Балаларды көпшілік ортаға бейімдеу
Балабақшадағы алғашқы күн: бейімделу және танысу
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, КМҚК «Балапан» бөбектер бақшасы тәрбиешісі — Гульмира Серікқызы Кулдошбекова. Бұл материал баланың балабақшаға алғашқы келген күніне арналған: жаңа ортаға жұмсақ бейімдеу, бөлмелермен таныстыру және балалар арасында жылы қарым-қатынас қалыптастыру.
Мақсаты
Балаларды көпшілік ортаға бейімдеу, балабақшадағы алғашқы күнді қауіпсіз әрі қызықты ету.
Міндеттері
- Балабақшадағы алғашқы күнді танысу және бейімделу күні ретінде ұйымдастыру.
- Топтағы құрдастарымен таныстыру, бір-біріне жылы қатынас орнатуға үйрету.
- Ата-аналармен бірге балабақша ішіне «саяхат» жасап, бөлмелерді таныстыру: демалыс бөлмесі, сахна, ойын бөлмесі және т.б.
- Жеке бастың тазалығы (гигиена) туралы түсінік беру.
Дамытушылығы
Баланың зеректігін және ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі
Ұқыптылыққа, тазалыққа және жинақылыққа тәрбиелеу.
Іс-әрекет барысы
1) «Жылулық шеңбері»
Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы тілектер айтып, ортақ көңіл күй қалыптастырады.
Саусақтардың амандасуы
Бес бармақ кезекпен басқа саусақтардың атын атап, ұштарын тигізіп амандасады:
- — Сәлеметсің бе, Балаң үйрек!
- — Сәлем, Ортан терек!
- — Амансың ба, Шылдыр шүмек?
- — Қалың қалай, Кішкене бөбек?
2) Ұйымдастыру және ізденіс: «Мені шақыр» ойыны
Тәрбиеші қолына жалауша алып, кез келген баланы жылы жүзбен атымен атап шақырады: «Азамат, маған келші!»
- Балалар бір-бірін атымен атап шақырып, жалаушаны кезекпен береді.
- Жалаушаны алған бала алғыс айтып, өз орнына барып тұрады да, келесі баланы шақырады.
- Балалар қуанып, бір-бірінің соңынан тізіліп, келесі бөлімге дайындалады.
3) «Пойызбен саяхат»: балабақша бөлмелерімен танысу
Балалар «пойыз вагондары» сияқты іркес-тіркес болып тізіліп, әр бөлмеге кіріп-шығады. Тәрбиеші бұл саяхаттың мақсатын түсіндіріп, бөлме атауларын және олардың қызметін таныстырады.
Бөлмелер
Демалыс бөлмесі, сахна, ойын бөлмесі және басқа да кеңістіктер.
Қарым-қатынас мәдениеті
Ойын барысында бір-біріне мейірімді болуға, сыпайы сөйлесуге және кезек күтуді сақтауға дағдыландырады.
4) Гигиена және жеке заттарды тану
Тәрбиеші балаларға жеке бастың тазалығы (гигиена) туралы қарапайым әрі түсінікті мәлімет береді. Сондай-ақ сүлгілері немесе киімдері ілінген шкафтардан өздеріне тиесілі сурет жапсырмаларын тауып көруді ұсынады.
Соңғы бекет: әжетхана бөлмесі. Мұнда қол жуу, тазалық сақтау, сүлгіні дұрыс пайдалану сияқты әдеттер бекітіледі.
5) Қорытындылау және қайталау
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.
Тәрбиеші сұрақтар қойып, балаларға әр бөлменің атауын дұрыс атап, қайталап айтуға мүмкіндік береді. Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Күтілетін нәтиже
Біледі
Бөлме атауларын және олардың қандай мақсатқа арналғанын.
Түсінігі бар
Келген адаммен амандасу керектігін және сыпайы қарым-қатынас жасауды.
Орындай алады
Барлығы бірге «Жылулық шеңберін» орындап, топта бірлесіп әрекет етуді.