Қазіргі кезде қандай сән журналдарын білесің
Сабақтың тақырыбы
Шалбар түрлері. Өлшем алу (9-сынып).
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: оқушыларға шалбар түрлері және сән журналынан модель таңдау туралы түсінік беру.
- Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті қалыптастыру, танымдық қызығушылықты дамыту.
- Тәрбиелік: эстетикалық талғамды арттыру, әдемілікке, сұлулыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ форматы
- Түрі:
- аралас сабақ
- Әдісі:
- түсіндірмелі, сұрақ-жауап, топтық және жұптық жұмыстар
- Пәнаралық байланыс:
- сызу, алгебра
Көрнекіліктер
Сән журналдары, оқулық, өлшем алу ережелері, нұсқаулық карталар, шалбар үлгісі, сантиметрлік таспа, буклет, слайдтар.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Топқа бөлу
Ине, жіп, қайшы бейнеленген қиынды суреттер таратылады. Әр оқушы өз бөлігін таңдап, топ ішінде қайта құрастыру арқылы сынып үш топқа бөлінеді. Мақсат — ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
1-топ
Ине
2-топ
Қайшы
3-топ
Жіп
III. Үй тапсырмасын тексеру
«Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы өткен материал қайталанады.
-
1) Сән журналдары алғаш рет қашан шықты?
Жауап: XVII ғасыр.
-
2) Қазіргі кезде қандай сән журналдарын білесің?
Жауап: «Маусым сәндері», «Сымбат», Burda.
-
3) Сән журналдары қай ғасырда көбейе түсті?
Жауап: XIX ғасыр.
-
4) Журналмен жұмыс істеуде нені білу керек?
Жауап: нұсқаулар мен шартты белгілерді түсіну.
-
5) Қажетті үлгіні қалай көшіріп алуға болады?
Жауап: калька қағазы арқылы.
-
6) Таңдаған модельдің қиындық деңгейі қалай көрсетіледі?
Жауап: нүктелер арқылы белгіленеді.
-
7) Жайылма парақта үлгілер қандай түстермен көрсетіледі?
Жауап: қызыл, жасыл, көк, қара.
-
8) Түсіндірме мәтінде не айтылады?
Жауап: үлгінің атауы, өлшемі, мата шығыны, бөлшектер тізімі, тігу ерекшеліктері қысқаша беріледі.
-
9) Burda журналындағы өңдеу деңгейі «****» нені білдіреді?
Жауап: орындау деңгейі жоғары, мол тәжірибені қажет етеді.
-
10) Сән журналындағы модельдер қандай өлшемдерге беріледі?
Жауап: 36, 38, 40, 42, 44, 46 (неміс өлшем жүйесі). Өз өлшемімізге сәйкестендіру үшін осы сандарға 6 қосылады.
Ой толғаныс
Видеоролик көрсетіліп, мазмұны бойынша мағынасы анықталады.
IV. Топтық жұмыс
«Мәтінді тану» әдісі: әр топ тапсырманы талдап, постер дайындап қорғайды.
1-топ тапсырмасы
Шалбар түрлері
Галифе шалбарының тарихы және оны жасау ерекшеліктері.
2-топ тапсырмасы
Классикалық және күліш шалбар
Сипаттау және айырмашылықтарын анықтау.
3-топ тапсырмасы
Капри және бриджи
Сипаттау және айырмашылықтарын анықтау.
Негізгі ұғымдар: шалбар түрлері
Классикалық шалбар
Мұқият салынған қыры бар, түзу пішінді ұзын шалбар. Іскерлік стильдегі костюмді онсыз елестету қиын.
Күліш шалбар
Балақ жағы кеңейтілген ұзын шалбар. Екі нұсқасы кездеседі: тізеден бастап күліш және саннан бастап күліш. ХХ ғасырдың 70-жылдары әйелдер де, ерлер де киген; бүгінде көбіне әйелдер коллекцияларында кездеседі.
Джинса
Саржалық өрімі бар тығыз мақта матадан тігілетін шалбар.
Капри
Ұзындығы балтырдың ортасына дейін жететін тар шалбар. Авторы — дизайнер Соня де Леннарт. Атауы алғаш көрсетілген орынмен — Капри аралымен байланысты.
Бриджи
Ұзындығы көбіне тізеге дейін (кейде сәл төменірек) болатын шалбар. Төменгі жиегінде резеңке немесе манжет болуы мүмкін. Мықын тұсы тар да, кең де болып келеді.
V. Сарамандық жұмыс: өлшем алу
Жұптық жұмыс. Шалбарды конструкциялаудағы негізгі операциялардың бірі — өлшем алу. Шалбар тігу үшін алдымен адам өлшемдері дұрыс әрі нақты алынуы қажет.
Өлшем белгілері
Өлшем атаулары қысқартылған сөздердің бас әріптерімен белгіленеді: айналым — А, жартылай айналым — Жа, ені — Е, биіктік — Б, ұзындық — Ұ.
Бас әріптің оң жағындағы қосымша әріп өлшемнің нақты бөлігін көрсетеді: Жба — жартылай бел айналымы, Жма — жартылай мықын айналымы, Шұ — шалбар ұзындығы, Об — отыру биіктігі.
Өлшем алудың ережелері
- 1 Өлшемді адамның оң жағында тұрып алады; алдымен алдыңғы жағынан, кейін артқы жағынан өлшейді.
- 2 Белді алдын ала жіппен белгілеу (буып қою) қажет.
- 3 Өлшем алынатын адам тік тұруы керек.
- 4 Таспаны қатты тартуға да, тым бос ұстауға да болмайды.
- 5 Ұзындық өлшемдері толық жазылады.
- 6 Айналым және ен өлшемдері жартылай жазылады, себебі сызба тұлғаның жартысына ғана құрылады.
VI–XI. Бағалау, қорытынды және үй тапсырмасы
Бағалау және пікір
- VI. Жұптық жұмысты бағалау.
- VII. «Еркін микрофон»: «Маған ұнаған шалбар» тақырыбында пікір айту.
- IX. Кері байланыс: «Не ұнады? Не қиын болды?» (стикер арқылы).
- X. Жалпы бағалау.
Қорытынды сұрақтар («Кір жаю» әдісі)
- Неліктен шалбар белдік киімдер қатарына жатады?
- Шалбардың қандай түрлерін білесің?
- Галифе шалбарын кім ойлап тапты?
- Классикалық шалбарды қай жерлерде киюге болады?
- Шалбар тігу үшін қандай өлшемдер алынады?
Үй тапсырмасы
- Шалбар сызбасын есептеу.
- Қажетті құрал-жабдықтарды алып келу.