Жай бөлшектерді азайтуды үйрену

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Сынып

5

Пән

Математика

Пән мұғалімі

Маншарипова А. Т.

Сабақ тақырыбы

Жай бөлшектерді азайту

Түйінді мақсат

Жай бөлшектерді азайтуды үйрену және есеп шығаруда қолдану.

Оқыту тәсілдері

  • Жеке жұмыс — әр оқушының есептеу дағдысын бекіту.
  • Жұптық жұмыс — түсіндіру, тексеру, өзара қолдау.
  • Топтық жұмыс — талдау, ойын түріндегі тапсырмалар арқылы бекіту.

Бағалау және қолдау

Оқыту үшін бағалау

  • Мадақтау және нақты кері байланыс.
  • Жұпта өзара бағалау.
  • Топта өзара бағалау.

Жеке қажеттіліктерді ескеру

Мұғалім тапсырманың мақсатына жетуге бағыттап қолдау көрсетеді. Тапсырманы ерте аяқтаған оқушыларға қосымша тапсырмалар беріледі.

Күтілетін нәтижелер

Сабақ соңында оқушылар жай бөлшектерді азайту ережелерін түсініп, түрлі деңгейдегі есептерде қолдана алады.

Білу (барлығы)

Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту ережесін біледі.

Түсіну (барлығы)

Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді азайту алгоритмін түсінеді.

Қолдану (көпшілігі)

Есеп шығаруда ережені дұрыс қолданады.

Талдау (көпшілігі)

Бөлімдері бірдей және әртүрлі бөлшектерді азайту ережесін өздері құрастыра алады.

Жинақтау (кейбіреуі)

Күнделікті өмірден жай бөлшектерді азайтуға мысал келтіреді.

Бағалау (кейбіреуі)

Өз жұмысына және сыныптасының жұмысына дәлелді баға бере алады.

Ресурстар мен жабдықтар

Презентация

PowerPoint

Таратпа материалдар

Үлестірмелер

Жұмыс парақтары

Деңгейлік тапсырмалар

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топта топ басшысы және бақылаушы анықталады.

Ой қозғау (жеке және ортақ жұмыс)

  1. Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылады?
  2. Бөлімдері әртүрлі бөлшектер қалай қосылады?
  3. Аралас сандар қалай қосылады?

Тұсаукесер (мотивациялық тапсырмалар)

Мәселе 1

Болат қарбызды тең 5 бөлікке бөлді. Оның 3 бөлігін ыдысқа салып, 1 бөлігін жеді. Ыдыста қарбыздың неше бөлігі қалды?

Мәселе 2

Екі шеңбер берілген. Осы шеңберлердің бір бөлігін алып тастағанда, неше бөлігі қалады?

Негізгі бөлім: жаңа тақырып

Бүгінгі тақырып — жай бөлшектерді азайту. Төмендегі ережелер есеп шығару кезінде негізгі тірек болады.

1) Бөлімдері бірдей

Алымдарды азайтамыз: азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын азайтып, нәтижені алым етіп жазамыз. Бөлім өзгермейді.

2) Бөлімдері әртүрлі

  1. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіреміз.
  2. Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайту ережесі бойынша азайтамыз.

3) Натурал саннан азайту

Натурал санды бөлшектің бөліміне тең бұрыс бөлшек түрінде жаза аламыз немесе натурал санды бір бүтінге кемітіп, бөлімі азайтқыштың бөліміндей аралас санға айналдырамыз.

Оқулықпен жұмыс

  • №686 (1)
  • №687 (3)
  • №688 (5)

Мұғалім–оқушы (жұптық жұмыс)

1-топ

№686 (5), №687 (1)

2-топ

№686 (2), №687 (2)

3-топ

№686 (3), №687 (4)

Тест жұмысы (жеке жұмыс)

Тест үш форматта ұйымдастырылады: таңдау, сәйкестендіру, толықтыру.

1-топ: Таңдау

  1. Есепте: 7/27 − 2/27 =

    • 1) 5/27
    • 2) 2/27
    • 3) 19
    • 4) 13
  2. Есепте: 3/5 − 1/5 =

    • 1) 1/5
    • 2) 2/5
    • 3) 1
    • 4) 12/5
  3. Есепте: 11/16 − 7/16 =

    • 1) 3/16
    • 2) 1/4
    • 3) 3/4
    • 4) 1/16
  4. Есепте: 37/50 − 13/50 =

    • 1) 12/25
    • 2) 24/25
    • 3) 7/50
    • 4) 1/5
  5. Есепте: 19/36 − 7/36 =

    • 1) 1/3
    • 2) 11/12
    • 3) 7/36
    • 4) 1

2-топ: Сәйкестендіру

Тапсырмалар

  1. 3/11 − 1/11
  2. 11/17 − 7/17
  3. 12/25 − 8/25
  4. 4/7 − 2/5
  5. 2/3 − 1/4

Жауаптар

  • A) 4/17
  • Ә) 4/25
  • Б) 6/35
  • В) 5/12
  • Г) 2/11

3-топ: Толықтыру

  1. 8/27 + □ = 17/27

  2. □ + 1/8 = 3/8

  3. 12/13 − □ = 1/13

  4. 9/10 − □ = 1/10

  5. 3/4 − 1/5 = □

Сергіту сәті

Қысқа математикалық жұмбақ: видеодан жұмбақ оқылады, оқушылар жауапты бірге талқылайды.

«Математикалық домино» (топтық жұмыс)

Топтар домино форматына құрылған тапсырмаларды орындап, нәтижелерін салыстырады. Мақсат — жылдамдықпен қатар дәлдікті сақтау.

Қорытынды

Сабақ соңында топ басшылары мен бақылаушылардың пікірлері тыңдалады. Оқушылар өзара бағалау арқылы нәтижені нақтылап, келесі қадамдарға мақсат қояды.