындау сапасына және қауіпсіз жұмыс дағдыларына қарай бағалау.
7) Үй тапсырмасы
«Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту» тақырыбын қайталау.