XVIII - XIX ғасырларда салынған қалалардың қазіргі кезеңдегі жағдайы
Сабақтың тақырыбы
§ 33. Қазақстан аумағындағы қалалар
Сабақтың түрі
Аралас
Сабақтың әдісі
Интерактивті
Көрнекілік
Карта, сызба
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Қазақстан қалаларының даму тарихын түсіндіру.
- Қалалардың қазақ халқының саяси, экономикалық және сауда-саттық өміріндегі орнын ашып көрсету.
- XVIII–XIX ғасырларда қазақ өлкесінде қалалардың пайда болуы туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
- Қосымша материалдарды пайдалану арқылы оқушылардың білім деңгейін дамыту.
- Әртүрлі дереккөздермен жұмыс істеуге үйрету.
- Өз ойларын еркін жеткізіп, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
- Ақпараттық технологиялар арқылы өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
- Тарихи деректерді тұжырымдап, талдауға бейімдеу.
Тәрбиелік
- Туған тарихтың маңызды оқиғаларын терең түсініп, тағылым алатын ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.
- Елін, Отанын сүюге баулу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Сынып тазалығын қадағалау.
- Оқушылардың сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру
Форматы: тест жұмысы (I және II нұсқа).
I нұсқа
-
Қай мемлекет қоныс аударып келген шаруаларға көмектесті?
- а) Англия
- ә) Франция
- б) Ресей
- в) Германия
-
Көшіп келген шаруаларға мемлекет қандай көмек берді?
- а) Қаржылай
- ә) Мал берді
- б) Жер берді
- в) Үй берді
-
Қай қалаларда ағаш материалдары жасалды?
- а) Мәскеу, Петропавл, Омбы
- ә) Петропавл, Омбы, Ақмола
- б) Орал, Қостанай, Ақмола
- в) Көкшетау, Қарағанды, Жезқазған
-
Шаруалардың өздері туып-өскен жеріне қайтуының себебі:
- а) Жағдайлары болмағандықтан
- ә) Салықты көп төлегендіктен
- б) Ауа райының қолайсыздығы және құрғақшылық салдарынан
-
Қиындықтың ең ауыр кезеңі қайсы болды?
- а) Ашаршылық кезеңі
- ә) Соғыс кезеңі
- б) Құрғақшылық кезеңі
-
Қазақстан аумағында ашаршылық қай жылы болды?
- а) 1892
- ә) 1896
- б) 1890
- в) 1891
-
Шаруалардың негізгі кәсібі қандай болды?
- а) Егіншілік
- ә) Мал шаруашылығы
- в) Балық шаруашылығы
-
Әрбір ер азаматқа қанша жер берілді?
- а) 16 десятина
- ә) 15 десятина
- б) 17 десятина
- в) 18 десятина
-
Қай қалаларда мал шаруашылығымен айналысты?
- а) Көкшетау, Қостанай, Ақмола
- ә) Петропавл, Павлодар, Омбы
- б) Омбы, Мәскеу, Орынбор
- в) Ақмола, Петропавл, Қостанай
-
Қай мал түрлерін өсірді?
- а) Шошқа, сиыр, қой, ешкі, жылқы
- ә) Түйе, сиыр, қой, жылқы
- б) Ешкі, сиыр, марал
- в) Жылқы, түйе, қой, ешкі
II нұсқа
-
Қай облыстар омарта шаруашылығымен айналысты?
- а) Семей, Өскемен, Павлодар
- ә) Қарағанды, Шымкент
- б) Алматы, Ақмола, Астана
- в) Қостанай, Торғай, Орал
-
Қоныс аударып келген шаруалардың негізгі кәсібі:
- а) Мал бағу
- ә) Егін егу
- б) Аң аулау
- в) Балық аулау
-
Қоныс аударып келген әрбір азаматқа қанша десятина жер берілді?
- а) 10
- ә) 15
- б) 16
- в) 25
-
Шаруалар жерді қазақтардан қанша тиынға жалға алды?
- а) 10–15 тиын
- ә) 5–7 тиын
- б) 20–25 тиын
- в) 9–10 тиын
-
Ақмола және Семей облыстары қандай дәнді дақылдар егумен айналысты?
- а) Бидай, арпа
- ә) Жүгері, күріш
- б) Кендір, сора
- в) Мақта, тары
-
Семей және Өскемен уездері қандай бау-бақша дақылдарын өсірумен айналысты?
- а) Қауын, қарбыз, күнбағыс
- ә) Қызанақ, сәбіз
- б) Орамжапырақ, картоп
-
Ресейде шаруалар басыбайлы тәуелділіктен қай жылы құтылды?
- а) 1861
- ә) 1891
- б) 1867
- в) 1868
-
1868 жылы Жетісудың әскери губернаторы кім?
- а) Г. А. Колпаковский
- ә) П. А. Столыпин
- б) А. Г. Гирс
- в) А. К. Тевкелев
-
Орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуының негізгі себебі:
- а) Өз еріктерімен келді
- ә) Жер аударылды
- б) Ресейде шаруаларға тәуелсіздік берілді
- в) Күштеп әкелді
-
«Хадоктар» деген кімдер?
- а) Жатақтар
- ә) Шаруалар
- б) Жер көріп қайтушылар
- в) Байлар
Тірек ұғымдар
- Сырғауыл
- Үйдің төбесін жабуға қолданылатын, жуандығы білектей ағаш.
- Қар тоқтату
- Егіс алқаптарына қарды жинап, жалдап үйіп қою тәсілі.
Жоспар
- 1 Солтүстік-Батыс Қазақстан қалаларының даму ерекшеліктері: Орал және Гурьев.
- 2 XVIII ғасырда салынған қалалар.
- 3 XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстандағы әскери бекіністер ретінде пайда болған қалалар.
- 4 Шаруалардың Қазақстанға қоныс аударуы барысында пайда болған қалалар.
- 5 Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы қалалар.
Тапсырмалар (оқулықпен жұмыс)
№1 тапсырма
Мәтінді оқып, картадан Қазақстанның солтүстік-батысындағы қалаларды және XVIII ғасырда салынған қалаларды көрсетіңдер.
Қысқаша тарихты мына жоспар бойынша жазыңдар
- Қаланың салыну тарихы
- Орналасқан жері
- Қалалықтардың кәсібі
№2 тапсырма
Мәтінді оқып, XIX ғасырдың бірінші жартысында әскери бекініс ретінде салынған қалаларды картадан көрсетіңдер.
Қысқаша тарихты мына жоспар бойынша жазыңдар
- Қаланың салыну тарихы
- Орналасқан жері
- Қалалықтардың кәсібі
№3 тапсырма
Мәтінді оқып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалаларын, сондай-ақ шаруаларды қоныс аударту кезеңінде пайда болған қалаларды картадан көрсетіңдер.
Қысқаша тарихты мына жоспар бойынша жазыңдар
- Қаланың салыну тарихы
- Орналасқан жері
- Қалалықтардың кәсібі
Талқылау сұрағы
Оқушылардың жұмыс нәтижелерін талқылағаннан кейін мына сұрақты қоюға болады:
Қазақстан аумағында XVIII–XIX ғасырларда пайда болған қалаларды картаға түсіріңдер.
Қорытындылау
Қорытынды бөлім шығармашылық тапсырма түрінде беріледі: оқушылар Астана қаласына арнап өз шығармашылық жұмыстарын өлең түрінде ұсынады.
Үй тапсырмасы
Ізденіс жұмысы ретінде: XVIII–XIX ғасырларда салынған қалалардың қазіргі кезеңдегі жағдайын зерттеп, қысқаша қорытынды жазыңдар.