Жіңішке буынды сөздер
Фонетика тарауы бойынша оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс үлгілері
№101 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Молдағажиева С. 5-сынып оқушылары орта буынға өткенде, пән мұғалімдері оқушының қызығушылығы мен танымдық қабілетін арттыруға көбірек көңіл бөлсе, оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Осы орайда әр оқушының қабілетіне қарай жүргізілетін жеке жұмыстардың маңызы жоғары.
Өз тәжірибемде әр тарауды немесе тақырыпты өткеннен кейін оқушының материалды қалай меңгергенін, қаншалықты есте сақтағанын жеке тапсырмалар арқылы анықтап отырамын. Жас мамандарға көмек ретінде төменде фонетика тарауына арналған жеке жұмыс үлгілерін ұсынамын.
1) Семантикалық карта
Берілген сөзді фонетикалық белгілер бойынша талдауға арналған кесте.
| Сөз | Дауысты | Жуан | Жіңішке | Ашық | Қысаң | Еріндік | Езулік | Дауыссыз | Қатаң | Ұяң | Үнді |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| БАЛМҰЗДАҚ | — | — | — | — | — | — | — | — | — | — | — |
Ескерту: кестені оқушы дауысты/дауыссыз дыбыстардың түрлерін анықтап, тиісті бағанға белгілеп толтырады.
2) Көп нүктенің орнына тиісті жұрнақты қойып, көшіріңдер
Көп нүктенің орнына –хана, –нікі, –дікі, –тікі, –кер, –кеш, –паз, –қой, –ғой, –гөй жұрнақтарының орайлысын қойыңдар.
3) Жазылуы мен айтылуын салыстыру
Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің жазылуы мен айтылуын салыстырып, үлгі бойынша айырмашылығын ажыратып, көшіріңдер.
Тізім
- Көп адам
- Кеше
- Ата
- Бір кезде
- Бір адам
- Жусан
- Күлпаш
- Ала кел
- Жай отырма
- Жай қалма
- Торы ала ат
- Қара күрең
- Сары қасқа
- Көк есек
- Ботакөз
- Жаңа ауыл
- Жаңа ел
- Жаңақорған
Үлгі кесте
| Жазылуы | Айтылуы | Айырмасы |
|---|---|---|
| — | — | Айырмасы жоқ / бар |
Оқушы әр бірлікті кестеге түсіріп, орфоэпиялық өзгерісті (егер болса) көрсетеді.
4) Тасымалданбайтын сөздер
Тасымалданбайтын 10 сөз жазыңдар.
5) Тек ашық буыннан тұратын сөздер
Тек ашық буыннан тұратын 10 сөз жазыңдар.
6) Үндестік заңына бағынбайтын сөздер
Үндестік заңына бағынбайтын 10 сөз жазыңдар.
7) Дауысты дыбыстарды жіктеу
Дауысты дыбыстарды төмендегі белгілер бойынша топтастырыңдар:
Тіл қатысына қарай
Жуан / жіңішке
Жақ қатысына қарай
Ашық / қысаң
Ерін қатысына қарай
Еріндік / езулік
8) Дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталатын сөздер
Дауысты дыбыстан басталып, дауыстыға аяқталатын 10 сөз жазыңдар.
9) «Ә» дыбысына аяқталатын сөздер
«Ә» дыбысына аяқталатын 10 сөз жазыңдар.
10) Дауыссыз дыбыстарды жіктеу
Дауыссыз дыбыстарды үш топқа бөліңдер:
Қатаң
—
Ұяң
—
Үнді
—
11) Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалар
Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды атап жазыңдар.
12) Орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды ажырату
Сөздердің орфографиялық және орфоэпиялық нормаларын айқындап, төмендегі үлгі бойынша екі бағанға бөліп көшіріңдер.
| Жазылуы | Айтылуы |
|---|---|
| Көрінбеді | Көрімбеді |
| — | — |
13) Кестені толтыр
Сөздерді буын түріне қарай жіктеп жазыңдар: жуан буынды, жіңішке буынды және аралас буынды.
| Жуан буынды сөздер | Жіңішке буынды сөздер | Аралас буынды сөздер |
|---|---|---|
| — | — | — |
| — | — | — |
14) «Екінші буынымды тап»
Сөздерді буынға бөліп, әр сөздің екінші буынын анықтап жазыңдар.
15) Адасқан буындар: буындарды реттеп, сөз құрастыр
Төмендегі буындарды дұрыс ретке келтіріп, сөздер құрастырыңдар.
Буындар
Ға, тық, ба, кар, қы, ұ, қа, тан, дос, лет, шақ, тор, сұл, та, пыш, рыш.
Мүмкін болатын жауаптар
Ғарыш, достық, балет, ұшақ, сұлтан, пышқы, торқа, карта.