Аяулы аналар, апайлар

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Аяулы аналар, апайлар! Көктемнің алғашқы мерекесі — 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ана — жүрек. Ана — тірек, тіректі құрметте.
Ана — шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана — күнің, күніңе табынып өт.

Иә, шынында да, ана — құдірет. Бар игі жақсылықтың бастауы — аяулы аналар.

Құрметті қонақтар, «Қарлығаш» тобы бүлдіршіндерімен өткізілетін «Аяулы анашым!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген — бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.

Әндер мен құттықтаулар

Ән

«Апатайым — анашым!»

Қане, балалар, аналарымызға тақпақ айтып берейік.

Ақсезім
Анам менің сүйіктім, тек өзіңе табынам.
Марғұлан
Анаң болса қасыңда, басқа бақыт не керек?
Аян
Мен анамды сүйемін, құшағына енемін.
Аян
Қуанышы баланың — бізді өсірген анашым.
Дамир
Құтты болсын, анашым, құтты болсын мерекең!

Ал, бәріміз бірге аналарымызды құттықтайық!

Ән: «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!»

Бүлдіршіндердің жүрекжарды сөздері

Ақерке

Бала, бала, бала деп, түнде шошып оянған!

Іңкәр

Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған!

Саян

Сөздеріңді ең аяулы, жақсы көріп жаттадым!

Рамазан

Анам менің «Айым» дейді, мен мұңайсам — уайым жейді.

Айберген

Анам менің «Күнім» дейді, мен қуансам — күлімдейді.

Қарақат

«Жаным» дейсің мені, жаратушым бір өзіңсің.

Ән

Зайни, Ақсезім, Гүлсезімнің орындауындағы «Кел, билейік!» әнін тамашалаңыздар.

Зайни

Таң қалғандай ғалам: кім ең сұлу адам? Ол — менің анам.

Кәусар

«Боташым» дер саған кім сүйікті адам? Ол — менің анам.

Гүлсезім

Айналайын, анашым, көкте нұр боп жанасың.

Нұркелді

Менің әжем — жыр әжем, шуағы мол нұр әжем.

Әйгерім

Анамызды сыйлаймыз, айтқанын тыңдаймыз.

Ақберен

Әлпештеген, аялаған, ақ сүт берген анашым!

«Қуыршақ» әнімен Кәусар, Қарақат, Ақерке, Іңкәр, Әйгерім шығады. Құрметті аналар, қошеметтеп, қол соғып отырыңыздар!

Би және ойындар

Би

«Жігіттер»

Міне, керемет жігіттер! Арландай, тарландай — біздің жігіттер!

Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,
Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған.
Тіршіліктің тынысы мен ажары —
Ана деген теңдесі жоқ жақсы адам.

Ойын: «Сөз құра»

Шарты: Сіздерге әріптер беріледі. Екі топ мен айтқан сөзді жарыса отырып құрауы керек. Бірінші болып орындаған топ жеңімпаз атанады. Ойынға 6 адам қатысады.

А Н А Ә Н Е Ә К Е

Көрініс

Тобымыздың бүлдіршіні Сапарғали Гүлсезімнің анасымен бірге дайындаған көрінісін тамашалаңыздар.

Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі — аналар!
Ана деп бас иеді бүкіл халық!

Ойын: Әуенмен түсіндір

Шарты: Ойынға 3 адам қатысады. Берілген сөзге қарай әнді ыңылдап түсіндіреді, ал шешімін көрермендер табады.

Жылы лебіз және қорытынды

Құрметті аналар! Бүлдіршіндеріміз апайларымен бірге дайындаған жүректеріндегі жылы лебіздерін сіздерге арнайды.

Ақ жүректі аналар — берекеміз.
Құтты болсын көктемгі мерекеңіз!

Көгілдір көктемнің ең алғашқы мерекесі әр отбасыға береке, бірлік, мол несібе алып келсін.

Сөз кезегі — ата-аналарға беріледі.