Электр энергиясын есептеу
№42 «Ақ ниет» гимназиясы
Физика пәні мұғалімі, ҚӘК әдіскері: А. К. Еслямова
«Жылу, электр және жарық құбылыстары» (8-сынып)
Аптасына — 1 сағат, барлығы — 34 сағат.
Фокус
Термодинамика, электр және оптика тақырыптарын тереңдетіп оқыту, тәжірибені жүйелі қолдану.
Формат
Теория + практикалық бөлім: зертханалық жұмыстар, практикумдар, экскурсиялар.
Нәтиже
Есеп шығару дағдысын күшейту, күрделі есептерді талдау және шешу тәсілдерін меңгеру.
Түсіндірме жазба
Бұл бағдарлама мектептегі физика курсына қосымша ретінде оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және физикаға қызығушылығын арттыруға арналған. Оқушыларға күрделірек тапсырмалар ұсыну, қызықты физикалық тәжірибелер жасау, қолдан құралдар құрастыру, табиғат құбылыстарын бақылау, сондай-ақ ғалым-физиктердің өмірі мен қызметі туралы мәліметтер беру оқушылардың танымдық қабілеттерін және ғылыми көзқарасын дамытуға мүмкіндік береді.
Тереңдетіп оқыту арқылы оқушының жеке тұлғалық қасиеттері қалыптасып, алған білімін практикада қолдану дағдысы нығаяды.
Курстың өзектілігі
- Жылу, жарық және электр құбылыстары бойынша білім сапасын арттыру.
- Жедел дамып жатқан технологиялық қоғамда өмір сүруге бейімдеу, бағдар ала білу білігін қалыптастыру.
- Теориялық білімді тәжірибе арқылы дәлелдеуге үйрету және зертханалық мәдениетті қалыптастыру.
Құрылымы: теория және практика
Теориялық бөлім
Эксперименттік физикалық зерттеулердің негізгі принциптері мен әдістері, сондай-ақ физикалық принциптерге негізделген құрылғылар және оларды тәжірибеде қолдану туралы білім береді.
Практикалық бөлім
Фронтальды зертханалық жұмыстар, практикумдар және экскурсиялардан тұрады. Зертханалық жұмыстар теорияны тереңдетіп, оқушылардың тәжірибелік біліктерін қалыптастырады.
Мақсаты мен міндеттері
Курстың негізгі мақсаты — ғылыми білімнің іргелі негіздерін қамтып, негізгі физикалық принциптерді меңгерту және тәжірибелік жұмыстарды өз бетінше жүргізе білуге үйрету.
Негізгі міндеттер
- Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, бағдарлы оқытуды ұйымдастыру.
- Мектеп бағдарламасын тереңдетіп оқыту және эксперименттік дәлелдер арқылы түсінікті бекіту.
- Пәнаралық байланысты (химия, математика және т.б.) нығайтып, физиканың маңызын ұғындыру.
- Белсенділікке тәрбиелеу, еңбекке шығармашылық көзқарас қалыптастыру, жаңашылдыққа баулу.
- Теориялық білімді практикада қолдана білуге үйрету.
- Дүниенің қазіргі заманғы физикалық бейнесін түсінуді, табиғаттың біртұтастығының физикалық мәнін саналы ұғынуды және интеллектуалдық дамуды қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
- 1 Физикадан есеп шығару қабілеті артады.
- 2 Есеп шығару жолдарын және талдау тәсілдерін меңгереді.
- 3 Күрделі есептерді шешу әдістерін игереді.
Талаптар
- Физикадан терең білім беру арқылы логикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
- Математика, химия, биология, әдебиет және экология пәндерімен байланыстыра оқыту.
Кәсіптік бағдар
Курс мазмұны физик, математик, информатик, сәулетші, инженер, суретші және басқа да мамандықтарды таңдауға бағыт береді.
Тақырыптық жоспар (34 сағат)
Кіріспе
2 сағат
- Термодинамика және электродинамика дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектеріне шолу.
Жылу құбылыстары
7 сағат
- Ішкі энергия.
- Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу тәсілдері.
- Жылу мөлшері.
- Энергияның жылу процестеріндегі сақталу және айналу заңдары.
- Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі.
- Газ бен будың ұлғаю кезіндегі жұмысы.
- Жылу құбылыстары бойынша есептер шығару.
№1 зертханалық жұмыс
Шыны түтікті әртүрлі пішінге майыстыру.
Электр құбылыстары
8 сағат
- Электрдің тұрмыстағы маңызы.
- Электрленген денелердің өзара әсері.
- Электр өрісі.
- Жерге қосу.
- Денелерді ықпал арқылы электрлеу.
- Электр тогы. Вольта және гальвани элементтері.
- Атмосферадағы электр құбылыстары. Найзағайдан қорғану.
- Электр тізбегі және оның құрама бөліктері.
- Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділігі.
- Электр тогының жұмысы мен қуаты.
- Электр энергиясын есептеу. Қыздырғыштар.
№2 зертханалық жұмыс
Джоуль мен калория арасындағы қатынасты анықтау.
№3 зертханалық жұмыс
Электр қыздырғыштың жылу бергіштігін анықтау.
Электромагниттік құбылыстар
8 сағат
- Магниттік құбылыстар.
- Ток арқылы магниттеу және ықпал арқылы магниттеу.
- Компас.
- Электр қоңырауы. Электр телеграфы.
- Электромагниттік реле. Телемеханика туралы ұғым.
- Телефон.
- Электр қозғалтқыштың қолданылуы.
- Айнымалы ток генераторы. Тұрақты ток машиналарының қайтымдылығы.
- Трансформатор. Электр энергиясын алысқа жеткізуде трансформаторды қолдану.
№4 зертханалық жұмыс
Электромагниттік релени құрастыру және сынау.
Жарық құбылыстары
9 сағат
- Жарық сәулесі және жарық шоғы.
- Жарықтың жазық-параллель пластинкадан және призмадан өтуі.
- Линзалар. Нәрсенің линзадағы кескіні.
- Фотоаппарат. Проекциялық аппарат. Микроскоп.
- Көз және көру. Көздің кемістіктері. Көз гигиенасы.
- Қоян, жылқы және т.б. жануарлардың көру өрісі.
- Ақ жарықтың түстерге жіктелуі. Дененің түсі.
№5 зертханалық жұмыс
Сәуленің жазық-параллель пластинкада және үшбұрышты призмада сынуын бақылау.
№6 зертханалық жұмыс
Линзаны пайдаланып кескін түсіру.
Оқыту нәтижесін күшейтетін тәсілдер
- Қиындығы жоғары есептерді кезең-кезеңімен талдау және дәлелдеу мәдениетін қалыптастыру.
- Құрал құрастыру арқылы физикалық принциптерді «қолмен ұстап» түсіну.
- Пәнаралық байланыс негізінде есептердің қолданбалы қырын көрсету.