Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті туралы

Негізгі мәлімет

Топ
Гүлдер ортаңғы тобы
Білім беру саласы
Таным
Бөлімі
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырып
Ғарышқа саяхат (слайд арқылы)

Мақсаты

  • Көктем туралы білімдерін толықтыру, көктем ерекшеліктері мен көктемгі мерекелерді еске түсіріп, әңгімелеуге үйрету.
  • Ғарыш және ғарышкер туралы түсініктерін кеңейту, ғарыш әлемінің құпияларына қызығушылықтарын арттыру.
  • Сөздік қорын молайту, еске сақтау қабілетін, ой-өрісін және зейінін дамыту.
  • Батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет етуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көңіл күйді көтеру, ойын.

Көрнекілік

Слайд, таратпа материалдар, үлгілер.

Пәнаралық байланыс

Тіл дамыту, құрастыру.

Алдын ала жұмыс

Ғарышкерлер мерекесіне арналған тақпақтарды жаттату.

Билингвистикалық компонент

зымыранракета

Сабақтың барысы

Амандасу

Қайырлы таң, ормандар мен далалар!

Қайырлы таң, достасқан бар балалар!

Қайырлы таң, біздің балабақшамыз!

Көктемді еске түсіру (сұрақ-жауап)

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктем айларын атай аламыз ба?
  • Көктемнің бірінші айы қалай аталады?
  • Наурыз айында қандай мерекелерді тойладық?

Балаларға көктемнің ерекшеліктерін әуен арқылы қимылмен көрсету ұсынылады.

Көктем көрінісі (шағын қойылым мәтіні)

Бұлттар

Жер анаға көмегім —
Жаңбыр болып төгемін.
Төмендеймін, көлбеймін,
Бөгелмеймін, өрлеймін.

Тамшылар

Бұлттар, бұлттар, ойнашы —
Күркіреп, дүркіреп!
Бұлттар, бұлттар, ойнашы —
Сіркіреп, дүркіреп!

Бұлттар

Нөсер, нөсер, төк-төк,
Болсын егін көп-көп!

Сулар

Сылдыр-сылдыр сылдырлап,
Су ағады сыңғырлап.
Бау-бақшаны аралап,
Су ағады жағалап.

Күн

Құшағын ашып шуақты,
Күнмін алтын сияқты.

Кемпірқосақ

Мөлдіреп моншақ шашылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкте қызыл, жасылды —
Кемпірқосақ асылды.

Құстар

Көкке қанат қағамыз,
Көктем әнін саламыз.

Гүлдер

Бәйшешекпіз құлпырған,
Көрік берер далаға.

Қорытынды: көктем мезгілі өзіне тән әсем ерекшеліктерімен қуантады.

Көктем мерекесінен ғарыш тақырыбына өту

Көктемнің бұл айы — сәуір. Сәуір айында маңызды мереке бар: Ғарышкерлер күні.

Жұмбақтар

Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.

Жауабы: Зымыран

Ұшқыш емес, бірақ ол
Аспанда қалықтап ұшады.
Оны кім деп ойлайсыңдар?

Жауабы: Ғарышкер

Ғарышкер — ғарышқа, аспан әлеміне ұшып, оны зерттейтін адам. Аспан әлемінде көптеген ғалам бар, ал біз Жер ғаламында өмір сүреміз.

Әуе көліктері және ғарыш кемесі

Балалардан қандай әуе көліктерін білетіндері сұралады.

Ғарышкерлер ғарышқа зымыранмен ұшады. Оны ғарыш кемесі деп атаймыз. Олар ғарыш кеңістігін зерттеп, жаңа мәліметтер жинайды.

Слайд арқылы таныстыру (негізгі ұғымдар)

Алғаш ғарышқа ұшқан адам

Алғаш ғарышқа ұшқан адам — Юрий Гагарин. Слайдта оның ұшуға дайындалған сәті көрсетіледі.

Қазақстандық ғарышкерлер

Қазақ ғарышкерлері — Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев. Олар — еліміздің мақтанышы, ержүрек батыр, халық қаһармандары.

Аспан әлемі

Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар бар. Балалардан аспанда тағы нелер болатыны сұралады.

Ғарыш кемесі

Ұшуға дайындалған ғарыш кемесі адамдарды аспанға алып шығып, ғарыш кеңістігін зерттеуге көмектеседі.

Байқоңыр ғарыш айлағы

Байқоңыр ғарыш айлағы — ғарышкерлер ұшатын негізгі орын. Ол Қазақстанда, Қызылорда облысында орналасқан.

Скафандр және қауіпсіздік

Ғарышта ауа жоқ, сондықтан ғарышкерлер арнайы скафандр киеді. Тек осындай қорғаныс киімімен ғана ғарышта жүруге болады.

Тақпақтар

Бүгін Юрий ағаның
Ұшқан күні ғарышқа.
Мен аспанға қараймын,
Мен ғарышкер боламын.

Көкке ұшамын,
Ұшқыр болар баламын.
Соңынан ерем ағаның —
Ер ғарышкер ағаның.

Батыр болам, көк аспанды сүйемін.
Жұлдыздарға барып-келіп жүремін.

Сергіту сәті

Бойымызды, денемізді оятып алайық.

  • Сәлем, көздер — оянайық!
  • Сәлем, құлақтар — оянайық!
  • Сәлем, қолдар — оянайық!
  • Сәлем, аяқтар — оянайық!

Ғажайып сәт: қонақ келді

Тәрбиеші: «Балалар, қазір бізге бір қонақ келеді. Мынау кім деп ойлайсыңдар?»

Робот

диалог

«Са-ла-мат-сың-дар ма, ба-ла-лар? Сен-дер қай ға-лам-да тұ-ра-сың-дар?»

Балалар: «Жер ғаламында тұрамыз.»

Робот: «Сен-дер-дің жер-ле-рің қа-лай деп а-та-ла-ды?»

Балалар: «Қазақ жері деп аталады.»

Робот: «Балалар, мен жалғыз келген жоқпын. Қасымда досым бар. Ол сендерге өз өнерін көрсеткісі келіп тұр.»

Орталықпен жұмыстану

Балалар 3 топқа бөлініп отырып, тапсырмаларды орындауға дайындалады.