Торы құлын жырын жаттау

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы
Төрт түлік жырлары. «Торы құлын»
Пән
Әдебиеттік оқу
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі
Түсіндіру, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс
Музыка, математика
Көрнекілік
Төрт түлік суреттері

Сабақтың мақсаты

1

Оқушылардың төрт түлік туралы түсініктерін кеңейту, малдың өрісі мен қадір-қасиеті туралы мәлімет беру.

2

Төрт түліктің ішінде құлын туралы нақты мағлұмат беру.

3

Оқушыларды өз ойларын тұжырымдап, жеке және топпен еркін айтуға; көп ізденуге; бірін-бірі тыңдауға дағдыландыру.

4

Төрт түлікті күтіп-баптауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақ жоспары

  1. 1 Үй тапсырмасын тексеру
  2. 2 Үй тапсырмасын сұрау
  3. 3 Топпен жұмыс
  4. 4 Қорытынды
  5. 5 Бағалау

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық сәт:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Құрметпенен сіздерге

Бас иеміз біз.

II. Үй тапсырмасын пысықтау

  • Үйге қандай тапсырма берілді?
  • Қойдың қандай пайдасы бар?
  • Сабақ қалай аяқталған еді?

Мақал-мәтелдердің жалғасын табу

  1. 1. Ел көркі — жер, өзен көркі — тал.

  2. 2. Сауып ішсең мың күндік, сойып ішсең бір күндік.

  3. 3. Бақпаса мал өспейді, баптамаса егін өспейді.

III. Топпен жұмыс

Тапсырма

Қой суреттерін құрастыру.

Ән

«Қошақаным»

IV. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу

Мақал-мәтелдердің жалғасын табу арқылы «Ойлан, тап» ойынын ұйымдастыру.

  1. 1. Тұяқ жеткізер, тай жеткізер.
  2. 2. Құнан жеткізер, ат мұратқа жеткізер.
  3. 3. Тұлпар — қанаты.
  4. 4. Теңге тиыннан өсер, жылқы төлмен өсер.

V. Оқулықпен жұмыс

«Торы құлын» жырын тізбектей оқыту.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары.

VI. Дәптермен жұмыс

Жырдағы торы құлынды сипаттау:

Басы

Құп-құлдыр

Көзі

Моншақтай

Ерні

Жып-жымыр

Жағы

Қалақтай

Мойны

Садақтай

Жалы

Жібектей

Саны

Білектей

Құйрығы

Шашақтай

Денесі

Жұп-жұмыр

VII. Қорытынды

  1. 1 Жылқы не істейді? (құлындайды, кісінейді)
  2. 2 Жылқының төлін қалай шақырады? (қырау-қырау)
  3. 3 Жылқының пайдасы қандай?
  4. 4 Жылқыдан не аламыз? (сүт, қымыз, ет, қазы-қарта, жал, шұжық)

Бағалау

Смайлик арқылы бағалау.

Үй тапсырмасы

«Торы құлын» жырын жаттау.