Бойды ашуға билетпе, Басынан жаман үйретпе
Ашу келсе, тұрғызбас,
Артыңа мойын бұрғызбас.
Көрінеу отқа салады,
Орынды жұмыс қылғызбас.
Ыза керсе бойыңды,
Ойлатпайды ойыңды.
Басқызып алсаң, пайда жоқ,
Батпаннан ауыр шойынды.
Ашумен қылған іс емес,
Қайрат та емес, күш емес.
Ашуына билеткен,
Ақылы түзу кісі емес.
Пішінің кетер қуарып,
Аузың, ернің ұзарып.
Тышатұғын баладай
Екі көзің қызарып.
Қабаған иттей арсылдап,
Дуанадай қалшылдап,
Ыза қылған кісінің,
Соңынан қалмай жалпылдап.
Осыдан пайда не шықты?
Мас күнінде нені ұқты?
Ақылға салып ойлашы,
Мұнымен болар кім мықты?
Буындырмай өзіңді,
Бұлтитпай-ақ көзіңді,
Ойланып айтсаң болмай ма
Керекті ғана сөзіңді?
Бойды ашуға билетпе,
Басынан жаман үйретпе.
Адырайып, аптығып,
Бір жеріңді күйретпе.
Билеп алсаң ашуды,
Пайдасыз істен қашуды,
Сонда әдемі байқарсың
Аяқты қалай басуды.
Ашусыз адам болмайды,
Ескеру керек ондайды.
Қапы өткізбей қайырып
Алмағандар оңбайды.
Еріншек, ашу, құмарлық –
Бұларды істен шығардық.
Жамандықтың басы – осы,
Кісі болса ұғарлық.
Қазақ би-шешедері және олардың еңбектеріндегі негізгі идея
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДИЕВ(1858-1931) ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚӨЗҚАРАСТАРЫ
Ш.Құдайбердиев лирикасы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін, кейбір аффикстердің қызметін, бейнелегіш амал-тәсілдерін анықтау және талдау жасау
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны (1858- 1931)
Өзіңді сезімге, ашуға билетпе
Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары
Агрессия конфликттің алдын алу
Қазақ әдебиеті-тұлғаның рухани дамуының бастауы
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Шәкәрім өлеңдеріндегі тұлға мәселесінің дәстүрлік негіздері
Елбасынан үлгі алам
Тілегі жаманмен
Сен жәудән жәмәнсің
Жұқпалы емес иммунологиядағы жетістіктер Ф. Бернетке иммунологиялық бақылау концепциясын ашуға мүмкіндік берді
Бар ақылыңды үйреткенде, ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің
Баласы жаманның дәрмені кетер
Шың басынан құлдырап, Құлап аққан тас бұлақ
Қыздың жаман болуы отбасыдағы тәрбиеден
Тәуелсіздікке жету жолындағы қазақ халқының басынан өткерген тарихи кезеңдері
Бір кісі өлер алдында артында қалып бара жатқан жалғыз баласы Есекмергенге өзінің басынан өткендерін айта келіп