Оқушыларды иррационал өрнектерді түрлендіруді және оларды шешу жолдарын меңгерту, рационал және иррационал көрсеткішті дәреженің анықтамасын пайдаланып есептер шығару

Алгебра • 11-сынып

Тақырып: Иррационал өрнектерді түрлендіру

«Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман».
Н. Ә. Назарбаев

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға иррационал өрнектерді түрлендіруді және оларды шешу жолдарын меңгерту. Рационал және иррационал көрсеткішті дәреженің анықтамаларын қолдана отырып, есептер шығарту.

Тәрбиелік

Ойды жинақы әрі тиімді жеткізуге, тапсырмаларды ұқыпты орындауға тәрбиелеу.

Дамытушылық

Иррационал өрнектерді түрлендірудің мән-мағынасын түсінуге ықпал ету. Материалды бекітудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    Сабаққа дайындық, назарды шоғырландыру.

  2. 2

    Үй жұмысын тексеру

    Өткен тақырыпты қысқаша талдау және қателермен жұмыс.

  3. 3

    «Қайталау айнасы» (Венн диаграммасы)

    Ұғымдарды салыстыру және байланысын анықтау.

  4. 4

    Видео көру

    Тақырыпты визуалды түрде түсіндіру және қызығушылықты арттыру.

  5. 5

    Жаңа сабақ

    Иррационал өрнектерді түрлендірудің негізгі тәсілдері.

  6. 6

    «Фишбаум» әдісі

    Себеп–салдар байланысын құрылымдау, қорытынды жасау.

  7. 7

    Оқулықпен жұмыс

    Ережелерді қолдану және үлгі есептерді орындау.

  8. 8

    Деңгейлік тапсырмалар

    Қиындық деңгейіне қарай тапсырмаларды орындау.

  9. 9

    Сәйкестендіру (бекіту)

    Жаңа ұғымдар мен әдістерді байланыстырып, қорытындылау.

  10. 10

    Үй тапсырмасы

    Келесі сабаққа дайындыққа арналған тапсырмалар беру.

  11. 11

    Бағалау

    Жұмыс нәтижесін бағалау және кері байланыс.

Мұғалім

Т

Тулекова А.

Сабақ жоспары