Презентацияларды графикалық объектілермен көркемдеу
Сабақтың тақырыбы
Презентацияларды графикалық объектілермен көркемдеу.
Сабақтың түрі
Ашық сабақ
Көрнекілігі
Компьютер, слайд, тапсырмалар
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Жалпы мақсат
Оқушыларға PowerPoint бағдарламасында жұмыс істеуді меңгерту.
Білімділік
PowerPoint бағдарламасының графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, презентацияны көркем әрі ұқыпты құрастыруды үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Ақпараттық мәдениетке, өзін-өзі бағалауға және уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу
- Сыныпты түгелдеу
-
2
Үй жұмысын тексеру (сұрақ-жауап)
1) MS Word қандай бағдарлама?
MS Word — құжаттарды құру, қарау, өзгерту, пішімдеу және басып шығаруға арналған бағдарлама.
2) Презентация әзірлеу ережелерін атаңдар.
Жоспар болуы керек; ақпарат ықшам әрі түсінікті болуы тиіс; эстетикалық талғамға сай безендіріледі; графикалық бейнелер қолданылады.
3) PowerPoint бағдарламасының негізгі міндеті қандай?
Ақпаратты қабылдау және есте сақтауды тиімді ету үшін көрсетілімдерді жоспарлау, жасау және өңдеу.
4) PowerPoint бағдарламасын қалай іске қосамыз?
1-нұсқа: Пуск → Программы → Microsoft Office → Microsoft Office PowerPoint.
2-нұсқа: Жұмыс үстелінде тінтуірдің оң жақ батырмасы → Создать → Презентация PowerPoint.5) PowerPoint-тың қандай мүмкіндіктерін білесіңдер?
Сурет, сызба, анимация, сілтеме, бейне және дыбыс қосуға мүмкіндік береді.
6) Слайд дегеніміз не?
Слайд — сурет, сызба, эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігі.
7) Слайдты толық экранда көрсету үшін не істейміз?
Вид → Показ слайдов немесе F5 пернесі.
8) PowerPoint-та құжатты қалай сақтаймыз?
Файл → Сақтау (Сохранить) немесе Файл → Қалай сақтау (Сохранить как).
9) PowerPoint терезесінің негізгі элементтерін атаңдар.
Тақырып жолы, мәзір жолы, пішімдеу жолағы, стандартты құралдар жолағы, жұмыс аймағы, сурет салу құралдары, қалып күй жолағы.
-
3
Жаңа сабақ
PowerPoint бағдарламасының негізгі міндеті — ақпаратты қабылдау мен есте сақтаудың тиімділігін арттыру үшін көрсетілімдерді жоспарлау, жасау және өңдеу.
PowerPoint-та жасалған құжат слайд деп аталады. Слайд — мазмұнды визуалды түрде ұсынатын, суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген бөлім.
Слайдқа объектілерді енгізу
Кесте және сурет қосу
- •Кірістіру (Вставка) → Кесте (Таблица)
- •Көшіру (Копировать) → Қою (Вставить)
- •Кірістіру (Вставка) → Сурет (Рисунки)
- •Көшіру (Копировать) → Қою (Вставить)
Дыбыс және бейне қосу
- •Кірістіру (Вставка) → Дыбыс (Звук)
- •Кірістіру (Вставка) → Бейне (Фильм)
Ескерту: Қою командасы мәзірде «Вставить» түрінде көрсетіледі.
-
4
Жаңа сабақ бойынша практикалық кезең
1-топ
«Тәуелсіз елім — Қазақстаным менің» тақырыбында презентация жасаңыздар. ҚР-ның мемлекеттік рәміздерін және Әнұранды кірістіру қажет.
2-топ
«Ел ордасы — Астана» тақырыбында презентация жасаңыздар. Слайдтарға Астананың фотосуреттерін және қалаға арналған дыбысты кірістіріңіздер.
-
5
Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығулары арқылы назарды қайта жинақтау.
-
6
Бекіту сұрақтары
- Слайдтарға қандай графикалық объектілерді орналастыруға болады?
- Презентация деп нені атайды?
- Слайдқа кесте мен суретті қалай енгіземіз?
- Слайдтарды көрсету үшін қандай әрекет орындалады?
-
7
Үй тапсырмасы
«Менің достарым!» тақырыбында презентация жасауға арналған жоспар құрып келіңіздер.
-
8
Бағалау
Оқушылардың теориялық жауаптары мен практикалық жұмысының орындалуына қарай бағалау жүргізіледі.