Ерекше сандар ойыны
Сабақ тақырыбы
Дара және күрделі сан есім
Мақсаты
- Сан есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру.
- Күрделі сан есімнің емлесін меңгерту.
Міндеттері
- Дара және күрделі сан есімдерді ажырата білу.
- Сөйлем ішінен сан есімдерді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
- Оқушылардың тіл байлығын дамыту.
- Тазалыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
- Жаттығуларды талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдеу, өзгені тыңдау және тұжырым жасау дағдылары дамиды.
- Әр оқушы өзін-өзі бағалап, өзіндік пайым жасайды және тәрбиелік мәнін түсінеді.
- Сан есімдерді ажырата алады және сауатты жазады.
Түйінді түсінік
Дара сан есімді күрделі сан есімге айналдыру.
Сабақтың өту барысы
I. Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Сабаққа дайындықты қадағалау.
- Оқушылардың жинақталуы, топқа бөлінуі.
Топқа бөлу
Сөздер жазылған карточкалар арқылы 3 топқа бөлінеді:
- «Жеті ата» тобы
- «Жеті қазына» тобы
- «Жеті күн» тобы
Бағалау
Өзара критериалды бағалау өлшемдерімен танысады.
«Ойлан, тап» ойыны
Оқушылар өрнектердің мәнін есептеп, шыққан сандарды әріптермен алмастыру арқылы тақырып атауын табады.
Өрнектер
- 9 + 515 (е)
- 24 + 2044 (і)
- 27 : 39 (н)
- 18 : 92 (с)
- 13 + 2639 (а)
- 420 : 670 (м)
Сандарды әріптермен алмастыру
Шыққан тақырып:
Сан есім
Топтастыру
Оқушылар сан есім туралы білетіндерін айтып, ұғымды жинақтайды.
II. Мағынаны тану
Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды. Оқушылар тапсырмалар арқылы ережені өздері қорытындылайды.
Салыстыру тапсырмасы
Тақтада екі бағанға сан есімдер жазылады. Екі бағандағы сөздерді салыстырып, айырмашылықтарын анықтаңдар.
1-баған
- бес жүз
- тоқсан
- тоғыз
- алтыншы
- он бес
2-баған
- бір мың
- тоғыз жүз
- он алтыншы
Назар аударатын ой
Дара сан есім бір сөзден құралады, ал күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден тұрады.
Көркем жазу және ауызша сұрау
Дәптерге көркем жазу:
С с — сексен
Оқулықпен жұмыс
Мұғалім оқушылардың жұмысын қадағалап, қажет жерде бағыт береді. Оқушылар ережені оқып, талдайды.
Шығармашылық тапсырма (топтық жұмыс)
-
I топ — 1-жаттығу
Сөйлемдерді оқы. Сан есімдерді теріп жазып, олардың неше сөзден құралғанына назар аудар.
-
II топ — 2-жаттығу
Сөйлемдерді оқы. Дара және күрделі сан есімдерді жаз.
-
III топ — 3-жаттығу
Сан есімдерді тап, оны санмен жаз. Дара және күрделі сан есімдерді ажырат.
Сауаттылық минуты
Берілген сандарды дара және күрделі түрлеріне бөліп, сөзбен жаз.
Дара сан есімдер
тоғыз, екі, алпыс, жүз
Күрделі сан есімдер
жиырма сегіз, алты жүз қырық бес, екі мың төрт, мың тоғыз жүз тоқсан алты
I топ
Реттік сан есімдерді есептік сан есімге айналдырып жаз.
- отыз екінші үй
- оныншы аудан
- төртінші кітап
- жиырма үшінші орын
- сегізінші қабат
- үшінші қатар
- бірінші бала
II топ
Есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдырып жаз.
- жүз жетпіс екі … мектеп
- он екі … сынып
- екі … қабат
- он төрт … орын
- жиырма сегіз … оқушы
- сегіз … үй
III топ
Дара сан есімдерді күрделіге айналдырып жаз.
Берілгендер:
он, жеті, жиырма, үш, тоғыз, елу, қырық
Үлгі:
алты → алпыс алты
Бірін-бірі бағалау
Топтар бір-бірінің жұмысын критерий бойынша бағалайды.
I топ — санмен берілген мақалдар
Еңб2, адамның 2-нші анасы.
Ерінш2-тің ертеңі 1 … 5.
Өм … 1 адам … еңб2-ке үйр … 7 …
4еу түгел болса, төбедегі келер, 6ау ала болса, ауыздағы кетер.
Тапсырма: сандарды сөзбен оқып, мақалдарды толық айтып бер.
II топ — көңілді шумақтар
Же1 екен 1қазан:
Кей1 жемді 1қазан
1-ақ сәтте қойды жеп.
Кү1 етті,
Тойдым, — деп.
Естіп 1 кез дү1ді,
Жағадағы тү1ді
Паналауға жүгірді.
Тапсырма: сандарды сөзбен алмастырып, мәнерлеп оқы.
III топ — «Ерекше сандар» ойыны
Берілген сандар қандай оқиғалармен байланысты? Сөйлем құрастырып айт.
Үлгі байланыстар
- 8 наурыз
- 2017 — ЭКСПО
- 9 мамыр
- 22 наурыз
III. Ой толғаныс
Оқушылар тапсырманы өз бетімен орындайды, мұғалім бағыт беріп, қадағалайды.
5-жаттығу
Өрнектерді оқы, мәнін тап. Нәтижесін сөйлем түрінде жазып, олардың дара немесе күрделі сан есім екенін анықта.
Өрнектер
Сөйлем үлгілері
- Жиырма мен бестің айырмасы он беске тең.
- Он мен бестің көбейтіндісі елуге тең.
- Елу мен он сегіздің қосындысы алпыс сегізге тең.
- Тоқсан мен жиырманың айырмасы жетпіске тең.
- Тоғыз бен тоғыздың көбейтіндісі сексен бірге тең.
- Екі жүз бен төрттің бөліндісі елуге тең.
Дара сан есімдер (мысал ретінде)
20, 5, 10, 90, 50, 70, 9, 4
Күрделі сан есімдер (мысал ретінде)
15, 18, 68, 81, 200
Әр топтан екі оқушы тапсырманы орындайды.
Тест: «Иә / Жоқ» ойыны
Әр тұжырымның тұсына иә немесе жоқ деп жауап бер.
-
1.
Сан есім заттың санын білдіреді.
-
2.
30 — дара сан есім.
-
3.
Төртінші — есептік сан есім.
-
4.
Күрделі сан есім бір сөзден жасалады.
-
5.
Күрделі сан есімнің құрамындағы сөздер бөлек жазылады.
-
6.
Дара сан есім бір сөзден құралады.
-
7.
264 — күрделі сан есім.
-
8.
600 — дара сан есім.
-
9.
Реттік сан есім есептік сан есімге -ншы/-нші, -ыншы/-інші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
-
10.
Бесінші — реттік сан есім.
Тексеру және қорытынды
- Мұғалім дұрыс жауаптарды оқиды, оқушылар тақтадан тексереді.
- Оқушылар өзін-өзі тексереді және қорытынды жасайды.
- Бағалау жүргізіледі.
Кері байланыс (рефлексия)
- Бүгін мен не үйрендім?
- Маған не ұнады, не ұнамады?
- Жаңа сабақ бойынша сұрағым немесе пікірім қандай?
Үй тапсырмасы
4-жаттығу, 137-бет.