Қыс әңгімесі
Білім беру саласы
Қатынас
Бөлімі
Көркем әдебиет
Тақырыбы
Қыс қызығы
Көрнекілігі
Бейнелі суреттер, қар, аққала
Мақсаты
Танымдық дағдылар
- Сурет бойынша балалардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- Қыс мезгілі мен қысқы ойындар туралы түсініктерін бекіту.
Тілдік және тәрбиелік бағыт
- Балалардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
- Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты ұғындыру арқылы еңбексүйгіштікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері
Күтілетін нәтиже
Білуі керек: қыс мезгілінің ерекшеліктерін.
Игеруі керек: сурет бойынша әңгіме құрауды.
Іс-әрекет кезеңдері
Мотивациялық-қозғаушы кезең
Шаттық шеңбері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалар, ең алдымен бір-бірімізбен амандасайық.
«Сәлеметсіздер ме, балалар!»
Енді татулық пен достық туралы тақпақ айтайық.
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Әлемдегі бар адамға,
Тек жақсылық ойлаймыз.
Балалардың әрекеті
- Амандасу рәсімін орындайды.
- Қол ұстасып, қолдарын сермеп, жоғары созып, шапалақтайды.
Ұйымдастырушылық-ізденімпаздық кезең
Өлең, сұрақ–жауап, суретпен жұмыс
Өлең (тыңдау және жауап беру)
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Сырғып жастар ойнайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйтқып боран соғады.
Айтыңдаршы, балалар, бұл қай кезде болады?
Бағыттаушы сұрақтар
- Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Қыс туралы кім тақпақ айтады?
- Күн салқындағанда қандай киім киеміз?
- Қыста қандай ойындар ойнаймыз?
Суретпен жұмыс: «Қыс әңгімесі»
Қыс мезгілі келді. Даланы аппақ қар басты. Балалар далада серуендеп жүр. Арман мен Айша аққала жасап жатыр. Диас шаңғы теуіп жүр. Айшаның әдемі шанасы бар. Балалар қар үстінде шанамен сырғанайды.
Негізгі ой
Қыс мезгілі суық болғанымен, өте қызықты. Себебі біз қармен ойнаймыз, аққала соғамыз, шанамен және шаңғымен сырғанаймыз.
Қауіпсіздік пен дағды
Қалың киінбесек тоңып, ауырып қалуымыз мүмкін. Сондықтан қыста жылы киіну қажет.
Сергіту сәті
Ішік, пима, қолғап бар,
Арада жоқ тоңғақтар.
Баста қалың малақай,
Біз тоңбаймыз, алақай.
Ғажайып сәт
Аққаланың келуі, ойын, ән
Кейіпкердің сөзі
Аққала: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қыс мезгілінде даланы аппақ қар басады. Сол ақ қардан жасалған Аққала — мен боламын.»
Балалар: «Сәлеметсіз бе, Аққала! Біздің тобымызға қош келдің!»
Балалар аққаланың бейнесін сипаттайды: мұрны — үшкір сәбіз, көзі — көмірдей қап-қара.
Ойын және шығармашылық бөлім
Ойын: «Қар жинау»
Аққала жақсы ойнаған балаларға сыйлық дайындағанын айтады.
Ән: «Аққала»
Балалар аққалаға арнап ән айтады.
Аққала: «Рахмет, балалар! Әндерің өте жақсы. Мен көп тұрсам еріп кетемін, сондықтан қоштасамын. Сау болыңдар!»
Рефлексиялық кезең
Қорытынды сұрақ
Сонымен, біз қыста қандай ойындар ойнаймыз?
- Қардан аққала жасаймыз.
- Шанамен сырғанаймыз.
- Шаңғы тебеміз.
Бағалау және марапат
Бүгін сендер өте белсенді болдыңдар, сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Енді Аққаланың сыйлығын табыстаймын.