Әжеммен анам үйде
Отбасы мен жақындар
Жылы естеліктер, қамқорлық және күнделікті көмектің мәні.
Ана туралы
Менің анамның аты — Шынар. Ол жуырда сәби дүниеге әкелді. Анам гүлдерді жақсы көреді және өте мейірімді жан.
Анама үнемі көмектесемін: ас әзірлеуге қолғабыс етемін. Анам тамақты өте дәмді қылып пісіреді.
Маңызды: Ананың еңбегін бағалау — күнделікті қамқорлықтан басталады.
Атам мен әжем
Менің атам бар. Былтыр ол 60 жасқа толды, біз отбасымызбен бірге тойладық. Атам жұмыс істейді, тыңғылықты адам және немерелерін өте жақсы көреді.
Әжем биыл 60 жасқа толады. Ол қорғаныс саласында еңбек етіп, зейнетке шыққан. Әжем ертегі айтып береді, іс тігеді, көрпеше тігеді. Зейнетақысын алған кезде түрлі тәттілер әкеліп, бізге қуаныш сыйлайды.
Нағашы ата
Менің нағашы атам бар, мен оны қатты жақсы көремін. Атамның аты — Теңізбай. Немерелері көп, біз жиендер анда-санда нағашы атамның үйіне қонаққа барып тұрамыз.
Нағашы атам мұнай саласында жұмыс істеген. Қазір ауылда тұрады, 76 жаста. Намаз оқиды, сақалы аппақ, тақия киеді. Ауылға барғанда маған «үлкен қыз бол» деп ақ батасын береді.
Құндылық
Үлкеннің батасы — рухани тірек.
Дәстүр
Туыстық қатынасты қадірлеу.
Біздің отбасы
Біздің отбасымыз үлкен: үйде 9 адам тұрамыз. Әкем — мұнайшы. Әжем — зейнеткер. Анам сәби күтімімен үйде.
Біз тату-тәтті өмір сүреміз. Мен үйдегілерге қолғабыс етемін: әжеммен бірге дүкенге барамыз, ағаммен бірге сабақ оқимыз. Ініме де көңіл бөліп, анама көмектесемін.
Іні туралы шағын әңгіме
Отбасындағы қуаныш пен нәзік қамқорлық.
Былтыр інім дүниеге келді. Ол кішкентай, нәзік болғандықтан, алғашында қолымызға ұстауға қорқатынбыз. Әжем күнде жаттығу жасатып, жуындырады. Анам бесікке бөлеп, тербетеді. Інімнің қылықтары күннен күнге сүйкімді болып барады.
Достық
Бірге оқу, бірге өсу және бір-біріне сүйеу болу.
Менің достарым
Менің достарымның аты — Інжу мен Сымбат. Біз бір мектепте оқимыз әрі көрші тұрамыз. Бір-бірімізге сабақта көмектесеміз.
Сымбат екеуміз кейде інімізді балабақшаға бірге апарып, бірге алып қайтамыз. Біз тату-тәттіміз, ұрыспауға тырысамыз.
Достық ережелері
- Көмектесу және қолдау көрсету.
- Сыйластық пен сабыр сақтау.
- Бір-бірінің қуанышын бөлісу.
Арман мен мақсат
Өз болашағыңды ойлау — бүгіннен басталады.
Кім болам?
Өскенде кім болатынымды ойлап жүрмін. Ең алдымен сабақты жақсы оқу керек, содан кейін нақты шешім қабылдау қажет.
Дәрігер болсам ба деп те ойлаймын. Дәрігер адамдарды емдейді. Қолымнан келген көмекті аямай, адамдардың алғысын алу — үлкен бақыт.
Менің арманым: дәрігер болу
Мен өскенде дәрігер болуды армандаймын. Өйткені дәрігер науқас адамдарды емдейді.
Менің көкем — дәрігер. Ол көп адамға көмектесіп, алғыс алған. Дәрігер болу үшін жақсы оқу керек, сондықтан мен де білімімді күшейтуге тырысып жүрмін.
Қорытынды: Арман — мақсатқа, мақсат — еңбекке бастайды.
Табиғат пен жануарлар
Көркем сипаттамалар мен қызықты деректер.
Қоян
Мен қоянды суреттен ғана көрдім, тірідей көрген емеспін. Бұл мәліметтерді анам айтып берді.
Қоян қыста ақ түске, көктемде қоңыр түске енеді. Оны сәбізбен, шөппен қоректендіріп өсіреді. Қоян шамамен үш ай сайын көжектейді, баласын «көжек» деп атайды. Бұл — тез көбейетін үй жануары.
Өскенде аулаға жер үйшік жасап, қоян асырағым келеді.
Аққу
Аққу — киелі құс. Түсі аппақ, суда жүзеді. Аққу — көлдің еркесі, әдеміліктің белгісі.
Каспий теңізінің жағасында аққулар көп болады. «Аққуды атпа, досыңды сатпа» деген мақал бар.
Күз
Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Бұл мезгілде ауа салқындайды, ағаш жапырақтары сарғая бастайды.
Күзде жемістер мен көкөністер піседі. Күн жиі бұлттанып, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Біз мектепке барып, сабақ оқимыз.
Бал арасы
Өзен жағасында қатар-қатар жәшіктер тұр. Айналасы гүлге толы. Омарташы ағай бетін тормен бүркеп алған.
Бал арасына бала түгілі үлкендер де тамсана қарайды.
Табиғаттан түйгенім
- Түстердің ауысуы — мезгілдің өзгерісімен байланысты.
- Әр жануардың өз тіршілігі мен ерекшелігі бар.
- Табиғатты қорғау — адамдық міндет.
Ұстазға құрмет
Алғаш әріп танытқан жанға алғыс.
Кенже апайға тілек
Кенже апай, сізді өте жақсы көремін. Сіз бізге білім үйреттіңіз. Мерекеңіз құтты болсын!
Сіз өте жақсы апайсыз. Ауырмаңыз. Сіздің оқушыңыз — Қожабек Аружан.
Ұстазыма
Ұстазыммен мақтанам, әрбір ісі үлгілі. Біздің апай шынында — мұғалімнің білгірі.
Өзі ұстазым сияқты алғаш әріп танытқан. Ұстаз болсам өскенде, бата алам халықтан.
Өлеңдер мен шағын мәтіндер
Шынайы сезім, ойнақы әзіл және мейірім.
Ана туралы ой
Ана бізді дүниеге әкелді, мәпелеп өсірді. Ауырсақ, бәйек болып жанымыздан табылады. Сондықтан ананың жүрегін ауыртпай, жақсы білім алып, азамат болуға тырысамыз.
Ананы жырламаған ақын, әнге қоспаған сазгер, әңгіме жазбаған жазушы жоқ шығар. Ананың ақ сүтін ақтау керек.
Шағын шумақ
Тоғыз ай мені көтеріп,
Әкелдің мені өмірге.
Ауырып қалсам суықтан,
Егуге неге бермедің?
Ана деп бар ақындар жыр арнаған,
Бар азаматтың жүрегі.
Өлең арнаймын шын жүректен.
Өтірік өлең
Кең дала, көк жайлау,
Отыр едім ойланып.
Келді қоңыз қасыма,
Мініп алдым артына.
Қоян шапты еліктей,
Қуып кеттім ізіне.
Асықпаған жақыннан дорбалайды,
Қоңыз алды қоянды.
Әжем туралы шумақ
Мен ұйықтарда айтады
Ертегісін, әндерін.
Асыл әжем, ақ әжем,
Өмір үшін нәр берген.
Әкеге сәлем хат
Сағыныш пен күнделікті жаңалықтар.
Әке, жағдайыңыз қалай? Денсаулығыңыз жақсы ма? Жұмысыңыз тыныш па? Аяқ-қолыңыз тоңып жүрген жоқ па? Ауа райы қалай?
Бізде бәрі жақсы. Ұлан екеуміз сабаққа барып жүрміз. Атам жұмыста. Әжем мен анам үйде. Мұхамеджан шауып ойнап жүр. Ағаларым сабақта, бір жағынан жұмыс істеп те жүр.
Ұлан екеуміз домбыра мен таэквондо үйірмесіне қатысып жүрміз. Онда жүгіртеміз, секіреміз, доппен ойнаймыз — әртүрлі әдістер үйретеді.
Әке, қашан келесіз? Сізді сағындық. Сау болыңыз.
Қызыңыз — Аружан.