Еңбек етудің әдемілігін сезінуге тәрбиелеу
Сабақ тақырыбы
«Күзгі қарбалас» — Балтабай Тәжімбетов.
Сабақ мақсаты
Білімділік
Өлең мазмұны арқылы ақынның күзгі тіршіліктің бейнесін қалай сомдағанын түсіндіру.
Дамытушылық
Өлеңнің тақырыбы мен мазмұнындағы қозғалыс пен динамиканы талдау арқылы ойлау, іздену және пайымдау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
- Тіршіліктегі әсемдікті көре, ести және сезіне білуге тәрбиелеу.
- Еңбек етудің қадірін ұғындыру, еңбектің әдемілігін сезіндіру.
Әдіс-тәсілдер мен ұйымдастыру
- Сабақ әдісі
- Пікір алмасу, өз ойын ортаға салу, топтастыру.
- Сабақ түрі
- Білім, іскерлік және дағдыны жетілдіру сабағы.
- Көрнекілігі
- Тақырыпқа сай слайдтар, оқулық, дидактикалық материалдар.
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу өнері.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар күзгі тіршіліктегі жан-жануарлардың қарбаласын сезіне отырып, өлең мазмұнын ашады; еңбектене білуге, еңбекке құрметпен қарауға дағдыланады.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг:
Үлкенге де — сіз,
Кішіге де — сіз.
Бар адамға құрметпен
Бас иеміз біз.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ: Үйге қандай тапсырма берілді?
«Ұшқан ұя» мәтіні бойынша қайталау және талқылауға дайындық.
Сұрақ: Бауыржан Момышұлы туралы не білесіңдер?
Бауыржан атамыз өмірден өтсе де, оның ерлігі мен өнегесі жыл сайын халқымыздың жадында жаңғырып отырады.
Ендеше, «Ұшқан ұя» мәтіні бойынша топпен жауап берейік:
1-топ
Батыр Бауыржан бабасын, әжесін, әке-шешесін қалай еске алады?
2-топ
Имаш ата немересіне қандай тілек айтады?
3-топ
Бауыржан Момышұлының ерлігі туралы не білесіңдер?