Өсімдіктердің көптүрлілігі

Пән: Дүниетану

Өсімдіктердің көптүрлілігі

3-сыныпқа арналған тақырыптық сабақ. Қосымша сұрақ: «Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?» (2-сынып деңгейінде).

Мақсаты

  • Өсімдіктердің көптүрлілігі туралы түсінікті нақтылау.
  • Сыртқы орта жағдайларына бейімделуін түсіндіру.
  • Өсімдіктердің тіршілігі мен өмір сүру ұзақтығы туралы ұғымды кеңейту.

Күтілетін нәтиже

  • Әңгімелеу, сипаттау, талдау және бақылау дағдылары дамиды.
  • Топпен жұмыс істеу және белсенді қатысу қабілеті артады.
  • Өсімдіктерді қорғау мәдениеті қалыптасады.

Сабақ форматы мен ресурстар

Сабақ түрі

Жарыс сабақ

Әдістер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтау, топпен жұмыс

Көрнекіліктер

Суреттер, тірек-сызбалар, бүктемелер, сызбалар

Психологиялық ахуал: дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Мақсат — оқушыларды сабаққа жинақтап, жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Сабақ барысы

1-кезең

Қызығушылықты ояту

Топтық жұмыс

Топқа бөлу

Оқушылар бойларына қарай топтарға бөлінеді.

Топ атауын қою

«Адасқан әріптер» арқылы топтар өз атауын табады (мысалы: «Өсімдік»).

2-кезең

Үй тапсырмасын тексеру

Қорғау

Өткен тақырыпты қайталау: оқушылар өздері жасаған альбомдарын таныстырып, қорғайды.

3-кезең

Постер жасау

Шығармашылық

1-топ тапсырмасы

Өсімдік топтарын жазып, әрқайсысына мысал келтіріңдер.

Бұта

  • Сексеуіл
  • Итмұрын
  • Жыңғыл
  • Қарақат

Ағаш

  • Емен
  • Қайың
  • Шырша
  • Қарағай
  • Алма ағашы

Шөп

  • Жусан
  • Адыраспан
  • Жантақ
  • Бақбақ
  • Қияқ

Өсімдіктердің алуан түрлілігі және ортаға бейімделуі

Оқушылар өсімдіктерді өсу ортасына қарай топтастырып, қарама-қарсы қасиеттерін салыстырып орналастырады.

Ылғал сүйгіш өсімдіктер

Беде, бақбақ

Шөлге төзімді өсімдіктер

Сүттіген, жантақ

Жарық сүйгіш өсімдіктер

Мақта, бидай

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер

Қазтабан

Жылу сүйгіш өсімдіктер

Қияр

Суыққа төзімді өсімдіктер

Бидай

Талдау тапсырмасы

«Төзімді» және «сүйгіш» өсімдіктерді жұптап, қарама-қарсы қойып орналастырыңдар (мысалы: ылғал сүйгіш ↔ шөлге төзімді, жарық сүйгіш ↔ көлеңкеге төзімді, жылу сүйгіш ↔ суыққа төзімді).