Электрондық оқулық бойынша жұмыс

Сабақтың тақырыбы

Жер құрылысының жалпы сипаты, литосфера.

Жалпы мақсаты

  • Жер құрылысының жалпы сипаты және литосфера туралы негізгі түсінік қалыптастыру.
  • Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту.
  • Өзара ынтымақтастық пен бірлікке тәрбиелеу.

Түйінді идеялар

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың ой-пікірі мен пайымдауы қалыптасады; дәлелдеу, салыстыру және қорытынды жасау қабілеті дамиды.

Оқу нәтижелері

Оқыту үдерісінде әр оқушы тұлға ретінде қабылданып, өзіне деген сенімі артады. Оқушылар топтық жұмысқа бейімделіп, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа бірлесе ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа талпынады және пәнге қызығушылығы күшейеді.

Ресурстар

Интерактивті тақта Компьютер Слайд Маркер Плакат Магнит Бағалау парағы Кері байланыс парағы

Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

I. Топқа бөлу

Түрлі фигуралар арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа топ басшысы тағайындалады.

II. Сергіту сәті

«Шырша» клипі бойынша қысқа сергіту жаттығулары орындалады.

III. Өткенді қайталау

«Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?» стратегиясы арқылы әр топ берілген тұжырымдардың дұрыстығын анықтайды.

1-топ

  1. Жер беті глобуста нақты түсірілген.
  2. Картаның глобустан айырмашылығы — оны күнделікті сабаққа алып жүруге қолайлы болуы.
  3. Физикалық картада көк түспен таулар белгіленеді.

2-топ

  1. Кез келген картада жоғарғы жағы — оңтүстік, төменгі жағы — солтүстік бағыттарын көрсетеді.
  2. Географиялық карталар пайдалануына қарай: оқу (сабаққа арналған), туристік, көлік жолдары т.б. болып бөлінеді.
  3. Қамту аймағына қарай: облыстық, мемлекеттік, материктік, дүниежүзілік болып бөлінеді.

3-топ

  1. Масштаб — белгілі бір аумақты картаға түсіргенде оның қанша есе кішірейтілгенін көрсететін сандық бөлшек.
  2. Масштабтың 3 түрі бар.
  3. 1 см-де 1000 м немесе 1 см-де 5000 м — бұл сандық масштаб.

Назар аударатын тұс

Бұл тапсырмада дәлел келтіру, картографиялық ұғымдарды нақтылау және қателерді табу арқылы сыни ойлау іске қосылады.

IV. Миға шабуыл

«Ғарышты зерттеу оңай ма, әлде Жердің ішкі құрылысын зерттеу оңайырақ па?» деген сұрақ төңірегінде пікір алмасу ұйымдастырылады. Оқушылардың ойлары тыңдалып, бүгінгі сабақтың бағыты анықталады: Жер құрылысының жалпы сипатымен танысу.

V. Мағынаны тану

«Менен сұрақ — сенен жауап» стратегиясы

  1. Әр топ оқулық мәтінін пайдаланып, тақырыпты оқып шығады.
  2. Оқылған мәтін бойынша сұрақтар құрастырады (әр топтан 10 сұрақ).
  3. Топтар сұрақтарын бір-біріне қойып, жауаптарын толықтырады.

VI. Ой толғаныс

1) Электрондық оқулықпен жұмыс

Литосфера туралы материал бойынша түсіндіру және бекіту жұмыстары жүргізіледі.

2) «Алтын балыққа арналған аквариум» стратегиясы

«Барлығын түсіндім, сұрақтарға жауап бере аламын» деген оқушы ортаға шығып, «аквариумға» отырады. Қалған оқушылар сұрақ қойып, түсіндіруді, дәлелдеуді немесе мысал келтіруді талап ете алады.

VII. Бағалау

Оқушылар өзін-өзі бағалау арқылы өз нәтижесін талдайды.

VIII. Кері байланыс

Оқушылар кері байланыс парағын толтырып, сабақ бойынша әсері, түсінгені және қиындықтары туралы жазады.

IX. Үй тапсырмасы

Э

Эссе жазу

Тақырыбы: «Жер ішіне саяхат».